Автор: ais_media

Астанада «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесі өтті. Биыл 7-ші рет өтіп жатқан кеңеске Қытайдың өнеркәсіп саласындағы алпауыт компаниялары қатысты. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің өзара іскерлік байланысы екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайта түсуде, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. Бүгінде Қазақстан-Қытай іскерлік Кеңесі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бизнес-топтарының өкілдері үшін диалог алаңы, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралына айналған. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, маңызды келіссөздер жүргізді. Іс-шара қорытындысы бойынша қытайлық бизнесмендермен жалпы құны 1 млрд. 615 млн…

Read More

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мемлекеттік жастар саясатын облыс көлемінде жүзеге асырылуы бойынша аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары басшыларымен мәжіліс өтті. Кездесу барысында биылғы жылдың 6 айда атқарылған және алда атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. Облыс әкімінің орынбасары жастарды мемлекеттік бағдарламамен қамту, жас кәсіпкерлерді қолдау, «Кәсіптік бағдар беру» бойынша облыс жастарына насихаттау жұмыстарын жандандыру, «Серпін» бағдарламасын насихаттау, өңіріміздегі жастар саясатын дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында жұмыстарды күшейтуді тапсырды. –Жастар – еліміздің болашағы. Ел ертеңі – жастардың қолында. Аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарында біршама жұмыстар атқарылды. Әсіресе, жұмыс жүргізу барысында басты басымдық жастарды…

Read More

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейтуге басымдық берілген. Осы бағытта жан-жақты жұмыс жүруде. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірдегі индустриалды аймақтар мен «Turan» арнайы экономикалық аймағын инфрақұрылыммен қамту, жаңа кәсіпорындар ашу мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. – Өңірдің дамуы өндіріс орындарының ашылуымен тікелей байланысты. Нақты тапсырмалар берілген. Индустриалды аймақтардың жұмысын жандандыра алмаған басшыларға тиісті шара көріледі. Болмайды былай, әрекет етіңіздер. Инвесторлар тартыңыздар. Инфрақұрылымын жетілдіріңіздер. Нақты жоспар, ұсыныстар, жүйелі жұмыс қажет, – деді Дархан Сатыбалды. Мәжілісте Түркістан…

Read More

Мемлекет басшының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тапсырмасын орындау аясында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, Қытай Халық Республикасынан келген инвестициялық жоба жетекшілермен кездесті. Кездесуде аудан әкімі, ауданның экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық екенін айтып, инвестиция тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілу қажет екендігін алға тартты. Кездесу барысында Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлар басшыға аудан аумағынан зауыт ашуға ниетті екендіктерін жеткізді. Аудан басшысы тарапынан инвесторларға: -Көкөніс сақтау қоймасын салу; -Жүн-тері өңдейтін; -Қатты тұрмыстық заттарды қайта өңдеу зауытын салу бойынша тиісті ұсыныстарды айтты, сондай-ақ біздің аймақ Түркменстан, Тәжікстан, Израйль, Араб тіпті Африка елдерінің қақпасы болып түрған үлкен дәріз екендігін атап өтті.. — Аудан…

Read More

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен ауданда іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті сала және дербес бөлімдердің басшылары, инвестициялық жобалардың иелері қатысты. Отырысты аудан әкімі ашып, инвестициялық штабтың негізгі мақсатына тоқталды. Яғни, штаб инвестициялық жобаларды іске асыруда әкімшілік кедергілердің орын алуына жол бермеуді, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуді, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктерін дер кезінде ақпараттандыруды және оны пайдалануда жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететіндігін айтты. Штаб отырысының күн тәртібіне сәйкес инвестициялық жобалардың иелері тыңдалды.…

Read More

Жыл басынан бері Түркістан облысы аумағында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 11 дерегі анықталған. Ал облыстың барлық аудан, қалаларында жалпы 272 рейдтік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 218 жүк көлігі айыптұраққа қойылып, 19 110 900 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен Түркістан облысы аумағындағы жер қойнауын пайдану мәселелері бойынша мәжілісте мәлім болды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. Жиынға Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Жер қатынастары басқармасы мен Облыстық полиция департаменті, Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы және облыс бойынша Экология департаментінің басшылық құрамы қатысты. Сондай-ақ аудан қала әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары онлайн байланыс арқылы қатысты. Жалпы…

Read More

Бүгін Түркістанда халықты жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құру, аз қамтылған отбасылар санын азайтып, кәсіпке баулу мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға жұмыспен қамту басқармасының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Баяндамалар мен есептер тыңдалды. Халықты жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелер мен кедейлік көрсеткішін төмендету шаралары кеңінен талқыланған жиналыста облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де ширата түсу керектігін ескертті, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. – Биыл бекітілген индикатордың толық орындалуын қамтамасыз ету қажет. Аудан, қала әкімдігіндегі жауаптыларға «Өңірлік жұмыспен қамту картасында» көрсетілген межелерге қол жеткізуді тапсырамын. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтудағы және мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында анықталған…

Read More

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев пен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының директоры Серікболсын Сандыбаев Қырғызстанда өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің туристік кеңес отырысына қатысты, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. Кеңес барысында туризм саласындағы жаңа тенденциялар, ТМД құрамына кіретін мемлекеттер арасында бірлескен халықаралық туристік іс-шаралар ұйымдастырып, күнтізбе жасау, 2025 жылға жұмыс жоспары және ТМД елдерінің туристік индустрия қауымдастығы мен бірлескен жұмыс алаңын құру мәселелері талқыланды. Кеңестің мақсаты – мемлекеттік органдар, ұлттық және өңірлік туристік ұйымдар, фирмалар, кәсіпорындар және халықаралық туристік ұйымдар арасында туризм саласындағы тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастықты…

Read More

Түркістан облысында мәдениет пен туризм салаларын дамытуға күш салынған. Бұл бағытта шетел тәжірибесін пайдаланып, инвесторлар тартуға да басымдық берілген. Өңір экономикасын қарқынды дамыту үшін ұзармерзімді инвестиция құятындарға қолайлы жағдай жасалады. Өнеркәсіпті дамыту – ортақ міндет. Түркістан облысында жаңа инновациялық кәсіпорындар пайда болуы қажет. Еліміздің экономикасына инвестиция салу үшін шетелдік капиталды тарту маңызды, содан кейін өнім экспортқа кетеді. Осыны мақсат еткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытайға жұмыс сапарын Чжэнчжоу қаласында жалғастырды. Айта кетейік, былтыр Түркістан қаласы пен Чжэнчжоу қалалары арасындағы әріптестікті, байланысты нығайту жөніндегі меморандумға қол қойылған. Хэнань өлкесіне қарайтын бұл аймақ қытай ұлтының алтын бесігі, тарихи және мәдени ошағы…

Read More

Түркістан облысының делегациясын басқарған өңір басшысы Дархан Сатыбалды Қытай еліне жұмыс сапары аясында Хэнань провинциясының вице-губернаторы Чжан Миньмен кездесіп, достық меморандумына қол қойды. Құжат өңір арасындағы өзара түсіністік пен бауырластықты нығайту, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты қамтиды, , деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. Кездесу басында Дархан Амангелдіұлы ҚХР-ға жұмыс сапары барысында облыстық делегацияға көрсетілген қонақжайлылық пен жылы қабылдаулар үшін Хэнань провинциясының басшылығына алғыс айтып, өңіраралық ынтымақтастық орнатудың маңызына тоқталды. Тараптар екі жаққа тиімді жобаларды жүзеге асыруға келісті. – Түркістан облысы үлкен инвестициялық, сондай-ақ туристік әлеуетке ие. Облыс арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа…

Read More