Сайрам ауданында тұрғындарды толғандырып жүрген түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Соның ішінде, жол мәселесі аудан әкімі Арман Сәбитовтің тұрақты бақылауына алынған. Бүгінде ауданға қарасты елді мекендерде жергілікті көшелердің жолдары кезең-кезеңімен жөнделіп, қалыпқа келтіріліп жатыр. Биыл Қарамұрт ауылында жыл соңына дейін 7 көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 2,8 шақырымды құрайтын Абай, 1,4 шақырымды құрайтын Жеті мама, 710 метр шамасындағы М.Шерметов көшелеріне асфальт төселді. Аталған көше тұрғындары атқарылған жұмыстар үшін жауапты тұлғаларға өз алғыстарын білдіруде. Алдағы уақыта ауылдық округтегі көлік қатынасының сапасы мен қарқынын жақсарту мақсатында Жамбыл, Сайрам, Р.Нематуллаев, Полатов көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Автор: ais_media
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Абай күні қарсаңында әдеби іс-шаралар онкүндігі ұйымдастырылуда. «АБАЙДЫ ОҚЫ, ОРЫНДА!» атты онкүндіктің бағдарламасы: 1 тамыз – «Қазақтың дара туған данасы» – онкүндіктің ашылуы; 2 тамыз – «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында кеңейтілген кітап көрмесі алдында Абай өлеңдерін насихаттау; 3 тамыз – «Біз Абайды білеміз бе?» – әлеуметтік желілердегі танымдық сауалнама; 4 тамыз – «Абай — әлем әдебиетінде» кітапхана оқырмандары арасында викториналық сұрақ; 5 тамыз – «Табиғат, таң қаламын тамашаңа» атты Абай шығармалары бойынша сурет байқауы; 6 тамыз – «Желсіз түнде жарық ай» Жазғы сауықтыру лагеріндегі оқушыларға Абай шығармаларын насихаттау; 7 тамыз – «Абай…
Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Датқа елді мекенінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің №42 өрт сөндіру бекеті ашылды. Ғимараттың ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Әскер Сарбатов, төтенше жағдай саласының ардагерлері мен аудандық бөлімнің жеке құрамы, ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты лента қию рәсімінен соң қонақтар өрт сөндіру бекетінің ішін аралап көрді. Қызылқұм, Абай, Мақталы және Атамекен ауылдық округтерінің 40 мыңға жуық тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген қажеттіліктен туындаған өрт сөндіру бекетін іске қосу үшін соңғы бірнеше жылда…
Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту — бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп. Ол үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге мол мүмкіндік берілуде. Осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын және орта бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Бұл қуанарлық жәйт. Себебі, жұмыссыздар саны азайып, жұмыс көзі ашылуда. Осыған дейін қарашықтық жиһаз өндірісімен айналысатын кәсіпкерлерге арнайы 10 гектар жер берілгендігі жөнінде айтқан болатынбыз. Бұған дейін жиһаз өндірісін қолға алған кәсіпкерлер өздерінің үйіргелік жерлерінде өз жұмыстарын жасап келген. Ендігі кезекте олар Қарашық ауылдық округінен берілген индустриалды аймақта цехтарының…
Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасының ауданда жүзеге асуы бойынша жиналыс өткізілді. Жиынға ауыл шаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіп кешен субьектілерін несиелендіруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бауыржан Қалданов, «Түркістан ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлыбек Исаев, «ОҢТҮСТІК» АИО ЖШС-нің басқарма төрағасы Айса Шырақбаев, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бекзат Абубакиров және «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушы ауылдық округ әкімдері, кооператив төрағалары, ауыл шаруашылығы бөлімінің және ауылдық округінің мамандары қатысты, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz. “Ауыл Аманаты” пилоттық жобасы бойынша ауыл халқының кірістерін арттыру және ауқымды…
Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы Түркістан облысының басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен отырыста пысықталды. Облыс әкімі жауапты басшыларға жылу беру кезеңіне дайындықты күшейтуді тапсырды. – Жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктері шұғыл түрде көмір жеткізу, табиғи газға ауыстыру жұмыстарын жеделдетуі керек. Бюджеттік және әлеуметтік мекемелер, білім ұялары, мәдениет, спорт нысандары жылыту маусымына толық дайын болуы тиіс. Көмір тасымалдаушы мердігерлердің жұмысын қадағалап, көмірді мерзімінде жеткізіңіздер. Сапасына мән берілсін. Осы салаға жауапты басшылар тұрақты түрде штаб отырысын өткізіп, мәселені бақылауда ұстаулары қажет, – деді облыс әкімі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтың айтуынша, Түркістан облысында алдағы жылу беру…
Түркістан облысы, Сайрам ауданында жаңа бастама қолға алынды. Аудан әкімі Арман Сәбитовтің тапсырмасына сәйкес, «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиосының хабарлары ауданға қарасты ауылдарда күнделікті таратылуда. Жаңадан іске қосылғалы жатқан аталмыш радиотолқын желілері тұрғындарға мемлекеттік тілде тәулік бойы елден айшықты ақпараттар жеткізеді. Бұдан бөлек, тұрғындардың әсем әуен, рухты күймен сусындап, рухани тұрғыда қуаттануына өзіндік үлесін қоспақ. Осылайша, халық көп орналасқан қоғамдық орындар мен орталық көшелерде, мәдениет ошақтарында көпшілікке түрлі тақырыптардағы танымдық дүниелердi тыңдауға мүмкіндік туады. Осы арқылы өскелең ұрпақтың салиқалы тұлға ретінде қалыптастыру, қазақ тіліндегі құнды дүниелерді көпшіліктің санасына сіңіру көзделіп отыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы, Кентау қаласында №5 Жылу энерго орталығын қайта құру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Стратегиялық маңызы бар нысанда атқарылып жатқан әрбір жұмыс облыс әкімі Дархан Сатыбалдының, құзырлы орган және департамент басшыларының тікелей бақылауына алынған. Өңір басшысы кезекті рет Кентау қаласына арнайы барып, орталықта атқарылып жатқан жұмыс барысын бақылады. Жауаптылармен штаб кеңесін өткізіп, тиісті тапсырмалар берді. Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың, мердігер мекеме басшылығының есептері тыңдалды. Құрылысқа, жөндеу жұмысына жауапты әрбір маманның, инженердің атқарған жұмыстары да талқыланды. Жылу орталығының қазіргі жәй-күйі мен бір апта көлемінде атқарылған жұмыстар…
Бұл туралы брифингте ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әсет Төребаев мәлімдеді. Спикердің сөзінше, департамент тарапынан 2024 жылдың І-жартыжылдығында 198 тексеру іс-шарасы жүргізілген. Оның ішінде 197 жағдайда заң бұзушылықтар анықталып, айыппұлдардың жалпы соммасы 15 301 494 тенгені құраған. Одан бөлек, бақылау субъектілеріне бармай 260 профилактикалық бақылау жүргізіліп, барлығында бұзушылықтар анықталып нұсқама берілген. Сондай-ақ, техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді сатуға тыйым салу туралы 6 қаулы шығарылған. Басқа мемлекеттік органдармен 49 бірлескен тексерулер жүргізіліп, 19 нысанға 8 831 264 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, бағалы металлдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік…
Ақтөбе қаласында грепплинг UWW спортынан жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 69 келі салмақта Ахат Жанғазиев алтыннан алқа тақса, осы салмақтың күміс жүлдесі Саят Нұрбергенге бұйырды. Ал, 42 келі салмақта Сағадат Нұрберген қола медальді қанжығасына байлады. Жеңімпаздар алдағы уақытта Астана қаласында өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі