Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының жаңа корпусымен танысты, деп хабарлайды Aqorda.kz-ке сілтеме жасаған aisnews.kz. Жаңа ғимарат Emergency халықаралық стандартына сай салынған әрі триаж жүйесіне сәйкес тәулігіне 500-ден аса науқасты қабылдай алады. Орталықта 26 төсек орынға есептелген реанимация және қарқынды терапия бөлімі, диагностика бөлімі және 4 операция блогы бар. Президентке орталықтың заманауи медициналық аппараттармен жабдықталған диагностика кабинеттері, нәрестелерге арналған қарқынды терапия бөлімшесі және операция бөлмелері таныстырылды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, 1965 жылы негізі қаланған қалалық балалар ауруханасы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті педиатрия кафедрасының клиникалық базасы саналады. Ауруханада тек Алматы қаласының ғана емес,…
Автор: ais_media
Арыста 1 маусым – Балаларды қорғау мерекесіне орай, ең алдымен қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан облыстық ашық турнир өтті. Турнирге Түркістан облысына қарасты барлық аудан-қалалардан ойыншылар қатысып, 3 жас ерекшелегі бойынша бақ сынасты. Шараның ашылу салтанатына Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық қатысып, ұлттық ойынды ұлықтап жүрген спортшыларға сәттілік тіледі. Жүзден жүйрік боп, жүлделі орын алған спортшылар арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды. Балғын балақайлардың мерекесі Арыс қаласында жоғары деңгейде тойланды. Айталық түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылып, спортсүйер қауымға керемет көңіл күй сыйлады. Қалада мереке қарсаңында аула спорты түрлерінен жарыс өтті. Балалар мен жасөспірімдер қатысқан бұл ойын түрі алдымен, Ақынбеков көшесінде орналасқан…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығына барып, тәрбиеленушілерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Балалардың жүзіне күлкі сыйлап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, мекеме аумағын аралап, балалардың жағдайымен танысты. Ал, балалар тәрбиешілермен бірге арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Ән айтып, би билеп бар өнерін ортаға салды. Бүгінде орталық қызметкерлері балғындар үшін отбасылық жайлылық пен жылы атмосфера жасап отыр. Түрлі үйірмелер мен секциялар жас достардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Балалар — біздің басты байлығымыз. Жас ұрпақтың жеке қабілеттерін дамытып,оларға барлық жағдай жасау, өмірін, денсаулығы мен құқығын қорғау — біздің маңызды міндеттеріміздің бірі. Мейрам қарсаңында…
Бүгін Түркістан облысы әкімнің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси және этносаралық ахуал бойынша штаб отырысы өтті. Жиынға ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Талғат Мелдешов, құзырлы орган басшылары мен жауапты басқарманың өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысы Эльмира Жанғазиева және мекеме филиалдарының басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Басқосуда Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, облыс прокурорының прокурорының көмекшісі Дастан Байтеміров, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Арман Қожабаев, Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының бірнші орынбасары Бағлан Айтпаев баяндама жасады. Қоғамдық-саяси және этносаралық ахуал бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырып, алдағы жоспарларды пысықтады. Сонымен қатар түрлі…
Түркістан облысы, Жетісай ауданында 8 тіл білетін жас полиглот тұрады. Оның аты-жөні – Сачиди Шахназ Разандиқызы. Шахназ Түркістан облыстық иран этномәдени бірлестігінің мүшесі. Ол 1999 жылы Абай ауылдық округіне қарасты Жүзімдік ауылында дүниеге келген. Ауылдағы №21 Ю.Гагарин атындағы ЖББМ-де 2017 жылы мектепті тәмамдаған. 2018-2022 жылдар аралығында Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде екі шет тілі мамандығы бойынша білім алған. Шахназ қазіргі таңда сегіз тілді жетік меңгерген. Алты тілді бала кезден өз қызығушылығымен үйренген. Атап айтсақ, қазақ, орыс, өзбек, парсы, түрік, әзербайжан тілдері. Ал ағылшын тілі мен қытай тілін университет қабырғасында оқып жүріп үйренген. 2023-2024 жылдары аралығында «Шабыт» шығармашылық орталығында «Жастар практикасы»…
