Автор: ais_media

Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Сауран ауданында түрлі спорттық нысандар бой көтеруде. Соның бірі — Шорнақ елді мекенінде құрылысы басталған спорт кешені. Онда бокс, дзюдо, үстел теннисі, баскетбол, еркін күрес, тағы да басқа спорт түрлерімен айналысуға болады. Келушілер мен бапкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Жалпы 1 гектар аумақты қамтитын орталықтың құрылысын «Дос и К сервис» ЖШС-і жүргізуде. Жоспар бойынша нысан 2025 жылы пайдалануға берілмек. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Read More

Сайрам ауданының орталық саябағында 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын мереке қарсаңында «Рәміздер» алаңы жаңа орынға ауыстырылған болатын. Мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесін көтеруге арналған жиынға мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан жастары мен тұрғындары қатысты. Салтанатты жиында алдымен жастар патриоттық әуендерді шырқады, қонақтарды қарсы алды. Бұдан соң аудан әкімі Арман Сәбитов барша қауымды айтулы күнмен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді. – Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігімізді бүкіл әлемге танытушы және мемлекетіміздің жарқын көрінісі. Талай елдің төрінде Әнұранымыз айтылып, көк Туымыз желбіреген Қазақстанды төрткүл дүние таниды…

Read More

Елімізде 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні болып аталып өтеді. Осынау айтулы күні егемендіктің нышаны болған рәміздер насихаталады. Жастарды патриоттыққа баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Түркістан облысының аудан, қалаларында ерекше үрдіс қалыптасып келеді. Мектепті 20-30 жыл бұрын бітірген түлектер туған ауылдарына «Рәміздер» алаңы мен Тутұғыр салып беруде. Бұл жөнінде Мемлекеттік рәміздер күнінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы тоқталып, өңірдің отаншыл азаматтарына ризашылығын білдірді. Былтыр Созақ ауданындағы түлектердің осындай тартуы ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. «Созақ» мектеп гимназиясын 20 жыл бұрын бітірген түлектер ауылға кіре-берістегі саябақ алдына «Рәміздер» алаңын салып берді. 23 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды және Елтаңба мен Қазақстан картасы…

Read More

Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы «Төлеби баба» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай, салтанатты жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі Төлеген Телғараев аудан халқын, тұрғындарды мерекемен құттытап, ел игілігі жолындағы еңбегімен дараланған түрлі сала мамандарына Алғыс хат табыс етті. Ашық аспан аясында өткен мерекелік басқосуда Тәуелсіз мемлекетіміздің Көк байрағы биікке көтеріп, Әнұран шырқалды. Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері патриоттық әндер шырқап, халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілерге құрмет көрсетілді. Мерекеге орай, рәміздер керуенін жолға шығарып салып, аудандық ардагелер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев ақ батасын беріп, әлемдік додаларда Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқала берсін деген тілегін…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде ту көтеру рәсімі өтіп келеді. Бүгін Түркістан қаласындағы «Рәміздер алаңында» 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Мерекелік шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік орган басшылары, зиялы қауым, белгілі спортшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар, қала тұрғындары қатысты. – 1992 жылыТәуелсіз Қазақ елінің рәміздері ресми түрде белгіленіп, 4 маусым – Рәміздер күні болып бекітілді. Баршаңызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік Ту, Әнұран және Елтаңба – тәуелсіздігіміздің дәлелі. Мемлекетіміздің айбары. Ұлтымыздың рухын оятатын рәміздерімізді күллі әлем мойындайды және құрмет көрсетеді. Тәуелсіз Қазақстанның…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Парламенті Сенатының спикеріне ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға жасаған сапары екіжақты парламентаралық байланысты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді. – Біз араб мемлекеттері арасынан, ең алдымен, Мысырмен дипломатиялық қатынас орнаттық. Бүгінде Мысыр – Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі басты серіктестерінің бірі. Сындарлы саяси диалог жолға қойылды. Көптеген екіжақты шарт пен келісім жасалды. Осы қарқынды бәсеңдетпей, ынтымақтастықты нығайта түсу үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Сауда-экономикалық байланыстар екіжақты қарым-қатынастарымыздың басты негізі болуға тиіс. Бұған қос мемлекеттің әлеуеті толық жетеді, – деді Президент. Өз кезегінде Әбделуахаб Әбделразеқ Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің ізгі тілегі мен сәлемін жеткізді. – Біз…

Read More

«Тәуелсіздік» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі мен салтанатты іс-шара өтті. Онда мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталып, жастар мерекелік шеру ұйымдастырды. Жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қала тұрғындары мен жастар қатысты. Мерекелік іс-шарада әуелі Әнұранымыз шырқалды. Көпшілікке  «Елдіктің нышаны болған Елтаңба, Ту, Әнұранның» шығу тарихынан ақпар беріліп, рәміздердің қадір-қасиеті айтылды. Рәміздер алаңынан басталған патриоттық жиын одан әрі жастар шеруіне ұласты. Шеруге 600-ге жуық жас, қаладағы 8 жоғары және орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері қатысты. Олар Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би көшелері бағыты бойынша сап түзеп, рәміздерді насихаттады. Ту ұстаушы жастардың арасында қазақ күресінен әлем чемпионы Марат Байқамұров та болды.…

Read More

Президент Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екеніне назар аударды. – Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз – біздің мақтанышымыз. Спортшыларымыз туымызды талай рет жеңіс тұғырына көтерді. Жақында қазақтың қайсар қыздары Эверестке шықты. Туымыз әлемнің ең биік шыңында тағы…

Read More

Бүгін Түркістанда 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған облыстық патриоттар форумы өтеді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, көпшілікті келе жатқан айтулы күнмен құттықтады. – Халықтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастырып, санасына сіңіру – баршамыздың азаматтық борышымыз ғана емес, басты жауапкершілігіміз. Дәл осы мерекеге орай, дәстүрлі түрде өткізіліп отырған облыстық Патриоттар форумында нағыз үздіктер марапатталғалы тұр. Сіздердің жетістіктеріңіз әрбіріміз үшін зор мақтаныш екені даусыз! Патриотизм – өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі екені барлықтарыңызға белгілі. Мемлекеттік рәміздеріміз өз тұғырынан түспей,…

Read More

Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласының сәулетін жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Шаһардың келбетін одан әрі көркейтуге тұрғындар да өз үлесін қосады. Осыған қатысты қоғамдық талқылау өтеді. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларымен жоба барысын талқылады. Өңір басшысының төрағалығымен облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан және енді жүзеге асатын жобалардың сәулетіне қатысты талқылау өткізілді. Оған сәулетшілер, жауапты басқарма басшылары, қала әкімдігі мен өзге де мекемелерден өкілдер қатысты. Түркістанның бірыңғай қайталанбас сәулет стилі бар. Салынып жатқан жаңа нысандар мен тұрғын үйлердің қасбеттері белгіленген талапқа сай бой көтеруде. Жеке кәсіпкерлерден тұрғын үйлер мен инвестициялық…

Read More