Автор: ais_media

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы ауылшаруашылық саласына бейім өңір. Бүгін де ауылдағы шаруа қожалықтар жазғы өнімдерін жинай бастады. Соның бірі бірнеше жыл қатарынан мол өнім жинап келген «Тажиддин ата» шаруа қожалығы. Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын қарқынды бау-бақшада алманың бес түрлі отырғызылған. Аталған қожалық 2016 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Арнайы алма өсіруге бағытталған бау-бақшаға жаздық алманың 3 түрінен 4 мың көшеті егілсе, күзгі алманың 2 түрінен 6 мың түп ағаш отырғызылған. Кәсіпкер отбасы мүшелерінен бөлек, басқа да ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Шаруа қожалық иесі биылдың өзінде 100 тоннадан аса өнім алуды көздеп отыр. Болашақта жер көлемін 20 гектарға…

Read More

Шардара ауданында 500 адамды жұмыспен қамтитын жүгері өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде. Өндіріс орны 2025 жылы толық іске қосылып, облыс аумағында ғана емес республика көлемінде танымал өнім шығаруға ниетті. Аудандағы индустриалды аймақта бой көтеріп жатқан «Казкрахмал» ЖШС-ға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. «Бізге қазірден тәжірибелі мамандарды даярлау қажет. Зауыт іске қосылғанға дейін жұмыс істеуге ниетті жандарды ақылы түрде тәжірибеден өткізіп, Жаркент ауданындағы «Казкрахмал» зауытында жұмыс істеп, тәжірибе жинауға шақырудамыз»- деді зауыт өкілі Руслан Каримұлы. Зауыт жобасымен танысқан өңір басшысы Арман Романұлы өндіріс орнына әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімі тиісті сала мамандарымен бірге…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған делегация Вьетнамға іссапармен барды. «VinGroup» компаниясының төрағасы Фам Ньят Выонгпен кездесіп, туристік, экономикалық байланыстар бойынша талқылау өткізді. Делегация Түркістанға халықаралық туристер ағынын тарту, Түркістан әуежайының әлеуетін арттырып, Түркістан-Вьетнам әуе рейсінің ашылуына, ішкі және сыртқы туризмді дамыта отырып, өңір экономикасын көтеруді мақсат етіп отыр. Іссапар барысында облыс әкімдігінің делегациясы «SOVICO Group» Басқарма Төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен энергетика және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары,«Petrovietnam» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Хоанг Куок Выонгпен энергетика және мұнай-газ химиясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. 1990 жылдары негізі қаланған «SOVICO Group» – Вьетнамдағы энергетика, құрылыс, банк…

Read More

Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылының іргесіндегі «Болыс ата» шаруа қожалығында болып, өнім көлемімен танысты. Қожалық төрағасымен тілдесіп, мемлекет тарапынан шаруаларға берілетін жеңілдіктер жөнінде ұсынысын тыңдады. Аудан басшысы ол бойынша жауапты мамандарға тапсырма жүктеп, өз бақылауына алатынын жеткізді. Қожалық төрағасы Шәріпжан Рысметов көкөніс, бақша және жоңышқа дақылдарымен таныстырды. Өнімінің көлемі мен онда орнатылған жаңбырлатып суғару қондырғысының тиімділігіне айрықша тоқталды. Биылғы жылы «Болыс ата» шаруа қожалығы 15 гектар аумаққа жүгері, қауын-қарбыз, картошка, асқабақ, жоңышқа сынды дақылдарды өсіруде. Өнімінің алғышқы бөлігін сатылымға шығарып, халыққа қол жетімді бағада ұсынуда. Айта кетейік, биыл Созақ ауылдық округінің өзінде жалпы егілген егіс көлемі 2459…

Read More

Бүгін Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңірдегі ауылдық округ әкімдерінің облыстық форумы жұмысын бастады. Форумның ресми бөлігі басталғанға дейін, жиынға қатысушы ауыл әкімдеріне партияның әкімдер корпусымен ынтымақтаса атқаратын жұмыс бағыттары бойынша семинар болып өтті. Семинарда «AMANAT» партиясының беделіне айналған, сайлаушылардың кең қолдауына ие болған «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларын іске асыруда ауыл әкімдері тарапынан жиі қойылатын сауалдар талқыланып, аталған бағдарламаларды нақтылы жүзеге асырудың тетіктері мен талаптары түсіндірілді. «Ауыл аманаты» бағдарламасының шеңберінде ауыл тұрғындарының табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құруда егін, мал, құс және балық шаруашылықтарының қызметін жолға қою, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің техникалық…

