Автор: ais_media

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант қарапайым азаматтарға, әлеуметтік осал топтағы жандарға көптеген мүмкіндіктер тудырып жатқаны анық. Бұл жоба аясында соңғы жылдары Қазығұрт ауданында жаңа бизнесін бастағандардың саны жыл санап артып келеді. Дегенмен, қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, мемлекет тарапынан берілген қаржыны мақсатсыз жұмсап жүрген жандар да жоқ емес. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында, 2023 жылы грант иегерлері атанып қайтарымсыз 1 млн 380 мың теңге мемлекеттен көмек алған кәсіпкерлердің жұмысын көру үшін Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов арнайы іссапармен Қызылқия ауыл округіне барды. Жұмыс сапары барысында грант иегері, ІІІ топ мүгедек санатындағы жеке кәсіпкер Нұрлан Қосақбаевтың «Ерекше балаларды түзету» кабинетінде болып,…

Read More

Қазігі таңда ақпараттық және инновациялық технологиялар жаңарған сайын салық жүйесіндегі бақылау мен әкімшілдендіруді жетілдірілуге байланысты өзгерістер де күн санап дамып келеді. Сондықтан да салық төлеушілерге қойылатын талаптарға байланысты бірқатар өзгерістер тәжірибеге енгізілуде. Соның бірі – сауда орындарында автоматты түрде мәліметтер беру функциясы бар бақылау-кассалық машинасын орнату. Бұл талап – салықтан жалтаруға жол бермейтін және салықтық есептілікті дер кезінде жүргізіп отыруға мүмкіндік беретін тиімді тетік. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Сәуле Шырынбекова брифингте мәлімдеді. «Жалпы бақылау-кассалық машина аппараттарын қолдану — салық жүйесін ретке келтіріп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға өз пайдасын тигізеді. Сондықтан сауда орындарында мұндай аппараттарды…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты әр Жолдауында: «Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық. Инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл –Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі»,-деп атап өтті. Осы мақсатта бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданға инвестиция тарту бойынша Қытай Халық Республикасынан келген инвестициялық жоба жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында «Shaanxi Foreign Economic and Trade Group Co., Ltd.»компаниясының жекетшісі аудан әкіміне аудан аумағынан көкөніс сақтау қоймасын салуға ниетті екендерін жеткізді. Аудан басшысы тарапынан инвесторларға: — Екі ел арасындағы ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие. Кез келген жоба, ең алдымен, қарапайым халыққа тиімді болуы керек.…

Read More

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған «Ауыл Аманаты» жобасының 2024 жылғы жоспарын талқылау бойынша жиын өтті. Жиынға тиісті сала басшылары, бірқатар ауылдық округ әкімдері, Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өкілдері мен өндірістік кооператив басшылары қатысты. Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев аталған тақырып төңірегінде баяндама жасады. Атап айтқанда, Сайрам ауданы бойынша «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 2024 жылға пилоттық жобаға қатысу үшін арнайы скриниг жүргізіліп, нәтижесімен Манкент, Қарамұрт, Қарасу және Арыс ауылдық округтері ұсынылғанын жеткізді. Бұдан бөлек, олардың бекітілген бағыттарына тоқталды. Яғни, Манкент ауылында «Таза Өнім 2024» атауымен (балық, құс және тұрғындардың өз кәсібін…

Read More

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында жиһаз өндірісі салалық кеңесінің отырысы өтті. Түркістандық жиһаз өндіруші кәсіпкерлердің басқосуында шетелдік көрмелерге қатысу кезіндегі шығындардың өтелуі, «Expo Mebel Astana» жиһаз, фурнитура, қаптама материалдары мен жабдықтар көрмесі және «Show room» жобасы тақырыбындағы мәселелер талқыланды. Жиһаз өнеркәсібіне инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Өткен жылы осы өңірдің жиһаз өнеркәсібіне 13,2 млрд теңге инвестиция салынып, республикалық көрсеткіштің 76,8 пайызын құрады. Облыс аумағындағы кәсіпкерлердің шетелдік көрмелерге қатысуға кететін шығыны шамамен 20-30 млн. теңге екенін ескерсек, бұл тек ірі кәсіпорындарға ғана қолжетімді болып отыр. Кәсіпкерлер өз өнімін шетелдік көрмеге шығарғысы келгенімен, қомақты қаржы шығару артық шығын.…

