Автор: ais_media

Түркістан облысында денсаулық сақтау нысандарын салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы салаға жауапты басшыларды жинап, құрылыс барысын пысықтады. Медицина саласының инфрақұрылымын жақсартуда олқылыққа жол берілмеуі керек екенін айтты. – Әрбір нысанның күрделі жөндеу жұмысы, құрылысы бақылауда тұр. Мердігерлермен дұрыс жұмыс жүргізіңіздер. Жауапты басқарма басшылары әрбір нысанның басы-қасында жүріп, жұмысты үйлестірсін. Нысандардың құрылысы, материалдары, сәулетіне мән берілсін. Жоспардан ауытқу болмасын. Кестеде қай уақытта беріледі, дәл сол уақытта тапсырылуы тиіс. Жұмысты ширату бағытында ұсыныс беріңіздер, – деді Дархан Сатыбалды. Мәжілісте өңірде күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысандардың қазіргі жай-күйі айтылды. 2024 жылға 7 денсаулық сақтау нысанында күрделі…

Read More

Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды мәлімдеді. Спикердің сөзінше, 2024 жылдың 6 айында облыс халқына 19 307 002 клиникалық-диагностикалық қызмет көрсетілген. Одан бөлек, 375 063 жедел-жәрдем және 1 594 санавиация шақыртулары, сондай-ақ 3 млн-нан астам амбулаторлық көмек көрсетілген. Сонымен қатар, 200 мыңнан астам стационарлық-медициналық көмек көрсетіліп, 18 693 ота жасалған. «Биыл Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында барлығы 81 науқасқа, ал Түркістан қалалық орталық ауруханасында барлығы 4 науқасқа күрделі ота өткізілді. Бұдан бөлек, өңірде 3 бүйрек трансплантациясы жасалды. Биыл облыста 15,9 млрд. теңгеге дәрілік заттар мен 549 медициналық бұйымдар сатып алынды. Бүгінгі күнге дейін «Д» есепте…

Read More

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Ернар Бектаев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте «12 тамыз — Халықаралық жастар күніне» орай ұйымдастырылатын апталықтың бағдарламасымен таныстырды. Апталық аясында Түркістан облысына қарасты барлық аудан-қалаларда «Таза Қазақстан» экоакциясы, «Бар мейірімділік балаларға» атты аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған экскурсия, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, «Спорт біздің серігіміз» атты кіші футболдан жарыстар, жастардың кешкі уақытын қызықты өткізу мақсатында кино көрсетілім, «Жастармен BIRGE» атты мерекелік кеш секілді кең ауқымды іс-шаралар жоспарланған. Сондай-ақ, мекеме басшысы жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың I жартыжылдығында атқарылған істер туралы баяндады. «Биыл Түркістан облысында жұмыссыз жастар мен NEET санатындағы…

Read More

Үкімет су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдау және тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты тұрақты бақылауда ұстап отыр. 34 068 отбасына бір реттік 100 АЕК көлемінде өтемақы төленді. Осы мақсаттарға барлығы 12,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бағалау аяқталуына қарай жоғалған ең қажетті заттарын сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде қосымша төлемдер де жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 21 800 отбасы жалпы сомасы 9,9 млрд теңгеге тиісті өтемақы алды. Қазіргі уақытта барлық облыста тұрғын үй мен саяжай құрылысын тексеру және бағалау жұмысы толығымен аяқталды. Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 4 790 салынған және сатып алынған үй мен пәтер…

Read More

Бүгін Абай күні қарсаңында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Онкүндіктің ашылу іс-шарасында сөз алған кітапхананың әдістемелік-инновациялық дамыту бөлімінің меңгерушісі Дана Байдәулетова атаулы күннің маңызына тоқталды. Шара барысында Түркістан қалалық балалармен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының көркем сөз үйірмесіне қатысушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ келушілерге арнайы жасақталған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды. Әрі қарай жоспар бойынша күнделікті іс-шараларға ұласып, 10 тамызға дейін жалғасады. Онда кеңейтілген кітап көрмесі, әлеуметтік желілерде танымдық сауалнама, викториналық сұрақтар, сурет байқауы, қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айту сайысы сынды мазмұнды шаралар Абай ескерткішіне тағзым жасаумен қорытындыланбақ. Айта…

