Түркістан облысында 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 551 млрд 576,8 млн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға өскендігін көрсетіп отыр. Атап айтар болсақ, өңірде тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі — 3,1%-ға, өңдеу өнеркәсібінде — 11,2%-ға, электр энергиясымен, газбен, ыстық сумен жабдықтауда – 12,4%-ға өсім байқалған. Сонымен қатар, облыста жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 212 млрд 714,6 млн теңгеге жеткен. 2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,3%-ға өскен. Сондай-ақ, өңірдегі құрылыс саласында да өсім байқалады. Қаңтар-маусым айларында құрылыс көлемі 181 млрд 53,5 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,8%-ға артқан.…
Автор: ais_media
Түркістан облысының қолайлы ауа-райы ауыл шарушашылығы өнімдерін жыл бойы өсіруге мүмкіндік береді. Өңір халқы да ауыл шаруағашылығына машықтанған. 2024 жылдың 6 айдағы көрсеткіші бойынша ауыл шаруашылығы саласында оң өсім байқалады. Түркістан облысында жыл басынан бері өнім көлемі 216,9 млрд теңгені құрап, өсім 107,1%-ға жетті. Бұл – республикада жоғарғы көрсеткіш. 578,5 мың тонна ет және сүт өнімі жиналды. Нәтижесінде мал шаруашылығының өнім көлемі 171,2 млрд теңгені құрап, өсім 106,9% көрсетті. Оның ішінде, 139% – Сайрам ауданының, 132% – Қазығұрт ауданының, 125% – Кентау қаласының үлесінде. Облысқа қарасты елді мекендерде егін алқаптарының аумағы ұлғайып келеді. Өнім көлемі де артқан. Биыл 23,6 мың…
Жаз мезгілінде су айдындарында жазатайым оқиғалар көптеп тіркеледі. Осы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында бүгін Ордабасы ауданына қарасты Бөген елді мекені, «Бөген» су қоймасы бойынан коммуналдық жағажай ашылды. Шараға Түркістан облысының ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник А. Ержанов пен департаменттің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор О.Дүйсен қатысты. Аталған жағажайда адамдардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ету үшін құтқарушылар, алғашқы медициналық көмек көрсету бекеті және қоғамдық тәртіпті сақтау бекеттері де құрылды. Биыл Түркістан облысының аумағында 36 (оның ішінде 19 коммуналдық болса 17 жекеменшік жағажай) қауіпсіз демалыс орны жұмыс істеп тұр. Барлығында дерлік демалушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Осы орайда, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті…
Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Turkistan hub «Жасанды Интеллект: Бүгінгі әлемді өзгертетін болашақ технологиялар» туралы workshop өткізді. Бұл шеберлік сағатына 20-ға жуық адам қатысты. Мастер класта жасанды интеллект арқылы чат-бот жасау, трендпен жұмыс, жасанд интеллект арқылы шетел тілдерін жаттау туралы толық түсіндірілді. Сонымен қатар мастер класс соңында сұрақ-жауап ойындары болып, түрлі сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, бұған дейін telegram-ның шексіз мүмкіндіктері туралы воркшоп көптің қызығушылығын тудырған болатын. Ендігі кезек, шетелге оқуға түсу жолдарын түсіндіретін кездесу өткізу жоспарлануда.
