«Ордабасы Құс» ЖШС күркетауық фабрикасы 2010 жылы іске қосылған. Республиканың агроөнеркәсіп саласындағы күркетауық етінің өндірісі бойынша алғашқы жоба болып тіркелген фабрикада бүгінгі таңда 100-ден аса өнім түрі өндіріледі. Жылына 8,1 тонна күркетауық етін, 3,5 тонна шұжық өнімін дайындайды. Өндіріс орны қауіпсіздік, технологиялар және ветеринария жағынан барлық халықаралық стандарттарға сай келеді. Жоғары технологиялы жабдықтар Бельгия, АҚШ, Израиль, Испания, Дания, Беларусь, Ресей мен Қытайдан әкелінген. Аталған жабдықтар энергетикалық және еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Онда өндірістік цикл толық қамтылған. Фабрикада инкубаторда құс өсіріліп қана қоймай, толыққанды құрама жем өндіретін, құс соятын, етті тереңдете өңдейтін, қалдықтарды өңдейтін өндірістер жолға қойылған. Ордабасы ауданының мақтанышына…
Автор: ais_media
Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытовтың төрағалығымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы талқыланған аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде негізгі мәселелер ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2024 жылғы І жартыжылдық қорытындысы мен «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысы, игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланса, су үнемдеу технологиясы бойынша жаңа жобалардың жүзеге асырылуы мен жылыту маусымына дайындық жұмыстары қосымша мәселе ретінде қаралды. Салаға жауапты басшылардың баяндамалары тыңдалды. Нақтырақ айтар болсақ, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев алғашқы 6 айда…
Түркістан облысында, әсіресе, облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың сәулеті қала кейіпіне сай болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиын барысында облыстағы сәулеттік жобалар жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үй кешендері мен коммерциялық нысандардың қасбеті, аулаларды абаттандыру, көше бойына салынатын саябақ дизайны қаралды. «Қолөнершілер орталығы» мен «Күлтебе қалашығы» жобасы пысықталып, ұсыныстар айтылды. Өңір басшысы әрбір нысанның құрылысы талапқа сай әрі сәнді жүргізілуі тиіс екенін ескертті. – Түркістан қаласының өзіндік келбеті қалыптасқан. Нысандардың сәулеттік жобалары талапқа сай болуы тиіс. Әрбір құрылысты зерделеңіздер. Құрылыстың тарихи нысандарға зияны келмеуі басты назарға алынсын. Әрбір нысанға жауапты…
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023-2029 жылдар аралығындағы кезеңде 3,3 млн қазақстандықты, оның ішінде кемінде 2,3 млн жастар санатындағы азаматтарды жұмыспен қамту бойынша мақсатты жұмыстар қолға алынғаны белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған міндеттер шеңберінде «AMANAT» партиясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе жастарды нәтижелі жұмыспен қамтуға бағдарланған «Жастарға жұмыс» жобасын іске асыру бойынша іс-қимыл жоспарын қабылдап бекітті. Жоспарлы көрсеткіштерді нақтылы орындауда партияның Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасының маңызды тармағы ретінде «Сапалы жұмыс орындарын ашу» және «Жастар үшін мүмкіндіктер» кешенді іс-шараларының индикаторлық көрсеткіштері белгіленіп, олардың орындалуы өңірдегі аманаттық өкілдердің тұрақты назарына алынды. Жоғары және орта арнаулы оқу…
Бүгін Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында сауда нарығындағы танымал «Қалдыбай ата» аралас заттар желісінің жаңа сауда орталығы ашылды. Жаңа орталықтың ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков шараға жиналған қонақтар мен тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтап, сөз сөйледі. — Өндірісі дамыған ауданымызда кәсіпкерлік саласы да қарқын алып келеді. Жыл сайын аудан кәсіпкерлері өз кәсібін жандандырып, көп жұмыстар атқарылуда. Бүгінде аудан орталығының өзінен бірнеше кәсіпкерлік нысандар бой көтеруде. Жаңадан салынып жатқан жаңа нысандар ауданның ажарын аша түсері анық. Аудан кәсіпкерлерінің бастаған кәсібі дамып, жаңа орталық халық игілігіне қызмет етеді деп сенеміз. Барлығыңызды жаңа нысанның ашылуымен құттықтаймын,– деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.…
