Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты өткізіліп келеді. Онда көтерілген кез келген мәселе назарға алынып, бірі сол мезетте шешімін тапса, бірінің оңтайлы шешілуі уақыт талап етеді. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша өңір тұрғындарын кезекті рет қабылдады. Жеке қабылдауға тиісті басқарма басшылары мен жауапты мамандары қатысты. Тұрғындар негізінен денсаулық, жұмысқа орналасу, білім саласына қатысты мәселелерді көтерді. Бірі оңалту орталығын ашуға құжаттарды дайындау барысын білгісі келсе, енді бірі мектеп формасын алу мәселесін айтты. Сонымен қатар «Жаңа қала» шағын ауданында балабақша ашу туралы ұсыныс берілді. Бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысынан, жұмысқа қайта орналасу, оқу грантына қатысты…
Автор: ais_media
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен облыстағы идеология саласындағы мәселелер бойынша мәжіліс өтті. Бүгінгі жиынға салалық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдіктердің жауапты тұлғаларымен қатар, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма бастығының орынбасары Мақсат Маханов, облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Құрманбек Сахов және облыстық прокуратураның аға прокуроры Ербол Тұрсынбаев қатысты. Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары идеология саласындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтып, әрбір басқарма басшысына өздеріне жүктелген міндетті сапалы орындауды тапсырды – Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Үкіметі «Идеологиялық салада қойылған міндеттерді іске асырудың 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын» әзірледі Аталған кешенді жоспар жаңа қоғамдық әдеп, азаматтар мен билік…
Түркістан қаласында салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеген «Ене мен келін» сайысы өтті. Қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Созақ ауданынан 6 отбасы қатысты. Сайыстың мақсаты – еліміздегі әрбір шаңырақтың тату-тәтті, үлгілі болуын насихаттап, ене мен келін арасындағы ауызбіршілікті сақтауға үлес қосу. Жарасымды жанұяны анықтап, өнегелі отбасын көпке үлгі ету. Ұлттық салт-дәстүрімізге сай ене мен келін шаңырақтың ұйытқысы мен берекесі екендігін ұғындыру. Анасы мен қызындай сыйласқан қатысушылар ұмыт болып бара жатқан «Құрсақ шашу» тойы, «Қазанжарыс», «Тымаққа салу», «Қырқынан шығару», «Тұмар» сияқты салт-дәстүрлерімізден көрініс көрсетіп, сөз шеберліктерін танытып, мақал-мәтел айтудан жарысқа түсті. Сондай-ақ шебер…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен отбасының цифлық картасында Д және Е санаттағы отбасыларының санын төмендету мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Сала мамандары мен жауапты басшыларының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Өңір басшысы әлеуметтік мәселені ең алдымен өндіріс орындарын көбейту арқылы шешу керектігін айтты. – Әлеуметтік жағдайы төмен, дағдарысқа ұшыраған отбасылардың мәселесін шешудің негізгі жолы – жаппай жұмыс орындарын ашу, өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту. Отбасының цифрлық картасынан Д және Е санаттағы отбасыларының санын төмендету үшін жүйелі жұмыс атқару керек. Әлі де бұл жоспарды зерделеп, тиісті ұсыныс беріңіздер. Аудан, қала әкімдері, жауапты басқарма осы бағытта кеңесіп, жұмысты жоспарлауы қажет, – деді Дархан Сатыбалды. Мәжілісте Түркістан облысының…
Кентау қаласына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен келіп, қала тұрғындарымен алқалы жиын өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, қала әкімі Жандос Тасов, қалалық маслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, қала тұрғындары қатысты. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары жүргізіп отырды. Күн тәртібінде Кентау қаласын экологиялық аймаққа ендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы тыңдалды. Алдымен сөз алған ҚР Парламент депутаты аталған мәселе бойынша жұмыстардың қолға алына бастағанына 10 жылға жуық уақыт болғанын атап өтті. – Алғаш рет жергілікті депутаттар осы мәселені көтерді. Кейін облыстық және республикалық деңгейге шықты. 10 жыл бұрын бүгінгі сенатор Әли Әбдікәрімұлы Парламентте Кентау қаласын экологиялық…