Демографиясы жоғары Түркістан облысында мектеп тапшылығын жою бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен және қолдауымен аймақтағы күрделі және ағымдағы жөндеуді қажет ететін білім ұяларының, жаңа мектептер қажет елді мекендердің тізімі әзірленіп, мәселені шешу бойынша нақты шаралар қолға алынған. 2024 жылы облыста балабақша, мектеп, колледж, лагерь жалпы 300-ден аса білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Бұндай ауқымды жұмыс өңір тарихында болмаған. Еліміз бойынша білім нысаны ең көп салынып жатқан өңір – Түркістан. Бүгінде жергілікті бюджеттен 20 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 13-і пайдалануға беріледі. 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» жобасы аясында 63 мектеп салу көзделген. Оның…
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов кезекті кездесуін қалаға қарасты Байылдыр ауылында жалғастырды. Алдымен ауылдағы ісін жаңа бастауға бет алған шаруақожалықтың жұмыс барысымен танысты. Шаруақожалық қора-жай салуды бастаған. Ол жерге жылқы өсіріп, ет өнімімен айналысуды қолға алмақ. Кәсіп иесі шаруашылық орналасқан аймаққа жол мен электр жарығының қажеттілігін сұрады. Қала басшысы ол бойынша ауыл әкіміне жоспарын жасап, жүзеге асыру бойынша жобаға енгізуді тапсырды. Ауылдың әлеуетін көтеруге бағыттайтын шаруашылықтарға барынша қолдау көрсетуіміз қажет деді. Ашық аспан аясында ауыл тұрғындарымен кездесіп, өтініш-талаптарын тыңдады. Тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты бірқатар мәселе көтерілді. Одан бөлек жол және ауылға газ әкелу жайы да қозғалды. Қала әкімі Жандос…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен аудандағы игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімінің өкімі негізінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары секторы тарапынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жер учаскелеріне түгендеу жүргізілген. Нәтижесінде, ауыл шаруашылық мақсатындағы игерілмеген жер учаскелерінің көлемі 351,6 га құрап, жер иелеріне Түркістан облысының жер ресурстарының басқару департаменті тарапынан тексеру тағайындау хабарламалары берілген. Соның нәтижесінде, 5 азамат 18,2 га жерді өз еркімен мемлекет меншігіне…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, кездесулер өткізді. Сапар барысында Зұлпыхар Жолдасов «Henan Civil Aviation Development & Investment Group» (КХР) бас директорының орынбасары Цяо Ченмен кездесіп, облысқа инвестиция тарту, Түркістан халықаралық әуежайының әлеуетін ұлғайту, халықаралық әуе рейстері және туризм саласын дамыту бойынша мемлекетаралық келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылады. 100 млн халқы бар Хэнань провинциясына биыл Қытайдан және шетелдерден 120 млн турист келеді деп жоспарланған. Henan Civil Aviation Development & Investment Co.Ltd (HNCA Group) компаниясы – Хэнань провинциясының авиация саласының дамуын жеделдетуге жауап беретін, авиациялық компанияларды қайта…
Түркістан облысында қуаты 1000 мвт-қа жететін бу-газ қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Самұрық-Қазына» «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесіп, осы маңыздың жүзеге асырылу барысын талқылады. Өңір басшысы бұл жобаға әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетілетінін жеткізді. «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірге басқа да жобаларды талқылауға дайын екенін жеткізді. – Энергетикалық қауіпсіздік – маңызды мәселе. Облысымызда құрылыс басталған бу-газ қондырғысына үлкен үміт артылып отыр. Жобаның уақтылы әрі сапалы жүзеге асуына мүдделіміз және толық қолдау көрсетеміз, – деді Дархан Сатыбалды. «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы бу-газ электр станциясы құрылысының қазіргі жай-күйін баяндады. Бүгінде жер жұмыстары аяқталып келеді. – Құрылыс барысын бақылап, көріп…
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту жұмыстарына басымдық беріліп, осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрақты түрде Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарына төрағалық етіп, осы саладағы мәселелерді бақылауда ұстап отыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің инвесторларымен тұрақты түрде келіссөз жүруде. Нәтижесінде инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарынан табылып жүр. Жыл басынан бері Түркістан облысының негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 420,8 млрд теңгені құрады. Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге артқан. Оның ішінде, 344,3 млрд теңге немесе 80%-дан астамы – жеке инвестиция құрайды. Өңір капиталына салынған инвестициялардың басым үлесі Түркістан қаласы (35,2%) және Созақ (15,4%),…