Автор: ais_media

Шымкент қаласы Қаратау ауданында көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейберекет қоқыс тастау мәселесін алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан осы жылы 130 бейнекамера орнатылады. Аталған бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына жалғанатын болады. Бұл туралы аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ерлан Бекназаров айтты. Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар, халық саны 213 мыңнан астам. Аудан аумағында 18 елді мекен, 595 көше, 29762 жеке тұрғын үй, 603 көп қабатты үй бар. – Аудан аумағында 603 көп қабатты үй 210 аулаға біріктірілген. 210 ауланың 189-ы абаттандырылған. 2024 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында 21 балалар ойын алаңы, көп…

Read More

Бүгін Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы алу үшін, жыл сайын өтетін конкурсқа өтінім қабылдау басталды. Конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету. Сыйлық 16 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша беріледі, ал бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК құрайды. Айта кетейік, соңғы 7 жылда 420 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосып, осы беделді марапатқа ие болды. Қоғам өміріне белсенді араласатын, өз саласында көшбасшы атанған, әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосқан және инновациялық идеяларды іске асырған ұйымдар конкурсқа қатысуға өтінім бере алады. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 2…

Read More

Қала тұрғындары үшін жолаушыларды сапалы қызметпен қамту қашанда маңызды. Бұл, әсіресе, шаһар логистикасын дамытып, өңір экономикасына тың серпін берері сөзсіз. Бұл бағыттағы жұмыстар оң нәтижесін беріп, соңғы жылдары Шымкент қаласында бірқатар қоғамдық көлік бағыттары жаңартылу үстінде. Жолаушыларды тасымалдайтын қызметкерлердің еңбегі барлық уақытта еленіп келеді. Бүгінде «Көлік қызметкерлері күні» тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Ресми мәртебеге ие мереке Президент Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерінің тізбесіне кіреді. Мерекеге орай Көрме орталығында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастырумен салтанатты іс-шара өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Айдын Кәрімов қатысып, көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. А.Кәрімов бұл саланың ел…

Read More

Аударыспақтан ұлттық құрамамыз Алатау бөктерінде орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында дайындалып жатыр. 29 шілде басталған оқу-жаттығу жиыны 11 тамызға дейін созылады. Еліміздің түкпір-түкіпірінен, ең үздік деп танылған 12 аударыспақшы жоспар бойынша дайындалуда. Оның ішінен 6 іріктеліп, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайды. Аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жанбатыр Бекмұсаев: –29 шілде басталған оқу-жаттығу жиынымыз жоспар бойынша өтіп жатыр. Күнде белгілі бір графикпен жүмыс жасаймыз. Бірінші физикалық жаттығу, түстен кейін атпен дайындаламыз. Бұл оқу-жаттығу жиынында жігіттердің қаншалықты дайын екенін көріп жатырмыз. 12 спортшы ішінен 6 мықтыны іріктеп, көшпенділер ойындарында сәтті өнер көрсетеміз деген ойдамын. Еске сала кетейік, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер…

Read More

Шымкент қаласында елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен жеке инвестор FISHNET компаниясы тарапынан бүгінде Самал-2, Наурыз шағынаудандары талшықты оптикалық интернет желісімен қамтылды. Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов Наурыз шағынауданы тұрғындарымен кездесіп, жоғары жылдамдықты интернеттің сапасын тексерді. Басқарма басшысы Самал-2, Наурыз және Асар шағынаудандарын талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету жұмыстарының барысын тұрғындарға түсіндіріп берді. -Жоспарға сәйкес, шағынаудандарды кең жолақты, талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жалғасын табуда. Бүгінде Самал 2, Наурыз, Асар 2 шағынаудандары жеке инвестор есебімен аталған желімен қамтылуда. Жауапты — FISHNET компаниясы. Биыл 20 елді мекенді жыл соңына дейін кезең-кезең бойынша…

