Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 873 мың гектарға егілді. Оның ішінде жаздық дақылдар – 497 мың гектар, күздік егіс – 202 мың гектар, ескі жоңышқа 175 мың гектарға егілген. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданына барып, осы саладағы жұмыстарды бақылады. «Қазығұрт Агро» ЖШС-нің егіс алқабын аралап, бидай ору барысын көрді, шаруалармен, сала басшыларымен пікір алмасты, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. Егістік басында Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов пен Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың есептері мен баяндамалары тыңдалды. «Қазығұрт Агро» ЖШС-нің басшысы Ержан Көбеев биылғы жұмыстары туралы айтып берді. 483 гектар…
Автор: ais_media
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасындағы жұмыс сапарын Сиань қаласында жалғастырды. Ұлы Жібек жолының бастауы саналатын Шэньси провинциясында 47 миллионнан астам халық тұрады. Сиань қаласы Қытайдың рухани және мәдени астанасы саналады. Сапар аясында облыс әкімі Шэньси провинциясы партия комитетінің хатшысы Чжао Идэмен кездесті. Онда Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. Маңызды құжатта тараптар өңір арасындағы өзара түсіністік пен бауырластықты нығайту, тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіреді. Сондай-ақ өңіраралық келісім бойынша екі жақ дамуды ынталандыру мақсатында сауда, ғылым мен техника, гуманитарлық алмасу, логистика, инфрақұрылым…
2024 жылдың 6 айында Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 549,4 млн. АҚШ долларын құраған. Былтырғы жылмен салыстырғанда тауар айналым көрсеткіші 80,1 млн. АҚШ долларына көбейген. Өңірдің негізгі сауда серіктестерінің көшін Өзбекстан елі бастаса, Түркіменстан екінші орында. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Тұрысов брифингте мәлімдеді, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. «Облыстан негізі экпортталатын тауарлар қатарында мақта, ет, көкөніс және қант өнімдері бар. Ал, импорт құрылымында негізгі көрсеткіштерді көкөніс, жеміс-жидек пен автокөлік бөлшектері құрап отыр»- деді департамент басшысының орынбасары. Сонымен қатар, спикер кедендік бақылау бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жайында да айтты. Осы жылдың 6…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған ресми және іскерлік делегациясының Қытайға жұмыс сапары аясында достық қарым-қатынас және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі конференциясына қатысты, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. Бизнес-форумда екі елдің кәсіпкерлері арасында B2B форматында кездесулер өтті. Сапар нәтижесінде Түркістан облысы мен Қытай тауар өндірушілері екіжақты байланысты дамытып, бірлескен жобалар ашып, тәжірибемен бөліседі. Басқосуда жаңа жобалар таныстырылып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бизнесін таныстырған барлық кәсіпкерлерге алғыс айтқан Дархан Амангелдіұлы әр инвестормен жеке жұмыс істейтінін жеткізді. Мұндай кездесулердің жаңа жобаларды іске асыруға жол ашатын айтып, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мен іскерлік серіктестігінің дамуын үлгі етті. Облыс әкімі инвесторлар үшін…
Қытай Халық Республикасы Шэньси провинциясының Вэйнань қаласындағы жұмыс сапары барысында Түркістан облысының делегациясы аймақтағы ірі өнеркәсіп орындарын аралады. Түркістан облысының әкімдігі мен Қытайдағы Қазақстан елшілігі және Бас консулдық бірлесе ұйымдастырған кездесулер жалғасты. Бағдарлама бойынша облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация мен Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев іс-шараларға қатысты, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. Жұмыс тобы мен түркістандық кәсіпкерлер Қытайдағы ең ірі ұн өндіретін компанияның жұмысымен танысты. Компания жоғары сапалы бидайдан күніне 70 мың тонна, жылына 27 млн тонна ұн шығарады. 35 жыл тарихы бар өндіріс алыбы дүние жүзі бойынша алдыңғы қатардағы ұн өндіру компаниясы болып…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. Түркістан облысы мен Қытай арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Осымен екінші рет ұйымдастырылған жұмыс сапарында облыс делегациясы бірнеше провинция мен қалаларындағы алпауыт компаниялардың жұмысымен танысады. Жергілікті билік басшыларымен екіжақты байланысты нығайту, әріптестік туралы меморандумға қол қою көзделген. Облыс әкімі тың жобаларды жүзеге асыру, ІТ саласында тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласын дамытуда білім жетілдіру, озық технологиямен қамту, терең өңдеу бойынша, білім, мәдениет, туризм, Түркістандағы әуежайдың логистикалық әлеуетін пайдалану, әуе рейсін ашу және өзге де мәселелерде әріптестік орнатуға келіссөздер жүргізеді. Басты мақсат – халықаралық…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған ресми және іскерлік делегациясының сапары аясында Қытайдың Сиань қаласында Бас консулдықтың қолдауымен бауырлас қалалалардың кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда-экономикалық форум өтті. Бизнес-форумда екі елдің 80-нен астам кәсіпорын өкілі арасында B2B форматында екіжақты кездесулер өткізді, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. Бизнес-делегациясының құрамында білім, денсаулық сақтау, IT, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру салаларының өкілдері болды. Бетпе-бет жүздесіп, бизнес бастауға арнайы жиналған барлық кәсіпкерлерге алғыс айтқан Дархан Амангелдіұлы әр бизнес бастаушымен жеке жұмыс істейтінін жеткізді. Мұндай кездесулердің жаңа жобаларды іске асыруға жол ашатын айтып, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мен іскерлік серіктестігінің дамуын үлгі етті. Облыс…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасындағы жұмыс сапарын Ухань қаласында жалғастырды. Хубэй өлкесіне қарайтын бұл аймақ елдің ең ірі экономикалық орталықтардың бірі және орталық Қытайдың ең ірі ауылшаруашылық провинцияларының бірі. 60 миллионнан астам халқы бар Хубэй мақта өндірісінде көш бастап тұр, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. Сапар аясында облыс әкімі Хубэй провинциясының губернаторы Ван Чжэнпумен кездесіп, бауырластық меморандумына қол қойды. Құжат өңір арасындағы өзара түсіністік пен бауырластықты нығайту, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты қамтиды. Кездесу басында Дархан Амангелдіұлы ҚХР-ға жұмыс сапары барысында облыстық делегацияға көрсетілген меймандостық пен жылы қабылдаулар үшін Хубэй провинциясының губернаторына алғысын білдіріп,…
4 июня общественность города Шымкента, как и всего Казахстана, отметила День Государственных символов страны. В парке «Независимости» состоялось торжественное мероприятие и церемония поднятия флага Казахстана. В мероприятии приняли участие представители интеллигенции, ветераны, жители города и молодежь. На мероприятии прозвучал гимн Казахстана, был поднят флаг нашей страны. Присутствующим рассказали историю происхождения герба, флага и гимна страны. Государственные символы – это один из неотъемлемых атрибутов любого государства, олицетворяющих его идентичность и суверенитет. Сегодня государственные символы нашей страны получили широкое признание во всем мире, в том числе, благодаря спортивным победам он не раз поднимался на многих международных турнирах. Присутствующий на мероприятии ветеран труда,…
Бүгін Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев және өзге де құқық қорғау органдарының басшылары, аудан, қала әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 4 мәселе талқыланды. Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен оған бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысын талқылау және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасалды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Нұрлан Құдайбергенов саладағы өзекті мәселелерді…