Қазақстан құрамасының боксшысы, Түркістан өңірінің өрені Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады. Бұл жекпе-жекті Түркістан жастары мен тұрғындары амфитеатрда тікелей эфирде тамашалады. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бастаған түркістандық жанкүйерлер спортшымызға қолдау көрсетті. 51 келі салмақта бақ сынаған Бибосынов бірінші кездесуде 2024 жылғы Еуропа чемпионы, талантты Самет Гумушпен (Түркия) кездесті. Отандасымыз барлық раунда өте шебер жұдырықтасты. Алғашқы раундта 4:1 есебімен алға шықты. Екінші раундта ол басымдықты толық қолға алып, 5:0 есебімен жеңді. Үшінші раундта да Сәкен соққыларын дәл тигізді. Осылайша, Айтжановтың шәкірті айқын жеңіске жетті. Бибосыновтың ширек финалдағы қарсыласы да анықталды. Ол – өзбекстандық Хасанбой Дусматов. Қос мықтының…
Автор: ais_media
Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы ауданның дамуы бойынша 2024 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс жайлы баспасөз брифингінде баяндады. 220,7 мың халқы бар, 36 300 гектар жерді алып жатқан Шымқаланың бесінші ауданында 39 357 жеке үй, 544 көп қабатты үй және 597 көше бар. Аудан халқы 2026 жылы 100 пайыз таза сумен, 100 пайыз табиғи газбен қамтылады деп жопарланса, бүгінде 95,2 пайыз сапалы электр жарығымен қамтылған. Сондай-ақ, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1 пайызды құраса, 2025 жылы бұл көрсеткішті 60,2 пайызға жеткізу жоспарға қойылған. Халық жайлылығына ең маңыздысы…
Елімізде 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында емханаларға бекітілу бойынша жыл сайынғы науқан болады. Осыған орай, Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының емханаларында тіркелу туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Науқан кезінде тұрғындар өздері тіркеуде тұрған емхананың жұмысына қанағаттанбаса, басқа емханаға ауыса алады. Не болмаса өз емханасы ішінде басқа учаскелік дәрігерді таңдауға мүмкіндігі бар. Жалпы, Шымкент қаласының тұрғындарына 58 бастапқы медициналық-санитарлық ұйымдар көмек көрсетеді, оның ішінде 606 мың халыққа қызмет көрсететін 14 мемлекеттік емхана және 620 мың адам тіркелген 44 жеке емханалар. Осы жылы 6 жаңа емхана ашылып, 27 мың халық тіркеліп үлгерді. – МСАК ұйымына еркін тіркелуді таңдаған кезде, олардың…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта Түркістан облысында ауқымды жұмыс жүруде. Өңірде жалпы өнім көлемінің өсімі 107,1 % құрап (216,9 млрд. теңге), республикада бірінші орынға шықты. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте саладағы түйткілдер тарқатылды. Жауаптыларға тапсырмалар берілді. Өңір басшысы шаруаларға тиісті тыңайтқыштарды уақтылы үлестіру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, су үнемдеу технологияларын енгізу, салаға инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. – Өнімділікті арттыру үшін су үнемдеу және басқа да жаңа технологияларды енгізу маңызды. Әрбір аудан әкіміне су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша индикатор белгіленіп, нақты жоспар берілсін. Бөлінген тыңайтқыштар…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Жаңа Жібек жолы» ЖШС-нің құрылтайшысы Нұртай Шайакыметпен кездесті. Сонымен бірге қабылдауға келген шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізді. Облыс әкімі өндіріс орнын ашам, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгіземін дейтін азаматтарға қолдау көрсетілетінін жеткізді. – Түркістан өңіріне қош келіпсіздер. Түркістан – елімізде мақта өсірілетін жалғыз облыс. Сондықтан осы саланы мейлінше дамытып, мақта кластерін қалыптастыруды көздеп отырмыз. Осы бағытта жұмыстар жүруде. Біз мақта сұрыбын жақсартып, мақтаны терең өңдейтін зауыттар ашамыз. Сіздер ұсынған жобаларды қарастырып, қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды. «Жаңа Жібек жолы» ЖШС-нің құрылтайшысы Нұртай Шайакымет Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамыту бағытында жүзеге асырғалы жатқан жобаларын таныстырды.