Read More

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Созақ ауданында да шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға тұрақты қолдау көрсетіліп, кәсіпкерлік нысандардың саны күн сайын арта түсуде. Жыл басынан бері 75 жаңа кәсіпкерлік субъектісі ашылып, жалпы саны 4 593-ке жетті. 6853 адам шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылған. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылына барып, онда өз жұмысын жаңадан бастаған «ИП Әлібеков» жиһаз шығаратын цехының жұмыс барысымен танысты. Еске сала кетсек, бұл жобаны жеке кәсіпкер Әлібеков Жәдігер аудан басшысымен бірге Қытай Халық Республикасына жасаған сапарында қолға алып, жаңа технологияларды игеруде тәжірибе жинақтаған. Бүгінде Қытай Халық Республикасынан жұмысқа…

Read More

Түркістан облысы «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асырудан көш бастап тұр. Өзге мемлекеттік бағдарламалар мен бизнеске арналған жеңілдіктер де тиімді қолданылуда. Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыс жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алып, қаржылай қолдау тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған азаматтардың кәсібімен танысты. Алдымен аудан басшысы мемлекеттік грант алып, сүт өнімдерін саудалаумен айналысып жатқан Құркелес ауылдық округінің тұрғыны Құндыз Иргашеваның жұмысымен танысты. Көпбалалы ана сүт өнімдерін дамытуды мақсат тұтып, ағымдағы жылдың маусым айында мемлекеттік грант алып, асыл тұқымды түйе сатып алған. Бүгінде үй іргесінде шұбат…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік инвестормен кездесті. Кездесуде екіжақты әріптестікті нығайту, жиһаз өндірісін дамыту, бірлескен кәсіпорын ашу жөнінде келіссөз жүргізілді. – Түркі әлемінің астанасы – Түркістан қаласына қош келдіңіздер. Сіздерді Біздің облыста көргеніме шын жүректен қуаныштымын. Өздеріңізге белгілі, биыл 6-13 шілде аралығында Қытай Халық Республикасына іссапармен барған болатынбыз. Іссапар аясында 3 провинция губернаторларымен кездесу өткізіліп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланып, меморандумдарға қол қойылды. Міне, сол келіссөздер нақты іске ұласып отыр. Өңірімізде жиһаз кластері дамып келе жатыр. Өңірде жиһаз өнеркәсібінде 100-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірілері өнімдерді Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға және Тәжікстанға экспорттайды. Бірлескен…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс кестесіне сәйкес өңірдегі барлық аудан, қаланы аралап шығып, халықпен кездесті. Биылғы қорытынды кездесу Ордабасы ауданында өтті. Үш жүздің басы қосылған тарихи мекенде бәтуәлі ойлар айтылды. Өңір басшысы өндірісті дамыту, кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу негізгі бағыттар екенін тағы да айтты. Аудан әкімі мен басқарма басшыларына осы бағытта жұмысты күшейтуді тапсырды. – Ауданның мәселесін талқылау үшін кездесуге арнайы келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Атқарылған жұмыстар ғана емес, кемшіліктер, алдағы жоспарлар да айтылады. Біз өңіріміздің инфрақұрылымын жақсарту, елдің әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жүргізудеміз. Оның ішінде Ордабасы ауданына да тиісті назар аударылған. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында…

Read More

Түркістан өңірінде өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Маңызды жобалар жүзеге асуда. Бүгін Ордабасы ауданында жаңа зауыттың капсуласын салу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысты. Аудандағы «CENTRAL ASIA ALUMINUM» зауытының құрылыс алаңында болған облыс әкімі алюминий профильдерін өндіру жобасының жүзеге асырылу барысын көрді. Инвестормен кездесіп, пікір алмасты. Жаңа зауыт құрылыс жұмысы аяқталған соң келесі жылы алғашқы өнімін шығаруды жоспарлап отыр. – Инвестициялық жобаларға тұрақты қолдау көрсетіледі. Ешқандай кедергі жоқ. Жұмыс орындарын ашу – маңызды іс. Бұл зауыт та өңір экономикасының дамуына үлес қосады деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды. Алюминий профильдерін шығаратын зауыттың құрылысы басталып кетті.…

Read More