Түркістан облысында егін алқаптарының көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Бұл – өңірде мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуының нәтижесі. Биыл Сауран ауданы бойынша 43 798 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде, астық дақылдар 4288 гектарды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,7%-ға артып отыр. Бүгінде аудан көлемінде астық дақылдарының 87%, яғни, 3734 гектар жерге егілген бидай орылды. Орташа өнімділігі 30 центнерді құрады. Нәтижесінде, 12 480 тонна өнім жиналды. Осылайша, диқандар шілде айының соңына дейін астықты толығымен орып, 15 мың тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Шаруалар жиналған өнімнің бір бөлігін 2025 жылы егілетін астық дақылдарының тұқымына қалдырмақ. Қалған бөлігін мал…
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші болып қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ә.Әуелбеков қаладағы білім мекемелерінің 2024-2025 оқу жылында газдандыру жұмыстарының барысы туралы баяндама жасады. Жалпы, Кентау қалалық білім беру бөліміне қарасты мемлекеттік 40 білім нысаны бар. Оның ішінде 28 мектеп, 32 балабақша, 3 мектептен тыс мекеме бар. Мемлекеттік мектептің 23-і де типтік үлгідегі ғимаратта орналасқан. Осы сәтке дейін, орталықтандырылған жылу жүйесіне – 26 мекеме қосылса, автономды — 14 мекеме шағын қазандықпен жылытылады. 2023 жылы – 2 мектептің жылыту қазандықтары қатты отыннан табиғи газға ауыстырылған. Олар: «Д.Қонаев» атындағы мектеп…
Бүгін жастарды жұмыспен қамту мақсатта «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалы және аудандық Мансап орталығы бірлесіп аудан жастарына еңбек жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмекңкеде «AMANAT» партиясының өкілі «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы «Аманат» партиясы еңбек және халықты қорғау министрлігімен бірге жастарды нәтижелі жұмыспен қамтығу бағытталған «Жастарға жұмыс» жобасын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіткенін, аталған жоба шеңберінде еліміздің барлық жастарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру, жылдың мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдікпен несие беру, тау-кен өнеркәсібінде жаңадан 2 мың жұмыс орнын ашу, жастарды ірі кәсіпорындарда тағылымдамадан өткізу сынды жұмыстар атқарылуда екенін айтып өтті. Бүгінгі жәрмеңкегеде «Жастар практикасына», «Алғашқы жұмыс» бағдарламасымен…
Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту — бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп. Ол үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге мол мүмкіндік берілуде. Осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Бұл қуанарлық жәйт. Себебі, жұмыссыздар саны азайып, жұмыс көзі ашылуда. Осыған дейін қарашықтық жиһаз өндірісімен айналысатын кәсіпкерлерге арнайы 10 гектар жер берілгендігі жөнінде айтқан болатынбыз. Түрлі бағытты қолға алған кәсіпкерлер өздерінің үйіргелік жерлерінде өз жұмыстарын жасап келген. Ендігі кезекте олар Қарашық ауылдық округінен берілген индустриалды аймақта цехтарының құрылысын бастайтын болды. Кездесуде…
Бүгін Түркістан Халықаралық әуежайына арнайы жүк ұшағы келіп қонды. Алғашқы рейсін орындаған жүк ұшағы «Alpha Sky» ЖШС-на тиесілі. 30 тоннаға дейін жүк тасуға қауқарлы әуекомпанияның 3 жүк ұшағы бар. Бүгінде компания Гонконг, БАӘ, Қытай, Түркия мен Еуропа елдері бағытында ұшуды жоспарлап отыр. Айта керейік, бұған дейін облыс орталығындағы әуежайға «Ыстамбұл-Түркістан» бағытындағы «Turkish Cargo» әуекомпаниясының ұшақтары да жұмысын бастаған болатын. Олар алғашқы сапарында 37 тонна жүкті Италияның Рим қаласынан тиеп, «Ыстамбұл-Түркістан», «Түркістан-Қытай» бағытына тасымалдаған болатын. Түркістан халықаралық әуежайы – Қазақстанның жаңа тарихындағы алғаш жаңа жерде жобаланған, салынған және пайдалануға берілген әуе айлағы. Әуежай қаладан шығысқа қарай 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Түркістан…