Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Бақыбек мөлтек ауданындағы 300 орындық заманауи мектептің құрылысы толық аяқталды. Қазіргі таңда қабылау жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аталған білім ордасына арнайы табан тіреп, атқарылған жұмыстарды саралады. Үш негізгі корпустан тұратын білім ұясында балаларға орта білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Іші толық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған, жаңа оқу жылына дайын. Жолды реттеу жұмыстары ғана қалып отыр. Аудан басшысы аталған мәселені тездетіп шешу мақсатында жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеп, мерзім белгіледі. Сонымен қатар білім бөлімінің мамандары мен тиісті мекеме басшыларына балалар қауіпсіздігін қатаң сақтау үшін мектеп айналасындағы құдықтардың бетін бітеп, трансформаторларды дереу қоршау қажеттігін ескертті. Бұдан соң…
Автор: ais_media
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев жергілікті бюджет есебінен салынып жатқан, қалалық емханаға баратын жаңа жолдың құрылысымен танысты. Ұзындығы 235 метрді құрайтын жол аудан тұрғындары мен жедел-жәрдем көліктерінің емханаға кедергісіз кіріп-шығуына ыңғайлы болмақ. Арман Романұлы аудан тұрғындарына қолайлы орта жасау мақсатында жасалып жатқан жолдың құрылысын бақылап, жауапты мердігерлерге жол сапасына қатысты бірнеше тапсырмалар жүктеді. Сала мамандары жол құрылысын тамыз айының соңына дейін аяқтауды көздеп отыр. Сонымен қатар, Шардара қаласында биыл 10 көшеге асфальт, 6 көшеге тас төсеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі таңда О.Жандосов, Ш.Уәлиханов, Юсупов, Смағұлова, Алаш, Б.Момышұлы, Ақан Сері көшелеріне асфальт жабыны төселсе, Тәуелсіздік, Қорқыт ата, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Мұнай база,…
Ауыл шаруашылығы жануарлары иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасы «АӨК-дегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС-мен бірлесіп әзірленді және 2023 жылы пилоттық режимде іске қосылды. Бүгінгі таңда ол қосымшаны 122 333 адам пайдаланады. Қазіргі таңда «TortTulik» қосымшасын Түркістан облысының фермерлері көп пайдаланады. Олардың саны 28 881. Жетісу облысында – 24 034,Қызылорда облысында — 18232,Солтүстік Қазақстан облысында – 13026 пайдаланушы бар. Қосымша арқылы ауыл шаруашылығы жануарларының иелері — ШҚ,ЖШС,ЖҚШ мал басына түгендеу жүргізе алады, ветеринариялық паспорт ала алады, жоғалған кезде тегтерді ауыстыра алады, союдан кейін малды есептен алып тастай алады, малды бір ӘАОЖ ішінде сата алады және болашақта облыстар арасында мал сатып алу-сату…
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы Конго Президентінің қазақ жеріне алғашқы сапары екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. – Біз Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Екі ел бір-бірінен қашықта орналасқан. Соған қарамастан өзара байланысты жан-жақты дамытуға мүдделіміз. Қазақстан мен Конго ынтымақтастығының әлеуеті өте жоғары. Әсіресе, сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау-кен, өндіріс пен инвестиция, жаңа технологиялар мен ғарышты игеру бағыттары бойынша екі ел арасындағы ықпалдастықты жандандыру қажет. Бүгінгі қол қойылатын құжаттар саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Осы…
Былтыр ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасын жүзеге асыруды мемлекеттік тұрғыдан бақылау функциясы берілді. Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қағаз тасымалдағышта жинауға, өңдеуге тыйым салынды – мысалы, қонақ үйлерде, банктерде бұл үшін айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ азаматтарды дербес деректердің жариялану фактілері туралы хабардар ету рәсімі қабылданды. Наурызда ведомство бұл мүмкіндікті алғаш рет 1,2 миллионнан астам адам деректерінің жария болғаны туралы хабарлама алған кезде пайдаланды. Банктерден қарыз алудан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі белгіленді. «Осы алаңды пайдалана отырып, азаматтарды осы функцияны электрондық үкімет порталы, eGov мобильді қосымшасы арқылы белсенді пайдалануға шақырамын. Мен оны өзім қолданамын. Ол кез…