…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының заманауи тұқымбақ ашу тапсырмасына сәйкес, тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы ретте Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен баспасөз туры өтіп, өңірдің журналистері облыс орталығында жаңадан құрылып жатқан заманауи тұқымбаққа барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. – Заманауи тұқымбақта 576 м2 жерге жылыжай орнатылған. Жылыжайдың мақсаты – сирек кездесетін ағаштар өсіру. Тұқымбақты дамыту мақсатында сеппе бөлімшесіне ағаш-бұта өсімдіктер тұқымының 11 түрінен 4993 кг тұқым себу жұмыстары жоспарланып, көктем, жаз мезгілінде ағаш тұқымдарының пісіп жетілуіне байланысты 2200 кг тұқым орман тұқымбағына себілген. Қазіргі таңда тұқымбақта барлығы 5,7 миллионнан астам ағаш-бұта көшеттері өсірілуде. Бүгінде орман тұқымбағы тұрақты…
Түркістан облысында 2024 жылдың көктем айларында елді мекендерді көгалдандыруға 522 935 түп көшет егу жоспарланып, оның 483 935 көшеті егілген. Ал, күзгі науқанға 515 935 дана көшет егу жоспарлануда. Жалпы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстағы 852 елді мекеннің 90%-н көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарланып, жұмыстар атқарылуда. Бұл жайында Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев брифингте мәлімдеді. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстың орман қоры жерлеріне 2021-2025 жылдары 170 млн көшет, елді мекендерге 1,1 млн көшет егу бойынша аймақтық жоспар…
Сауран ауданы көлемінде кәсіпкерлер санының артуына бірден-бір себеп — жылдан-жылға кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолайлы бағдарламалар ұсынылып, қолдаулар көрсетілуде. Осы ретте аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Иассы ауылдық округінде кәсіпкерлермен кездесіп, шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін арнайы 9 гектар жерге қазықтары тағылып, орындары белгіленді. Кәсіпкерлер түрлі бағытта шағын және орта бизнесін дамыту үшін алдағы уақытта жұмыстарын жалғастыратын болады, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz. Кездесу барысында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпкерлерге барлық бағыт бойынша қолдау көрсететіндігін жеткізді. Аталмыш индустриалды аймақта кәсіпкерлер өздері тарапынан атқаратын жұмыстарын айтып, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтымақ. Бұл бастама ауданның көркеюі мен дамуы тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына,…
Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасының боксшысы, Түркістан өңірінің өкілі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. 63,5 келі салмақта бақ сынап жатқан қазақстандық боксшы аса қиын жекпе-жекте Азия Ойындарының күміс жүлдегері, тайпейлік боксшы Лай Чжуэнді 3:2 есебімен жеңді. Енді Мұхаммедсабыр 1 тамыз күні грузин боксшысы Лаша Гурулимен жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Олимпиада төрінде түркістандық тағы бір спортшы Панарин іріктеу кезеңінен өте алмады. Бүгін рингке боксшы Сәкен Бибосынов шығады. Отандасымызға сәттілік тілейміз! Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық татами шебері, Түркістан облысының тумасы, бүінде Алматыда тұратын Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық Страхиня Бунчичті жығып, қола медаль жеңіп алды. Бұл қазақ дзюдосы тарихындағы триумф! Парижде алғаш рет олимпия ойындарында біздің команда 1 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазаққа айналды. Естеріңізге сала кетсек, Қырғызбаев алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнемен белдесіп, қарсыласын жарыс жолынан тайдырса, екінші белдесуінде Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан айласын асырып, жартылай финалға шықты. Бірақ финалға шығар тұста бразилиялық қарсыласқа есе жіберді. Дегенмен,…