Түркістан облысында “Бір күндік клиника” – атты бірегей жобасы іске қосылып, салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Облыстық N2 перинаталдық орталық базасында ашылған клиникада жүкті әйелдер ерте кезеңде диагностикалық тексеруден өтіп, туа біткен ахауларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. №2 Облыстық перинаталдық орталығының базасында «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы ресми түрде қосылды, онда жүкті әйелдер бір күнде «бір терезе» қағидаты бойынша пренаталдық диагностиканың барлық түрлерінен өтіп, зерттеулердің жылдам әрі дәл нәтижелерін ала алады. Бірінші және маңызды қадам — дәрігерге уақытылы бару және жүкті әйелді жүктіліктің 10 аптасынан кешіктірмей есепке алу, бұл болашақта уақытылы зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді. Пренаталдық диагностиканың екінші қадамы жүкті…
Автор: ais_media
Президент Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда ұйымдастырылған «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне барып, балалармен кездесті, деп хаюбарлайды Aqorda.kz-ке сілтеме жасаған aisnews.kz. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін фестиваль биыл ғылым тақырыбына арналған. Қасым-Жомарт Тоқаев қала оқушыларымен бірге «Science», «Engeneering», «Art», «Technology» және «Mathematics» станцияларын аралап көрді. Квест форматында ұйымдастырылған шарада оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды. Мемлекет басшысы балаларды мерекемен құттықтап, келешек ұрпаққа зор үміт артатынын айтты. Сондай-ақ жеткіншектердің ғылыми ізденісі мен шығармашылығын шыңдауға үлес қосқаны үшін фестиваль ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.
Бүгін, Балаларды қорғау күні мерекесі мен «Бақытты балалық үшін» республикалық акциясына орай, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова Арыс қалалық Орталық ауруханасына барды. Қала басшысы балалар бөлімінде ем қабылдап жатқан бүлдіршіндердің хәл-жағдайын сұрап, мерекемен құттықтады. Олардың тезірек сауығып кетуін тілеп, бүлдіршіндерге ойыншықтар үлестіріп, сый-сияпат жасады. Шаһар басшысы аурухана ұжымымен әңгімелесіп, денсаулық сақтау қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтіп, оларға еңбектері үшін алғыс білдірді. Айта кетейік, қалалық Орталық аурухананың балалар бөлімі бүлдіршіндерге мамандандырылған көмектің барлық түрін көрсетеді. Материалдық-техникалық базамен қамтылған. Аурухана 31 төсек орынға лайықталған. Сондай-ақ, бұл жерде жылына 1500-1800 бала ем алып шығады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айтулы күнде аудан орталықтарында түрлі шаралар өтіп жатыр. Мереке қарсаңында Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылдық округіндегі отбасы үлгісінде жұмыс жасайтын балалар үйі жанынан лагерь ашылды. Демалыс аймағына «Төлеби нұры» атауы берілді. Ашылу салтанатына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, мәслихат депутаттары қатысып, балаларды шуақты мерекемен құттықтап, арман, мақсаттарының орындалуына тілектес екендерін жеткізді. Мерекелік сияпат ретінде аманаттықтар балалардың жазғы сауықтыру лагеріне автоматты кір жуу машиналарын табыстап, балғындарға тәтті сый – балмұздақ үлестірді. Балалардың қуанышымен бөлісуге арнайы келген аудандық мәслихат депутаттары, аудан прокуроры, шекара қызметінің, төтенше жағдайлар департаментінің, әскери бөлімнің, экология…
1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күні. Бүлдіршіндердің асыға күтетін мерекесі Арыс қаласында үш саябақта, және ерекше балаларға арналған орталықтарда ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтті. Бұл күні қалада қоғамдық көліктер 18 жасқа дейінгі балалар үшін тегін қызмет көрсетті. Сондай-ақ демеушілер есебінен балалар қаладағы саябақтарда батуттар, аттракциондар мен карусельдерде тегін ойнады. Қалалық Мәдениет үйінде Өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздардың қатысуымен «Балдәурен 2024» ән байқауы ұйымдастырылды. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова айтулы күнді арыстықтармен бірге ерекше түрде өзіндік сән-салтанатымен атап өтті. «Бақытты балалық үшін» республикалық акциясы аясында өткен мереке ең алдымен Орталық Әл-Фараби алаңынан бастау алды. Мұнда мектеп қабырғасында оқитын өнерлі өрендер сахна төрінде…
