Автор: ais_media

Кентаудағы Жылу энерго орталығының қазандықтарын жөндеу, жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Стратегиялық маңызы бар нысанның құрылысы қатаң бақылауға алынған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жексенбі күні кезекті рет Кентаудағы Жылу энерго орталығына барып, құрылыс барысын қадағалады. Мердігерлердің есептерін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Одан кейін дәстүргей сай Жылу энерго орталығында жиналыс өткізді. Жұмыстар сараланып, кемшіліктер айтылды Жиынға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, мердігер компания басшылығы мен жауаптылардың есептері тыңдалды. Жұмысты жылдамдату жөнінде тапсырма берілді. Сонымен бірге әрбір қазандық сапалы болуы тиіс екені тағы да ескертілді. Айта кетейік, Кентаудағы Жылу энерго орталығында жыл басынан бері «ЭМ-холдинг» ЖШС «Қазандықтарды реконструкциялау» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын…

Read More

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Бәйдібек ауданына іссапармен барды. Сапар барысында Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Кенжебаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Маханбетов және аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиевпен бірге бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Алдымен Ақбастау ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Биылғы жұмыстарға 200 000 000 теңге бөлінген. Мектептің қуаттылығы – 1200-ге жуық. Жауаптылар және мердігермен кездесіп, нысанның күрделі жөндеу жұмыстарының баяу жүріп жатқанын ескертті. Жөндеу жұмысының сапалы жүргізілуі қатаң бақылауда екендігін айтып, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Одан соң Тұрақты елді мекеніндегі ағымдағы жөндеуден өткен Ж.Жүнісбеков жалпы орта мектебін аралап көрді. 150…

Read More

Бүгін Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында жаңа зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жаңа жобаны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарға сәттілік тіледі. – Өндіріс орындарын ашу, жұмыс орындарын көбейту – негізгі бағытымыз. Түркістан облысында осы салаға назар аударылып, тиісті жұмыс жүруде. Инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, маңызды келісімдер жасалып жатыр. Бүгін іргетасы қаланған зауыт та өңірдің әлеуетін көтеруге серпін береді деген ойдамын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Дархан Сатыбалды. «PSI Machinery» компаниясының директоры Павел Беклемишев жобамен таныстырды. «PSI Machinery» компаниясының бұл зауытыда тау-кен ісіне және құрылыстың өзге де салаларына бағыталған ауыр құрылғылар, жүк көліктері мен техникаларға…

Read More

Бәйдібек ауданындағы пайдалы қазбаларды зерттеп, анықтап, соған сай жаңа өндіріс орындарын ашу керек. Бұл ретте, ауданның әлеуеті жоғары. Инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамыту маңызды. Бүгін Түркістан облсыныңы әкімі Дархан Сатыбалдының Бәйдібек тұрғындарымен кездесуінде осындай ойлар, ұсыныстар айтылды. Тұрғындар тарапынан мәселелер көтеріліп, тиісті жауаптар берілді. – Біз мемлекеттік бюджет есебінен инфрақұрылымды жақсартамыз. Бірақ әр ауднның өзіндік табысы, кірісі молаюы керек. Ол үшін өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту аса маңызды. Ауданның әлеуеті өте жоғары. Ізденіс, талпыныс, ниет қажет. Мемлекет басшысы өндірісті дамыту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, су үнемдеу технологияларын енгізуді тапсырды. Осыған орай өңірімізде су үнмедеу технологияларын шығаратын зауыттар ашылып…

Read More

Ордабасы ауданында 2024 жылдың 6 ай ішінде 3 инвестициялық жоба іске қосылды. Жалпы құны 4,2 миллиард теңгені құрайтын бұл өнеркәсіп орталықтарында 533 жаңа жұмыс орны ашылған. Аудан эконономикасына айтарлықтай үлес қосуға қауқарлы жобалар қатарында «JNRAY Group» компаниясының тігін фабрикасы, «Borte Engineering» компаниясының тамақ өнеркәсібіне арналған өндірістік техникалық жабдықтар шығару фабрикасы мен «Бөрте милка» компаниясының сауын сиыр басын 400 басқа, сүт зауытының қуаттылығын тәулігіне 10 тоннаға ұлғайту жобалары бар. Бадам елді мекенінде биыл сәуір айында ашылған «JNRAY Group» ЖШС-ң тігін фабрикасы тәулігіне 500 дана өнім алуға қауқарлы. Жалпы құны — 1 миллиард 300 миллион теңге. Бүгінде фабрика өнімдері облыс көлемінде ғана…

