Автор: ais_media

Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда халықты жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құру, аз қамтылған отбасылар санын азайтып, табысын арттыру шаралары жүйелі жүргізіліп келеді. Биыл өңір тұрғындары арасында жұмыссыздық деңгейін 4,9%-дан, кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау көзделеді. Өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықты тұрақты жұмыспен қамту шаралары қарқын алғаны белгілі. Бұл бағытта биыл облыс әкімінің ұйытқы болуымен 118,9 мың жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітілді. Яғни, өңір тұрғындары арасынан 108 мың адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, ал қалған 3,7 мың тұрғын ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналаса алады, оған қоса грант және шағын несие беру бойынша жұмыстар…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасындағы жұмыс сапары аясында 20-дан астам меморандумға қол қойылып, маңызды келіссөздер жүргізілді. Облыс әкімі Бейжің қаласының іскер топтарының өкілдерімен G2B форматта маңызды кездесулер өткізді. Онда құрылыс, ауыл шаруашылығы, өндіріс, жиһаз өнеркәсібі және басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық талқыланды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. Кездесудің негізгі мақсаты – Түркістан өңірінде өндірісті дамытуға жеке инвестициялар тартуға, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын сапалы және заманауи техникамен қамтамасыз етуге және отандық өндірісті дамыту саласында сындарлы өзара іс-әрекетті жолға қоюға ықпал ету. Бүгінгі күндегі отбасылық бизнес – бүкіл әлемге…

Read More

Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы өндіріс орындарын аралап, инсвестициялық жобалардың директорларымен кездесті. Аудан басшысы алдымен «ЗАРЕЧНОЕ» бірлескен кәсіпорны АҚ-ның Темір өндірістік базасында болып, өндіріс орнының жұмыс барысын аралап көрді. Аралау кезінде бас директор Қанат Нұржанов уранды жерасты ұңғылап шаймалау әдісі арқылы өндіру технологиясын дамыту бағытындағы жоспарларымен бөлісті. Аудан әкімі өндірісте ең басты мақсат қоршаған ортаның тазалығы мен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау екенін айтып, экологиялық қауіпсіздік шараларын басты назарда ұстау керектігін атап өтті. Мұнан соң аудандағы «Шәуілдір» күн электр станциясының жұмысымен танысты. Италияның «Plenitude» компаниясының инвестициясы есебінен салынған бұл маңызды нысан – аталған компанияның Қазақстан Республикасы аумағындағы алғашқы күн электр…

Read More

Отырар ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінде кәсіпкерлер балық өсіруді арнайы жасанды көлдерден бөлек үй жайында ұстаудың тиімді мүмкіндіктерін меңгерген. Балық өсіру кәсібін қолға алған кәсіпкердің бірі «Ақмарал» балық шаруашылығының төрағасы Бауыржан Тұрарұлы. Арыс елдімекенінің тұрғыны үй ауласына балық өсіруге арналған бассейнді орналастырып, өз кәсібін бастаған. Қазіргі таңда 5000 балық шабақтарын өсіріп отырған кәсіпкер өз шаруашылығын одан әрі дамытуды мақсат етіп отыр. Кәсіпкердің шаруашылығында болып алдағы жоспарларымен танысқан аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы балық шаруашылығын дамытудың тиімді жақтарын айтып, қажет болған жағдайда мемлекеттік қолдауларды пайдалану арқылы шаруашылықты дамытуға болатынын жеткізді. Балық шаруашылығын дамытуға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. «Ауыл Аманаты» жобасы халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер беретін жоба. Отырарда кәсіп ашуды мақсат еткен ауыл азаматтары «Ауыл аманаты» жобасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болып, жобаның игілігін көруде. Мәселен, Отырар ауылындағы «Ғабит» шаруашылығының иесі А.Сыздықова бағдарлама аясында 7 млн.теңге жеңілдетілген несие алып, 12 бас мүйізді ірі қара сатып алған. Бүгінде «Зеңгі баба» тұқымын дамытуды мақсат еткен кәсіпкер мал…