Read More

Түркістан облысында 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында 31 мың гектар жер телімлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген мәлімдеді. «Жалпы облыстағы барлық жер қоры 11 млн 610 мың гектарды құрайды. Оның басым бөлігі яғни 4 млн 469,5 мың гектар аумақ — ауыл шаруашылығы жерлерінің үлесіне тиесілі. Сонымен қатар, облыс әкімінің өкімі негізінде құрылған ведомстволық топ өңірдегі ауыл шаруашылығына пайдалануға арналған жерлерді және заңсыз иеленген аумақтардың барлығын мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Атап айтар болсақ, 2024 жылы 60 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Алғашқы жартыжылдық есеп бойынша…

Read More

Шардаралық диқан «Тұрар» шаруақожалығының иесі Юрий Ан өзінің 33 гектар пияз алқабының 5 гектарынан алғашқы өнімін жинап, 400 тонна пиязды сатылымға шығарды. Шаруа қожалық 33 гектар аумаққа 8 түрлі пияз сортын егіп, тамшылатып суғару әдісі арқылы мол өнім жинап отыр. «Тамшылатып суғару әдісімен 1 сағатта 1 метр жерге — 1 литр 600 грамм су кетсе, ал жүйек (арықша) арқылы сағатына 90 литр су далаға кетіп ысырап болады. Сондай-ақ, су үнемдеу технологиясы – өнімнің молдығына да әсер етеді», — дейді шаруа қожалық иесі Юрий Ан. Сонымен қатар, егістік маусымында аталған шаруа қожалық 100-ге жуық адамды маусымдық жұмыспен қамтиды. Кәсіпкер күзге дейін…

Read More

Осы жылдың 19 маусымында Мемлекет басшысы жеңілдетілген атқарушылық іс жүргізу институтын енгізуді көздейтін кредиттеу кезінде тәуекелдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. Жеңілдетілген өндірістің негізгі міндеті азаматтарды ЖСО қызметіне ақы төлеуден босату жолымен оларға қаржылық жүктемені азайту болып табылады. «Өздеріңіз білетіндей, жеке сот орындаушысы құжатты орындаған жағдайда, борышкер негізгі борышынан басқа, сомаға байланысты ЖСО қызметін 3-тен 25% — ға дейінгі заңнамада белгіленген мөлшерде төлеуі тиіс. Жеңілдетілген өндіріс, өз кезегінде, тек негізгі қарызды төлеуді қарастырады, өйткені орындау процесі ЖСО қатысуынсыз толығымен автоматтандырылады. Аталған институтты қолдану ауқымын ұлғайту жоспарда бар. Айта кетерлігі, азамат бастапқы кезеңде жеңілдетілген тәртіппен…

Read More

Садақ ату 12:32. 1/32 финал. Ерлер: Дәулеткелді ЖаңбырбайХорхе Энрикес 21:19. 1/32 финал. Ерлер: Александр ЕременкоБаптист Аддис Эфир: Ел Арна Дзюдо 13:00. Ерлер, 100 кг дейін: Нұрлыхан ШарханТома Никифоров (Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері) Эфир: Qazaqstan Нысана көздеу 15:00. 50 м. Іріктеу. Әйелдер: Александра Ле Арина Алтухова Бокс 18:30. Әйелдер, 50 кг. 1/8 финал: Назым ҚызайбайКаролин Брабоса де Алмейда 20:54. Ерлер, 92 кг. 1/4 финал: Айбек ОралбайЛорен Альфонсо Домингес (Токио Олимпиадасының қола жүлдегері) 00:36. Ерлер, 63,5 кг. 1/4 финал: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Лаша Гурули (Әлем чемпионатының қола жүлдегері) Эфир: Ел Арна. Хабар Спортшыларымызға бірге жанкүйер болайық!

Read More

2024 жылдың I жартыжылдығындағы Әл-Фараби ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды және алдағы жоспарларды баяндады. Әл-Фараби ауданы инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100 % қамтылған. Аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аудан әкімдігі тарапынан 66 балалар ойын алаңшасын, 4 ашық спорт алаңшасын, 114 камера орнату, 118 көшені жарықтандыру және 3 аумаққа гүлзар салу жоспарлануда. Сонымен қатар, 38 көшеге (13 шақырым) асфальт, 58 ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына аяқ жол және…

Read More