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Кентау қаласы Қарнақ ауылында жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Ойын алаңша ауылдың белсенді кәсіпкерлері мен ауыл тұрғындарының демеушілігімен жүзеге асырылуда. Игі шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов пен қалалық маслихат төрағасы Қабылан Елеусізов демеуші болған жандарға алғыс білдіріп, ауыл жастарын және тұрғындарын жаңа ойын нысанының пайдалануға берілуімен құттықтады. Сонымен қатар, қала әкімі белсенді ауыл тұрғындарын ауылдың дамуына қосқан үлестеріне ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттады. – Ауылдың белсенді тұрғындары мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әлі де жыл соңына дейін ауылдағы аулаларға бірнеше ойын алаңшаны салып беру жоспарланған. Осындай игі істер өзге ауылдарға да үлгі болып,…
Келесте 1 мамыр Халықаралық балаларды қорғау мерекесі қарсаңында Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Даму» ерекше балаларды оңалту орталығының 5 жылдық мерейтойы атап өтілді. Салтанатты шараға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысып, бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын мерекемен құттықтады. «Даму» мүгедектер қоғамдық бірлестігі 2018 жылы маусым айында психоневрологиялық, тірек қимыл аппараты параличі, аутизм, тіл даму кедергісі диагноздары бар 30 баламен ашылып, бүгінде 60 бала оңалту қызметтерін алуда. Оның ішінде 12 бала толықтай оңалып, мектепке барды, 17 бала аяққа тұрды, 9 бала тілі шығып, нақты сұраныс жасай алады, 12 бала диагнозы жеңілдетілген сатыға ауысқан. Орталықта білікті мамандар қызмет көрсетеді. Игі шарада…
Бүгін, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Айтулы мерекеге қарсаңында қалалық Ардагерлер үйінде ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған қала әкімінің қайырымдылық дастарханы жайылды. Тағдырдың сынына мойымай, асқақ арманға қанат қаққан қаршадай балаларға арналған шарада шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, ақ тілегін арнады. Балғындардың кіршіксіз көңілдеріне қуаныш сыйлаған шараның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты. Ерекше күтімдегі балалар ән айтып, би билеп өнерлерімен келушілерді тамсандырды. Шара барысында, қаламыздың жаны жомарт кәсіпкерлері және Іскер әйелдер ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге заттай сыйлықтар үлестіріп, тәттілар мен балмұздақ таратып оларды шексіз қуанышқа бөледі. Сонымен қатар, мерекеге орай Арыста орналасқан «Danis» коррекциялық дамыту…
Бүгін 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар 200-ге жуық балаға арнайы қоржындар табысталып, мерекелік көңіл күй сыйланды. Қаладағы Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театрында өткен жиынға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Элмира Бейсенова және балалар мен ата-аналары қатысты. Игі шарада қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы құттықтау тілегін арнап, жылы лебізін білдірді. —Бала жүрегі ана деп, ана жүрегі бала деп соғады. Қазақ қашанда баланы болашағым деп біліп, тәрбиесіне аса мән берген. Ұлтымыздың мәңгі өмір сүруі де балаларымызға байланысты. Бүгінгі балаларды қорғау күнінің де еліміздегі бала құқығының әрқашан бірінші…
Түркістанда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. «Бақытты балалық шақ» мерекелік іс-шарасына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, балалармен бірге көрме мен концерттік бағдарламаны тамашалады. – Балаларға қамқорлық пен толыққанды тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі және басым бағыттарының бірі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында балаларға жағдай жасау, олардың сапалы білім алуына қолдау көрсету туралы үнемі айтып келеді. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Балаларға жағдай жасау үшін облыста денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым бағытында нақты шаралар қолға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде биылғы оқу жылын облыс…