Созақ ауданында «Ауыл аманаты» жобасы арқылы балық шаруашылығын дамытып отырған кәсіпкерлер саны артып келеді. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа жобаны қолға алған Жартытөбе ауылдық округінің тұрғыны Нұрлыбек Әлтековтің шаруашылығымен танысты. Кәсіпкер жаңа жобаның тиімділігіне айрықша тоқталып, тоған жұмыстарымен таныстырды. Айта кетейік, шаруа «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8 млн 300 мың теңге көлемінде 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін бастаған. Шаруа қожалық иесі биыл мамыр айында 10 000 дана сазан шабағын арнайы қазылған тоғанға жіберген. Қазіргі уақытта бұлақ суын ұтымды пайдаланған кәсіпкер өнімін сатуға дайындауда. Айта кетсек, 2024 жылдың 6 айында «Ауыл аманаты» бағдарламасымен облыста балық шаруашылығын дамыту мақсатында 24…
Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округінде мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді. Аймақта салынған 200 орындық мәдениет үйінің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Данабайұлы арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Сондай-ақ, айтулы қуанышқа аудандық мәслихат депутаттары, мәдениет саласының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. Айта кетейік, бұған дейін жалпы Қазығұрт ауданы бойынша 23 мәдениет нысаны, оның ішінде 8 мәдениет үйі бар болса, Жігерген ауылында тоғызыншы мәдениет үйі ел игілігіне тапсырылды. Алдағы уақытта аталған ғимаратта кітапхана мен үйірмелер жұмыс істейтін болады. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қыметі
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Alatau» медиа орталығына барып, жұмысымен танысты. 300 адамға арналған, 4 қабатты заманауи орталықта «Turkistan» телеарнасының ұжымы, Ақпараттық талдау орталығы, Өңірлік коммуникация қызметінің мамандары, республикалық БАҚ-тың тілшілер қосыны («Хабар», «24kz», «Қазақстан» ҰТА телеарналары), «Turkistan» телеарнасы мен жергілікті үш газет редакциясының тілшілері жұмыс істейді. Медиа орталықтағы әр қабатта редакторлар кабинеті, 4 бейнемонтаж, жеке дыбыс жазу және радио студиясы орналасқан. БАҚ өкілдері жұмыс істеуі үшін ғимарат ішінде журналистер үшін кабинеттер, телестудия, монтаж кабинеттері, дыбыс жазу студиясы, конференция залы, және асхана бар. Облыс әкімінің орынбасары «TURKISTAN» телеарнасының тыныс-тіршілігімен танысып, алдағы жоспарларын тыңдады. «Біздің мақсатымыз – телеарнаны жаңа деңгейге…
Түркістан облысының білім беру нысандарындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары сапалы және мерзімінде аяқталуы тиіс. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тиісті басқарма өкілдерімен және аудан, қала әкімдерінің жауапты орынбасарларымен бірге осы тұрғыда атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Жиынға мердігер компанияның өкілдері де қатысты. – Жаңа оқу жылының басталуына бір ай ғана уақыт қалды. Биыл 300-ден астам білім беру ұйымында ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде балабақша, мектеп және колледждер де бар. Жалпы облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасымен тозығы жеткен немесе апатты жағдайдағы білім ұяларын реттеу, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары қарқынды атқарылуда. Бұл мақсатқа тиісті қаражат бөліп, ел игілігі…
Түркістан облысында сұйытылған мұнай газ таратушы 40 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Жалпы өңірдегі автогаз құю станцияларының саны – 301. Ал газбен жүретін көліктер саны – 56 352. Облыста сұйытылған мұнай газымен жүретін автокөліктер саны күнделікті артуына және облыс аумағынан шетелдік көліктердің көп өтуіне байланысты автогазға деген қажеттілігі артқан. Бұл жайында Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков брифингте мәлімдеді. «Жалпы облыста сұйытылған мұнай газдың ай сайынғы қажеттілігі – 15 000 тонна, ал тәуліктік тұтыну көлемі – 450-500 тоннаны құрайды. Алайда, 2024 жылдың басынан осы уақытқа дейін қажетті көлем ҚР Энергетика министрлігі тарапынан бөлінбеді. 2024 жылдың ІІІ тоқсанына…