Бүгінде еліміздегі әрбір үшінші тұрғын «жастар» санатына жатады екен. Қазақстанда «жастар» санаты кеңейіп, қазір 14 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар «жастар» болып саналады. Осылайша жастар ел халқының 30 пайызға жуық үлесін алып отыр. Жастар – елдің белсенді буын өкілдері. Қарап тұрсаңыз, жастар өмірдің қозғаушы күші іспетті. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегендей болашағын ойлаған мемлекет бүгінгі жастардың жағдайын тасада қалдырмаса керек. 12 тамыз — Халықаралық жастар күні. Бұл мерекеде жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жер жерде түрлі іс-шаралар қолға алынады. Осылайша әлем халықтарының жастары бұл күні ерекше атап өтуді жөн көреді. Бұл мерекені атап өтуден шымқала да құр алақан…
Автор: ais_media
Павлодар қаласында бәйгеден ҚР чемпионатының 8-кезеңі әрі осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу өтті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 90-нан астам тұлпар қатысты. Жарыс бәйгенің 4 түрі бойынша өтті: Құнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйге, жалпы жүлде қоры — 24 900 000 теңге. «Бұл бәсеке — бәйгеден ҚР чемпионатының 8-кезеңі, ал бір жағынан осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу есебінде өтіп жатыр. Ат жарысқа еліміздің түкпір түкпірінен ең үздік жылқылар жиналды. Олар бәйгенің төрт түрінен, яғни құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге және жорға жарыс аталымы бойынша сынға түседі. Әр бәйге…
“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КеАҚ Шымкент қаласы филиалының ұйымдастыруымен “Денсаулық бұрышы” акциясы өтуде. Шара барысында қалалық емханалардың бейінді мамандары сауда орталықтарында сатушылар мен қала тұрғындарын қабылдап, медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуде. Акция алғашқы күні “Студенттік емхана” дәрігерлерінің ОӘД сауда орталығында қабылдауымен басталды. Хирург, акушер-гинеколог, гастроэнтеролог сынды бейінді мамандар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына бағыт-бағдар берді. “Денсаулық бұрышы” акциясы алдағы уақытта қаладағы бірқатар сауда орталықтарында жалғасатын болады. Жалпы, МӘМС жүйесі төменде көрсетілген медициналық қызметтерді қамтиды: * профилактикалық медициналық тексерулер; * учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі; * созылмалы дертке…
Алматы қаласының ипподромында ұлттық спорт түрлерінен дәстүрлі «Ұлы дала ойындары» фестивалі өтті. Фестиваль еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты, ең епті шабандоздардың, Алматы қаласының елшілері мен батырлардың басын қосты. «Көкпар», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Қазақ күресі», «Бәйге» сынды спорт түрлерінен 700-ден астам қатысушы бақ сынады. «Біздің мақсатымыз – ұлттық спортты кеңінен насихаттап, оның дамуына ықпал ету. Бүгін 2000-ға жуық адам келді. Сайыс барысында қатысушылар саны артады деп ойлаймыз. Қазір Аламан бәйгеге 63, Құнан бәйгеге 33 сәйгүлік қатысуда!», — деді фестивальді ұйымдастырушы Бауыржан Талғатұлы. «Құнан бәйгеде» алматылық Абзал Тұрысбек бірінші, астаналық Ерсұлтан Жарқын екінші, үшінші орынды Алматы облысынан Азамат…
Қырғызстан ұлттық құрама командасы алдағы Көшпенділер ойындарына қызу дайындыққа кірісті. Көкпар және көкбөрү бойынша әрқайсысы 12 ойыншыдан тұратын команда қазіргі таңда Чолпон-Ата қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Бұл жиынның мақсаты — спортшылардың физикалық дайындығын, тактикалық шеберліктерін және командалық үйлесімділігін арттыру. Жаттығу жиыны тәжірибелі жаттықтырушылар мен мамандардың жетекшілігімен өткізіліп, техникалық және стратегиялық аспектілерге ерекше көңіл бөлінеді. Көшпенділер ойындары — этникалық спорт түрлерінде әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушыларды жинап, өз шеберліктері мен дәстүрлерін көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды әлемдік оқиға. Қырғызстан ұлттық құрамасы өз әлеуетін көрсетіп, жарыстарда жүлделі орындарға ие болуға ұмтылады. Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден…