Read More

Түркістан облысы, Төлеби ауданында білім беру мекемелерінің ғимараттары жаңартылады. Бүгінде 68 мектептің біреуінде жаңа ғимарат құрылысы жүргізілсе, 3 білім ошағы ғимаратында күрделі жөндеу, 43-де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші мамыр ауылдық округі Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық мектебінің құрылыс жұмыстарының бүгінгі таңда 90 пайыздан астамы жүргізіліп, 2024-2025 оқу жылының басына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Мердігер мекеме «Дос и К сервис» ЖШС. Құны 925 млн теңге. Тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы. Сондай-ақ, Көксәйекте аудандық саз мектебі ғимараты құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылына толық пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында ауданда 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Олар:…

Read More

Бұл туралы «КСЕЛЛ» АҚ Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына жолдаған хатында мәлімдеген. Мобильді оператор өзінің телекоммуникациялық инфрақұрылымын жаппай жаңарту бойынша ауқымды жобаны жалғастыруда. Яғни, «Кселл» байланыс, және интернет қызметтерінің сапасын, цифрлық сервистердің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ, қалалық және ауылдық жерлерде интернетпен қамту аймағын кеңейту үшін базалық станциялар мен басқа да жабдықтарды модернизациядан өткізіп жатыр. Жаңарту бойынша ең белсенді жұмыс бүгінде елдің оңтүстігінде жүргізілуде. Осы ретте Түркістан қаласында шілде айында компания 3G стандартында жұмыс істеп тұрған 15 базалық станцияны 4G және 5G стандартына дейін жаңартып, модернизациялады. Олардың қатарында, Тәуке хан даңғылы, Абылайхан көшесі, Қожанов, Саттарханов, Жарылқапов, Нұрмаханов, Сандыбай, Ерубаев,…

Read More

Кентау қаласында қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен орындалуда. Қаладағы жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын «Тұлпар-2030» серіктестігі «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының сүйемелдеуімен және тікелей қолдауымен автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асырды. Бағдарлама бойынша жолаушылар тасымалдаушы мекемеге жаңа 16 «Газель-NEXT» маркалы автокөлігі мен 2 дана «ПАЗ-Vector» және 2 «Пазик» автобустары сатып алынды. 16 орындық жаңа көліктер қаладағы бағыттардың кесте санын толықтырып, жолаушыларды тасымалдауды бастап кетті. Атап айтсақ, №1, №3, №4, №6, №7 және «Кентау-Құсшы ата» -«Саяжай» бағыттары жаңа автобуспен қамтылды. Ал 2 «ПАЗ-Vector» және 2 «Пазик» автобустары №1, №4, №10 бағыттарында қызмет көрсетуде. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Read More

Облыс орталығындағы әуежайға баратын жол, Шымкент тас жолы, айналма тас жолдарының бойындағы қаулаған шөптер шабылып, күл-қоқыстан тазаланды. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында ұйымдастырылған шараға 6 сектор мамандары, қала тұрғындары, белсенді азаматтар мен қала еріктілері қосылды. 5 аумаққа бөлініп жиналған қоқысты тасымалдауға коммуналдық мекеме қызметкерлері мен 13 техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстарына 700-ге жуық адам қатысты. Тазалық акциясының мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстап, экологиялық мәдениет қалыптастырып, отаншылдыққа тәрбиелеу. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Read More

Төлеби ауданында тағы бір демалыс аймағы іске қосылды. Жеке кәсіпкер Сакен Сәрсенов жеке қаражаты есебінен «Алтын балық» демалыс орнының құрылысын аяқтап, пайдалануға ұсынды. Киелітас ауылдық округінде орналасқан құны 350 млн теңгені құрайтын демалыс орнында 4 коттедж, 10 сәкі бар. Аумағы 1,6 гектар. Кәсіпкер бұған қоса, балық шаруашылығын дамытып, 0.5 гектар аумақта 10 тоннадан астам сазан балығын өсіруде. Демалыс орнының ашылу салтанатына аудан ардагерлері, ел ағалары, ауыл халқы қатысып, лентасын қиды. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында туризмнің, әсіресе, эко және этнотуризмнің дамуына экономиканың маңызды саласы ретінде ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын. Эко…

Read More