Бүгін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері онлайн және офлайн форматта қатысты. Ал жиынға облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Қанат Шонбасов төрағалық етіп, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлердің мәселелері қаралды. Жиынға жалпы облыс бойынша жер қойнауын пайдаланатын 11 кәсіпорын өкілдері қатысты. Қаралған мәселелер қатарында пайдалы қазбаларды жылдық өндіру көлемін ұлғайту, жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті ауыстыру және кен орнында құмды қиыршық тас өндіруге арналған келісімшартты қайта рәсімдеу сынды сұрақтар бар. Жиын барысында кәсіпкерлер тарапынан түрлі түйіткілді мәселелер көтеріліп, комиссия мүшелері…
Түркістанда 44 240 абонент сапалы электр қуатымен қамтылған. Биыл Тәуке хан даңғылы, Қазыбек би, Төле би, М.Абенова, Н.Төреқұлов, Н.Тынышқұлов көшелеріндегі кабель желілерін салу құрылысы нәтижесінде қосымша 4520 абонент сапалы электр қуатымен қамтылды. Сондай-ақ Айбергенов көшесі, «Бірлік-2» аумағы және жобадан тыс қалған 7 нысанды электрмен қамту үшін тағы да жоба әзірленді. Аталған жұмыстарды 2024-2025 жылдар аралығында жүргізу жоспарланып отыр. Нәтижесінде қосымша 6 500-ден аcтам абонент электр жүйесімен қамтылады. Бұл бастама қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтуды 99 %-дан 99,5%-ға жеткізеді. Шаһарда 48,1 шақырым электр желісі тартылып, 24 дана трансформатор орнатылды. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің 2024-жылға жоспарланған инвест бағдарламасының 70%-ы орындалды. Түркістан…
Өткен жылы арнайы сарапшылармен Түркістан облысының экономикалық моделіне талдау жүргізіліп, 2030 жылға дейін стратегиялық бастамаларды жүзеге асырудың жол картасы әзірленді. Даму жоспарында негізгі әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелер анықталып, оны шешу жолдары және даму басымдықтары айқындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында жол картасының басым бағыттары мен алдағы жоспардың басты мақсаттары сараланды. – Жоспардың басты мақсаты – 2030 жылға дейін жалпы өңірлік өнім көрсеткішін 2 есе көбейтуге қол жеткізу. Әрбір басқарма, әрбір аудан, қала әкімдіктері стратегияны орындау жоспарын әзірлеп, арнайы жиында қорғайды. Барлық аудан, қаланың жоспарын қарап шығамыз. Басты бағыт – өндіріс орындарын көбейту, өңірдің өзіндік кірістерін молайту. Ауыл шаруашылығы,…
Түркістан облысында 775 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Келесі жылы XII Азаматтық форумын өткізу жоспарланып отыр. Бүгінде дайындық жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді. Келелі басқосуға үкіметтік емес ұйым, кәсіподақ және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тиісті салалық мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Іс-шарада сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары үкіметтік емес ұйымдардың орны ерекше екенін айтып, қоғамдық ұйымдар елді өркендету бағытында жұмысты күшейту қажеттігін жеткізді. – Мемлекет басшысы азаматтық қоғам институттарына, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың қызметтеріне аса зор маңыз беріп отыр. Нәтижесінде, жыл сайын үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау қаржысының көлемі арта түсуде.…
Жылдың ең маңызды әрі ауқымды әлемдік спорттық шарасының басталуына бір айдай ғана уақыт қалды. Өзге ұлттық құрамалар сияқты қазақ күресінің балуандары да Көшпенділер ойындарына қызу дайындық үстінде. Жыл басынан бері ұлттық құрама спортшыларының қатысуымен 4 оқу-жаттығу жиыны өтті. Атап айтқанда, балуандар Алматы қаласында екі мәрте, Грузия елінде және Қырғызстанда дайындықтарын жүргізді. Кезекті ОЖЖ 1-14 тамыз аралығында Ақмола облысындағы Щучье қаласында өтеді. Бұл жиын барысында балуандарымыздың арасында қорытынды белдесулер өткізіліп, әр салмақтың үздігі анықталады. Ал соңғы қорытынды ОЖЖ 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткізу жоспарланған. 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қазақ күресі бойынша жарыстар…