Read More

Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіне қарасты Оңтүстік елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Құдабек Ақылбеков 50 соттық үйіргелік жеріне танқурайдың «Атлант» түрін еккен. Аталған сорт түрінің ерекшелігі — жемістері ірі әрі мол өнім береді. Салмағы 5 грамнан асатын жидектердің тәтті және шырынды дәмі бар. Жаңа піскенде жеуге, сондай-ақ өңдеуге және мұздатуға жарамды. Шаруа өнімдерін елді мекендегі сауда орындарына өткізуде. Бұған қоса, тосаптар, мармелад мен табиғи шырындар дайындайды. Арнайы кондитерлік өнім дайындайтын кәсіпорындарға өткізіп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Піскен таңқурайды теруге көршілері, ауыл тұрғындары да көмек беріп, күнделікті 40 келі өнім жинауда. Айта кетейік, өңірдің топырақты-климаттық жағдайы бүлдірген мен таңқурай секілді түрлі жеміс-жидектерді…

Read More

Ақмола облысында Түркістан өңірінің агротуризм және экотуризм бағыты бойынша мүмкіндіктері таныстырылды. «Jana dala/Green day 2024» атты мамандандырылған көрме-демонстрациясы Ақкөл ауданында екі күн қатарынан өтті. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, АҚШ, Франция, Германия елшілері және Қазақстан мен шетелдің 200-ден астам компаниясының өкілдері қатысты. Бірінші күні ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды. Іс-шараның екінші күнінде арнайы киіз үйлер тігіліп, әр аймақтың агросала және туризм саласындағы әлеуеттері таныстырылды. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының Бас директоры Серік Сандыбаев ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевқа киіз үйде орналасқан агротуризм саласындағы өнімдерді таныстырды. Түркістан облысынан консерві өнімдері,…

Read More

Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, 2,4 км3 су көлемін қамтамасыз ету үшін 20 су қоймасын салу көзделген. Мемлекеттік меншікте болатынын су қоймаларының алғашқысының құрылысы Түркістан облысында басталды. Бәйдібек ауданындағы «Бәйдібек ата» су қоймасы тау суын жинап, ұлғайған егістік алқаптарды ағын сумен қамтуға, Бөген өзенінен қосымша 153 млн м3 су қамтуға мүмкіндік береді. 68 млн м3 су сиятын жобаның құны –15,7 млрд теңге. Дамбаның ұзындығы – 4,2 шақырым. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды стратегиялық маңызды нысанның құрылысымен танысты. «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы» жобасын іске асыруға 2024-2026 жылдарға республикалық бюджеттен 5 млрд теңге бөлу көзделген. Жоба…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданынына жұмыс сапарында Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысын қадағалады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептің тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы. Құрылысты «Тамыз құрылыс ББК» ЖШС мекемесі жүргізуде. Мектептің құрылысы былтыр тамыз айында басталған, биыл мектепті толықтай тапсыру көзделген. Учаскенің жалпы ауданы 2,8 гектар жерді құрайды. Ал ғимараттың жалпы ауданы – 5 700,0 шаршы метр. Облыс әкімі мердігер мен осы салаға жауапты азаматтарға жұмысты жеделдету жөнінде тапсырма берді. Туындаған мәселелерді дер кезінде шешуді ескертті. Бұл мектеп өзге білім ұяларына үлгі болып, оқушылар мен ұстаздарға жағдай жасалуы керектігін жеткізді. Мектепті білікті…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен және тапсырмасымен көршілес елдердің мақта өсіретін инвесторларымен келіссөздер жүргізіліп, қолайлы келісімдер жасалғаны белгілі. Осыған байланысты мақта-тоқыма кластерімен айналысатын өзбекстандық ең ірі компаниялардың бірі – «Global textile» компаниясы 2023 жылдан бастап Қазақстанның Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының нарығында жұмыс істеуге кірісті. Биыл екінші жыл қатарынан аудан әкімдігімен бірлесе отырып сапасына кепілдік берілген мақта тұқымын шаруаларға таратып, ол үшін заң аясында қажетті келісім-шарттар жасалды. Аталған компания Мақтаарал ауданында 3 мың гектарға жуық жерге өзбекстандық «Наманган» тұқым сортын жеткізіп, күзге қарай аталған сорттардың мақта талшығын сатып алуды жоспарлап отыр. Жуырда «Global textile» компаниясының өкілдері қуанышты жаңалықты бөлісті. Мақтаарал…

Read More