Автор: ais_media

Халықаралық жастар күні қарсаңында 3-12 тамыз аралығында мегаполисте «Жастармен бірге!» атты онкүндік шеңберінде 10 бағыт бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Осыған орай, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталық саябақта, жастар арасында «Just quiz» интеллектуалды сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – қала жастарының зияткерлік қабілеттері мен білімін шыңдау, ой-өрісін дамыту, әдет-ғұрып, ғылым, өнер, әдеби мұраларды насихаттау, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру, сондай-ақ, ана тілімізді, ұлттық құндылықтарымызды арттыру, зияткер ортаға үлес қосу, жастардың танымын арттыруға, ізденуге, алған ақпаратты қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге, қисынды ойлауға баулу болатын. Ұйымдастырушылар дегеніне жетті десек болады. Сайыс өте…

Read More

Түркістан облысында жүзім шаруашылығын дамытуда жаңа технологияларды қолдану көзделіп отыр. Бұл мәселе Түркістан облысы, Сайрам ауданында өткен дала семинарында кеңінен талқыланды. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, ғалымдармен, шаруалармен пікір алмасты. «Ауыл шаруашылығын дамыту: «ЭКО-бақ» жүзімдік алқаптарында экспортқа бағытталған, нарықта жоғары сұранысқа ие жүзім сұрыптарын өсіруде озық инновациялық технологиялар және заманауи машиналар кешенін тиімді пайдалану» тақырыбындағы «Егінжай күні» дала семинарына білікті ғалымдар, шаруалар, кәсіпкерлер қатысты. Өзбекстаннан келген сарапшы, «Eco Fruit Conseil» компаниясының басшысы Шухрат Аброров көрші елдегі жүзім өсіру тәжірибесін таныстырды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жүзім шаруашылығының маңызына тоқталды. – Таптаурын тәсілдерден қашып, жаңа технологияларды батыл енгізу керек.…

Read More

Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы зауыт жылына 20 мың тонна құбыр шығарады. Зауыт ауылдық жердегі 33 адамды жұмыспен қамтып отыр. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына арнайы іссапармен барып, полиэтилен құбырларын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Жоба құны 2000,0 млн. теңгені құрайтын «ЮКЗПТ» зауыты 2015 жылы ЖШС «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында іске қосылған. Бүгінде кәсіпорын өнімдері елімізде сұранысқа ие. «ЮКЗПТ» зауыты Қазақстандағы сумен жабдықтауға және газбен жабдықтауға арналған полиэтилен құбырларының, сондай-ақ технологиялық ұңғымаларға арналған қаптама құбырларының ірі өндірушісі болып саналады. Өндірісте ғылыми-зерттеу нәтижелерінің ең маңызды жетістіктері қолданылуда. Мұнда диаметрі 50 миллиметрден 600 миллиметрге дейінгі ПЭ-100 маркалы полиэтилен су…

Read More

6 тамыз күні 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты мен барлық жарыстарына билеттер сатылымы басталды. Әлемдік этноспорттың басты оқиғасына 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Ойындардың ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Билеттер құны 15 000 теңгеден басталып, 50 000 теңгеге дейін болады. Спорт бағдарламасына 21 спорт түрі кіреді. Спорт жарыстарына орташа билет құны 3 600 теңгені құрайды. Қазақ күресі, алыш және көрәш Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді және билеттер 2 500 теңгеден 7 500 теңге аралығында болады. «Алау» мұзайдынында асық ату, ордо, мас-рестлинг, күрәш, арқан тарту және ашыртмалы аба гүреші…

Read More

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Қытайлық «Бачжоу» халықаралық сауда палатасы өкілдерімен кездесті. Кездесу барсында Түркістан облысы мен ҚХР арасында инвестициялар тарту, тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Өз кезегінде Қытайлық кәсіпкерлер екі ел арасындағы сауда-саттық, түрлі жер қойнауындағы пайдалы қазбалар және құрылыс материалдарын шығару, ет экспортын дамыту және тері өңдеу мен тағам өнеркәсібі бойынша облысқа инвестиция салып, бірлесе жұмыс істеуді ұсынды. Жиын барсында «Бачжоу» халықаралық сауда палатасының өкілі Ми Вэньин Яньхун Түркістан облысы мен ҚХР арасында бірлесе өндірісті дамыту үшін индустриалды аймақ ашуды ұсынды. Алдағы уақытта ұсыныстар қаралып, екіжақты жұмыстар жүргізіліп, Қазақ — Қытай бірлескен…

