Қазіргі уақытта теріскейлік шаруалар арпа дақылдарын орып, жиын-терін науқанын бастады. Осы ретте, Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Жон бойындағы егіс алқабтарын аралап, шаруа қожалық жетекшілерімен кездесті. Онда жаңадан алынған ауыл шаруашылық техникаларын көріп, биылғы жылғы өнімнің көлемімен танысты. Сондай-ақ жерді тиімді пайдалану жайы сөз болды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz. «АманжолШ» шаруа қожалығы биылғы жылы 40 гектарға бидай өнімін, 200 гектар алқапқа арпа дақылдарын ексе, «Әйгерім» шаруа қожалығы 30 гектар алқапқа арпа және бидай дақылдарын еккен. Аталған қожалық төрағалары өткен жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5 пайыздық несиеге қол жеткізіп, 14 млн 500 мың теңгеден Донг-Фенг…
Автор: ais_media
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның кезекті апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz. Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Онда облыс және аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Сайлау, ауыл шаруашылығы бөлімінің 6 айда атқарған жұмыстары туралы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бекзат Абубакиров баяндама жасады. Сонымен қатар, аудан әкімінің жеке қабылдауларының орындалу барысы туралы аудан әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мөлдір Темірхан,…
Түркістан облысында бюджет қаржысын тиімді жұмсау және үнемдеудің нәтижесінде білім беру нысандарының инфрақұрылымы жақсарып жатыр. Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде білім саласындағы түйткілдер тарқатылып, орта білім беру ұйымдарының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарының барысы талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды білім нысандарын жаңа оқу жылына даярлау, оқушылар қауіпсіздігін сақтау, білім саласындағы инфрақұрылымды жақсарту жұмыстарын жандандыра түсуді тапсырды. – Жөндеу жүргізіліп жатқан мектептер 1 қыркүйекте толық дайын болуы тиіс. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын тұрақты қадағалаңыздар. Мердігерлермен тиісті жұмыс жүргізілсін. Проблемасы бар нысандарды аудан, қала әкімдері де зерделеп, тұрақты бақылауға алсын. Жұмыстар уақтылы аяқталуы керек. Білім ұяларының қазандықтарын газға ауыстыру, қауіпсіздігін нығайту,…
Биыл Түркістан облысындағы автомобиль жолдарын жақсартуға бюджеттен 37,6 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 1100,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер немесе 244 нысанды қамту жоспарланып отыр. Жыл қорытындысымен 546,6 шақырым болатын 149 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат жиынында облыс бойынша 2024 жылға жоспарланған автомобиль жолдары саласын дамытудың орындалу барысы туралы баяндалды. Облыс басшысы сапаны назарда ұстамаған, жұмыс барысында орын алған кемшіліктерді қалпына келтірмеген аудан, қала басшылары мен жауапты тұлғаларды сынға алып, тиісті тапсырмалар берді. – Жол жөндеу жұмыстары уақтылы әрі талапқа сай жүргізілуі тиіс. Аудан, қала әкімдері мен «Қазавтожол»…
«ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймақта 6 кәсіпорында 132 бос жұмыс орындары бар. Олар: 1. «Azala Textile» ЖШС тоқыма фабрикасы – 25 тігінші, 3 оператор, 3 приборлар және автоматика инженері, 1 химия дайындаушы; 2. «Бона Файд Групп» ЖШС киім өндірісі – 6 тігінші, 1 жабушы (ер адам); 3. «Sagitex Group» ЖШС іш киім өндірісі – 6 тігінші, 3 ораушы, 1 жабушы, 1 жабушының көмекшісі, 1 киім дизайнері, 2 үтіктеуші, 1 сауда өкілі, 1 сату менеджері; 4. «Назар Текстиль» ЖШС кілем өндірісі – 1 жүргізуші (Д категориясы), 20 тоқымашы оператор, 5 дизайнер; 5. «ARNATEX» ЖШС синтепон өндірісі – 1 бас есепші, 1 кеңсе…
Үкіметте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде 2026 жылға дейін 740 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 217 мектеп бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Ұлттық жобаны іске асыру кезінде білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Талаптардың қатарында заманауи техникалық құралдарды енгізу арқылы қауіпсіздік шараларын арттыру, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін кедергісіз орта құру және мектептерді заманауи пәндік…
Алматыда байдарка мен каноэде есуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Түрлі бағдарламалар бойынша 21 алтын, 15 күміс және 21 қола медаль жеңіп алған Түркістан облысының командасы бірінші орынға ие болды. 15 алтын, 17 күміс және 9 қола жүлдемен Шымкент қомандасы екінші орынға ие болса, Қарағанды облысының командасы жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Айта кетейік, жарысқа еліміздің 12 облысынан ескек есу шеберлері қатысты. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Париж Олимпиадасында бокстан ерлер арасында 63,5 келі салмақта алғашқы жекпе-жектер өтті. Ұлттық құрама өкілі, Түркістан облысының спортшысы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бірінші айналымда испан былғары қолғап шебері Ойер Ибареччені жеңді. Қарсыласқа еш мүмкіндік қалдырмады. Енді отандасымыз 1/8 кезеңде Тайпей боксшысымен күш сынасады. Айта кетейік, Париж Олимпиадасына Түркістан облысынан 5 спортшы қатысып жатыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Олимпиада чемпионы атанды. Ол дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада Чемпионы болды. 60 келі салмақта қазақ палуаны финалда кілем қожайыны франциялық Лука Мхелидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті. Осылайша спорттық мансабындағы үшінші олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды. Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміспен күптелген. Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштікті түйіндеген. Ал бүгін Елдос өміріндегі басты белдесуде бар шеберлігін паш етті. Елдосты және барлық қазақ халқын көптен күткен алтын…
Бүгін, 27 шілдеде Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы «Ордабасы» индустриялық аймағының аумағында техникалық газ күкірті тұтанып, өрт басталды. Өрт «KMG Supple Company» ЖШС-інің ашық алаңында сақталып тұрған күкірт қаптарын шарпыған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков оқиға орнында. Өртті жою үшін Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылды: 84 қызметкер және 22 бірлік техника өртті сөндіру үшін жұмыс істеп жатыр. Өртке оранған күкірт Шымкент мұнай өңдеу зауытынан шыққан. Тараздағы «Қазфосфат» ЖШС-інің минералды тыңайтқыштар зауытына тасымалдануы тиіс болған. Өртті жоюға Орталық Медициналық комитет (3 қызметкер және 1 техника бірлігі), жергілікті атқарушы органдар (4 қызметкер), санитарлық-эпидемиологиялық қызмет (2…