Read More

Негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласына тікелей байланысты Жетісай ауданында шаруалардың егінінің бітік шыққаны, қырманның өнімге толғаны аса маңызды. Ол үшін өнімге дер кезінде ағын су мен минералды тыңайтқыштардың жеткізіліп, күтіп-баптау жұмыстары да уақытылы жүргізілуі тиіс. Аудан шаруаларының жазғы вегетациялық маусымда ағын судан тапшылық көрмеуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» машиналық әдіспен су көтеру каналында болып, биылғы дайындық жұмыстарымен танысты. Алдағы уақыттарда кездесуі ықтимал кедергілер мен қиындықтарды талқылап, алдын алу шараларын сөз етті. Айта кетейік, өткен жылы ағын су лимиті 663 млн текше метрді құраған ауданның шаруалары нақты 542,592 млн текше метр су алған. Оның…

Read More

Сарыағаш ауданда екі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы Арман Абдуллаев жаңа оқу жылына дайындық аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Жартытөбе ауылдық округінде орналасқан Б.Гафуров атындағы №35 жалпы білім беретін мектебінің, сонымен қатар, Дербісек ауылдық округіндегі Елшібек батыр атындағы №22 жалпы білім беретін мектептеріне арнайы барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі aisnews.kz. Мердігер мекеме мамандары өкілдерімен бірге ауданның білім бөлімінің басшысы Д. Ақатов жөндеу жұмыстары туралы баяндады. Білім ордасының жаңа оқу жылына дайындығын пысықтаған аудан әкімі күні бүгінге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарын саралады. Жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтап, жаңа оқу жылына дейін барлық шаруа…

Read More

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында биылғы жылдың жоспарына сәйкес 410 азаматқа әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жоспарланып, нәтижесінде өтінім қалдырған 382 азамат 10 айлық мерзімге жұмысқа жолданды. Аталған әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Сонымен қатар жалақыны жұмыс беруші белгілейді. Жалақының 35%-ын мемлекет субсидиялайды, сомасы 20 АЕК мөлшерінен аспауы қажет. Қалған соманы жұмыс беруші өзі төлейді. Ал, үкіметтік емес ұйымдар құрған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдар үшін жалақының белгіленген мөлшерінің 70%-ын мемлекет өтейді. Оның да сомасы 20 АЕК мөлшерінен аспайды. Биыл Сарыағаш ауданының тұрғыны І. Сембиев мырза әлеуметтік жұмыс орындарына өтінім қалдырып, мамыр айынан бастап аталған бағдарлама…

Read More

Ауыл Қазақстан халқының арқа тірер сүйеніші, тіпті тмірқазығы десек те болады. Ауылдың құт берекесі жайлы, жұрттың өзегін талдырмас өзектілгі жайлы, халықтың өсіп-өніп өркен жаятын, өркениетке жететін түп тамыры екенін айтып келеміз. Қалда тұрып, әлемдік өркениетке аяқ басқанымызбен, ауылдан алыстап ешқайда кетпейтініміз анық. Сол үшін де атақты «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы іске қосылған болатын. Ауылды жерлерді жаңартып, әлеуметтік негізін жақсарту мақсатында «Ауыл — ел бесігі» жобасы басталған болатын. Аталған бағдарлама қолға алынғаннан бері еліміздің түкпір-түкпірінде ауылдарды жаңарту жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Осы жоба аясында қаншама жолдар салынды, қаншама үйлер тұрғызылды… Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы…

Read More

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алқа мәжілісі өтті. Маңызды жиынға денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлері, басқарма қызметкерлері, сала мамандары қатысты. Жиынды Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев жүргізіп отырды. Денсаулық сақтау саласының түрлі бағыттарына жауапты басшыларының баяндамалары мен есептері тыңдалды. Кемшіліктер мен проблемалар ашық айтылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бас дәрігерлер мен сала жетекшілеріне халықтың денсаулығын сақтау бағытындағы жұмысты күшейтуді, жүйелеуді тапсырды. – Ана мен бала денсаулығына қатысты мәселелер кейбір аудандарда жиі қайталануда. Оның сыры мен себебі неде? Басқарма тарапынан жіті талдау жасалып, мамандар себебін анықтауы қажет. Екіншіден, көрсеткіші төмен медицина мекемелерін білікті мамандармен қамтуға көңіл бөлінсін.…

Read More