Деректерге көз жүгіртсек, жаһандағы әрбір үшінші адам қанға мұқтаж көрінеді. Десе де, кейінгі уақытта науқас азаматтарға өмір сыйлауға құштар жандардың қатары көбейе түскені көңіл қуантады. Бұл игі іске, әсіресе қала жастары көп атсалысуда. Мәселен, Халықаралық жастар күнін мерекелеу елімізде 3-12 тамыз аралығында өтеді. Осыған орай Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен «Жастармен бірге!» атты ұлттық онкүндік жоспарланған. Мереке қарсаңында қала жастары думандатып, көңіл көтермей, қала тазалығына, қайырымдылық акциялар мен мәдени іс-шараларға көңіл бөлмекші. Соның бірі Шымкент қалалық қан орталығында еріктілердің «Өзгеге өмір сыйла» атты қан тапсыру акциясы. Жалпы, 60-қа жуық ерікті жастар жас…
Кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның одақтастық әрі стратегиялық сипаттағы қарым-қатынасын атап өтіп, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тиімділігін арттыра түсу үшін екі ел президенттерінің әкімшіліктері арасындағы тығыз байланысты жолға қою маңызды екеніне назар аударды. Кездесуде ақпараттық-идеологиялық, мәдени-гуманитарлық, білім беру және жастар саясаты салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселесіне айрықша мән берілді. Президент Астанада халықаралық «Заковат» интеллектуалдық ойынының өткізілуіне қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралар халықтарымыздың арасын жақындата түсетінін атап өтті. akorda.z
Түркістанда жазғы ашық алаң ойындары жалғасып жатыр. Тамыз айындағы кезекті жарыс қаладағы «Отырар» шағынауданында өтті. Спорттық шарада 300-ге жуық үміткер бақ сынады. Секіргішпен секіру, ләңгі тебу, белтемірге тартылу және асық ату сияқты ойындардан жарыс өтіп, үздіктер анықталды. Жеңімпаздар маусымның қорытынды сайысына жолдама алып, жүлдегерлерге сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Спорттық ойындарды Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» ұйымдастырып отыр. Аталған клубтың өз жұмысын бастап, облыс орталығындағы түрлі шараларға мұрындық болып, жүйелі жобаларды жүзеге асырып келе жатқанына 3 жылдан асты. Клубта шахмат, үлкен теннис, стритбол, қазақ күресі, футбол, дойбы, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерінен 24 жаттықтырушы жұмыс істейді. Қалада 6 сектор…
Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапары барысында Ескі Иқан ауылдық округіндегі «ДАТҚА» жеке кәсіпкерлігінің тамшылатып суару әдісі арқылы егілген мақта алқабында болды. Жобаның жетекшілерімен кездесіп, пікір алмасты. Жоба бастамашысы Қанат Көшербаевтың айтуынша, мақта кештеу егілгеніне қарамастан, өнімділігі өте жоғары. Бұл нәтижеге тамшылатып суару тәсілі арқылы қол жеткізіліп отыр. Қытайлық инвестормен бірлесе атқарылып жатқан жобаның құны – 100,0 млн. теңге. 133 гектар алқапқа жаңа тәсілмен мақта егілген. Жобаның қуаттылығы жылына 10 мың тонна болады деп күтіліп отыр. – Тамшылатып суару, жаңбырлатып суару, су үнемдеу технологияларын жаппай енгізуіміз керек. Өзге кәсіпкерлерге, әріптестеріңізге, шаруаларға осы тәсілдерді үйретіңіздер. Жауапты басқарма осы бағытта…
Түркістан облысында мақта кластерін дамыту бағытында жұмыс жүріп жатыр. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы «Казтекс» ЖШС-нің мақта өңдеу зауытын дамыту барысымен танысты. Аталған зауытты салу, жаңа технологиямен қамту жобасы биыл басталған. Түркиядан инвестиция тартылған. Жобаның құны –1500,0 млн. тенге, қуаттылығы – жылына 10 мың тонна мақта өңдеу. Маусымдық кезеңдерде 150 адам жұмыспен қамтылса, 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. – Мақта кластерін дамыту – маңызды іс. Жаңа технологияларды ендіру керек. Іс бастаймын, цех, зауыт ашамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетіледі. Өңірде шығатын мақтаны өзіміз өңдеп, шаруалардың табысын арттыруымыз керек, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. Жоба басшысы Туражан Саидовтың…