Шардара қаласы, 4-ші шағын ауданында 2 қабатты 6 тұрғын үйдің құрлысы аяқталып, тұрғын үй кезегінде тұрған жандарға берілді. Тұрғын үйді тапсыру шарасына аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы барып, үйлі болған тұрғындарды құттықтады. «Шардара ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған аудан тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» №736 қаулысына сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұраған әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 100 арендалық тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Ұлттық қор» мен республикалық бюджеттен қаржы қаралды. Ауданның жеке кәсіпкерлері Жалғасбаев Талғат, Бектасов Дәулетбек…
Жаушықұм ауылының 2485 тұрғыны «көгілдір отынмен» қамтылды. Айтулы күннің салтанатты шарасына аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, жаушықұмдықтардың қуанышын бөлісті. «Ең алдымен барша Жаушықұм ауылының тұрғындарын және газдандыру саласына атсалысқан бүкіл азаматтар мен қызметкерлерді құттықтаймын. Бүгінгі таңда, Шардара ауданы бойынша 10 елді мекен мен Шардара қаласындағы 10 шағынаудан табиғи газбен қамтамасыз етілген. Оларда тұратын халық саны – 79 129 адам, аудан тұрғындарының 94% пайызын құрайды. Енді Жаушықұм елді мекеніндегі 2 485 тұрғын табиғи газ көзіне қосылып, жалпы аудан тұрғындарының табиғи газбен қамтылуы 97,1 пайызды құрайды. Сонымен қатар 2024 жылға жоба құны 49,0 млн теңгені құрайтын Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Ақберді елді…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қосағаш елді мекеніндегі 300 орындық жайлы мектебінің құрылысымен танысты. Облыс басшысы мердігермен кездесіп, жұмыс барысын пысықтады. Ұлттық жобаны іске асырудағы проблемаларды талқылады. Құрылыс материалдарымен қамтуға қатысты мәселені талқылады. Құрылысқа жергілікті тұрғындар тартылған. Құрылыс алаңдарына бейнекамералар орнатылып, жұмыс процессі тиісті бақылауға алынған. Бірыңғай стандарт бойынша салынып жатқан жайлы мектептер заманауи технологиялық және инженерлік жабдықтармен, ыңғайлы оқу және корпустық жиһазбен қамтамасыз ету де тапсырылған. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. Жалпы, Төлеби ауданында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында жаңадан 3 мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Достық елді мекеніндегі 900 орындықты, Көксәйекте – 600 орындық, Қосағашта –…
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы Шымкент қаласында қарқынды жалғасуда. Қаладағы барлық аудандар аясында тазалық шаралары жан- жақты жүзеге асырып жатыр. Айталық, қаладағы Абай ауданында бірқатар экологиялық шаралар жүзеге асырылды. Осы аудан пумағындағы Темірлан тас жолында орналасқан скверде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық іс-шарасына жалпы 100-ден астам аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар, еріктілер қатысты. «Тазалық — денсаулық кепілі» деген ұстаныммен өткен іс-шарада ағаш кесу, әктеу, шөп ору, суғару, қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. «Мемлекет басшысы тапсырмасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаннан бері аудан тұрғындары күн сайын өзі тұратын көше бойындағы арықтарды, жол жиектерін қоқыстан тазартып, белсенді қатысуда», — дейді Қызылжар шағынауданының…
В рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» в сквере, расположенном на Темирланском шоссе, была организована уборка. Всего в акции приняли более 100 человек — жителй района, предприниматели, представители интеллигенции, активной молодежи и волонтеры. В уборке сквера проводились работы по побелке, обрезке деревьев, покос травы, полив газона и деревьев, вывоз мусора под лозунгом «Чистота – залог здоровья». «По поручению Главы государства с самого начала экологической акции «Таза Қазақстан» жители района ежедневно принимают активное участие в очистке каналов, арыков и обочин вдоль дорог и улиц, где они живут», — говорит председатель Совета ветеранов микрорайона Кызылжар Бастархан Байжанов. Город – наш общий дом.…