Read More

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Түркістан облысы аумағындағы 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, елді мекендерде жаңадан 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт салынады. Нысандардың құрылысын биыл аяқтау көзделуде. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жауапты сала басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары және мердігер мекеме өкілдерімен бірге Ұлттық пилоттық жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтады. Жұмыс барысын бақылап, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма міндеттеді. – Бұл жоба – Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Әлеуметтік нысандардың құрылыс сапасына аса ден қою қажет. Ел игілігі үшін жұмысты абыроймен атқарыңыздар. Жұмыс белгіленген кестеге сай, мерзімінде…

Read More

Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалған. Мемлекет тарапынан қолдау да бар. Облысқа қарасты аудан, қалаларда жыл сайын отбасылық кәсіппен айналысатын азаматтар қатары көбеюде. Төлеби ауданында инвестициялық жобалардың саны артып келеді. Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік саласын дамыту үшін инвестиция тартуды көздеген кәсіпкерлермен кездесіп, инвест жобаларымен танысты. Аудандағы Зертас ауылдық округінде жеке кәсіпкер «AZIA MILK» маркасымен сүт-тауарлы фермасы жобасын іске қоспақ. Кәсіп иесі елді мекен шегіндегі 10 гектар аумаққа Израиль технологиясы негізінде ферма ашуды көздеп отыр. Тауарлы сүт фермасы аумағында 1 200 бас ірі қара малға арналған және жем-шөп жинайтын орын, сүт өнімдерін дайындайтын…

Read More

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың жұмысымен танысу және оларды қолдау мақсатында арнайы Қазығұрт ауыл округінде орналасқан 2 кәсіпкерлік нысанға барды. Оның бірі Пернекүл Исакованың «AISARA» авто ательесі болса, екіншісі Сапаркүл Сайлауқызының «Тігін техникасын дамыту» орталығы. Қос кәсіпкер де 2023 жылы жаңа бизнес-идеяға берілетін 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грантты иемденіп, кәсібін бастаған. Қазіргі таңда бірі автокөліктердің ішкі бөлігіне арналған заттар тігумен айналысса, екіншісі түрлі заманауи киім-кешектер мен ауданымыздың бишілер тобына арнайы костюмдер тігуді қолға алған. Бұл кәсіпкерлердің қолынан…

Read More

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалада орналасқан тұңғыш тұқымбақ аумағы айтарлықтай ұлғайып, бүгінде мұнда 100 мыңнан астам көшет өсірілуде. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тікелей бастамасымен құрылған тұқымбақтың аумағы қазіргі таңда 1 гектарға жуықтады. Мұнда 9 түрлі ағаш көшеттері өсірілуде. Барлық көшеттер жергілікті жерде өскен талдардың ұрықтарынан алынған. Бұл тәсіл жергілікті экожүйенің ерекшеліктерін ескере отырып, өсімдіктердің жақсы өсуіне және бейімделуіне мүмкіндік береді. «Тұқымбақта өсірілетін көшеттердің сапасын және санын арттыру үшін заманауи тамшылатып суғару жүйесі орнаттық. Бұл жүйе суды үнемдеуге және өсімдіктердің қажетті ылғалдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Және суды тікелей өсімдік тамырына жеткізу нәтижесінде өсімдіктердің өсуі мен дамуы айтарлықтай жақсарады»,…

Read More

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жұмыс сапарымен Қарақоңыр ауыл округіне барды. Іс-сапар барысында алдымен Бестораңғыл ауылындағы «Шәуілдір бас тоспасын» көріп, мамандармен шаруаларға ағын су жеткізу мәселесін талқылады. Аудан басшысы Бадам және Қара аспаннан келетін болжамдық су көлемін бақылауға алып, қажет кезінде шаруаларға су жеткізуді реттеп отыруды жауапты сала мамандарына тапсырды. Мұнан соң аудан әкімі «Green Farm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылығында болып, заманауи технологияның игілігін көрген кәсіпкермен кездесті. Шаруашылық төрағасы Сейітжаппар Ахмет 10 гектар жерге жаңбырлатып суғару техгологиясын қолдану арқылы арпа, бидай еккен. Бүгінде шаруа дайын өнімді жинап алып, орнына мал азығына қажетті түркиялық «Пи» және «Сорго» жоңышқа сортын егіп…

Read More