Read More

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірді инфрақұрылыммен, ауыз су мен газбен қамту мәселелерін қарайтын штабтың кезекті мәжілісін өткізді. Осы саладағы өзекті мәселелер талқыланды. – Ауыз сумен газға қатысты жобаларды уақтылы әрі сапалы аяқтау керек. Әр апта сайын әр нысан мен жобаны талқылап қана қоймай, ауылдар мен елді мекендерге арнайы барып, мердігерлердің жұмысын қадағалау маңызды. Мониторинг жұмысы тұрақты жүргізілсін. Ауыз су мен газға қатысты мәселеде қателесуге болмайды, – деген Зұлпыхар Жолдасов жауапты басқарма басшысы мен өкілдеріне тиісті тапсырмалар берді. Штаб отырысында Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтің, әр салаға жауапты бөлім басшыларының есептері, ұсыныстары…

Read More

Түркістан облысында өндіріс орындарының саны артып келеді. Өңірдің еңбекқор халқы кіші, орта, отбасылық кәсіпті жандандыруға бет бұрған. Жергілікті кәсіпкерлер шет мемлекеттерден тәжірибе жинап, өндірісте үздік технологияларды пайдаланып жатыр. Инвесторлар тарту жұмыстары да қарқын алды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, біқатар нысанды аралады. Аудан әкімі Арман Сәбитов жүзеге асып жатқан жобаларды таныстырды. Облыс әкімі Ақсукент ауылдық округі, Манкент ауылында салынып жатқан «Nurym Group» түйіршіктелген құрама жем зауытының құрылыс алаңында болып, жеке инвестордың жобасының қазіргі жай-күйін бақылады. – Өңірде «Іс бастаймын, кәсібімді кеңейтемін» деген азаматтарға мүмкіндік көп. Ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу қажет. Әкімдіктен арнайы жер…

Read More

Бүгінде облыс орталығында жаңа мектеп құрылыстарынан бөлек, бірқатар білім ошақтары жөндеуден өткізіліп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түркістан қаласындағы оқу нысандарын аралап, жүргізіліп жатқан күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Алдымен Әйтеке Би атындағы №26 мектебіне барып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына қанықты. 300 оқушы орынға арналған білім ошағы 2013 жылы пайдалануға берілген. Былтырғы техникалық тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес, мектептің кейбір бөліктері қауіпті деп танылған. Бүгінде 30-ға жұмысшы еңбек етіп жатыр. Бөлме іштерін бөліп тұрған жарылған қабырғалар алынып толық қалпына келтірілді. Сыртқы және ішкі есіктер толық ауыстырылды. Асханадағы және кейбір бөлмелердің кәріз жүйелері ауыстырылды. Мектеп қабырғаларын қырып сылау жұмыстары жүргізіліп,…

Read More

Олжас Бектенов: 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн бастауыш сынып оқушысы мен мемлекеттік қолдауға мұқтаж балалар тегін тамақпен қамтылады. Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов балаларды 1-ші сыныпқа қабылдау процесін дұрыс ұйымдастыру және мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне назар аударды. Жаңа оқу жылында 360 мың оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Олжас Бектенов қабылдау процесінің белсенді жүріп жатқанын, оны дұрыс ұйымдастыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар бұрын балабақшаларға бармаған болашақ бірінші сынып оқушыларына көбірек көңіл бөлген жөн. Ол үшін мектепке дейінгі мекемелердегі консультациялық пункттердің қызметін жандандыру қажет. «Жаңа оқу жылы қарсаңында мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларға материалдық…

Read More

2024 жылдың басынан бері 73,7 мың азамат, оның ішінде 36,1 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада барлығы 451,9 мың қазақстандық тіркелген, оның 91,9 мыңы – 2024 жылы тіркелді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Оқудан өткен 36,1 мың жұмыссыз азаматтың 10,6 мыңға жуығы негізінен Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының және Шымкент қаласының жастары. Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 501 курс жариялады, оның 263-і тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.

Read More