«Спорт күні» мерекесіне орай Алматы қаласында өткен футболдан 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде түркістандық команда 3-орынға ие болды. 16 команда бақ сынаған жарыста Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының командасы» үздіктер қатарынан көрініп отыр. Турнирге дайындаған Еркебұлан Құнарбаев – Еуропа футбол қауымдастығы одағының С категориялы жаттықтырушысы. Спорт клубының өз жұмысын бастағанына 3 жылдан асты. Содан бері облыс орталығындағы түрлі шараларға мұрындық болып, жүйелі жобаларды жүзеге асырып келе жатыр. Клубта шахмат, үлкен теннис, стритбол, қазақ күресі, футбол, дойбы, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерінен 24 жаттықтырушы жұмыс істейді. Қазіргі таңда 1400-ге жуық оқушы аталған спорт үйірмелеріне қатысады. Түркістан облысы әкімінің…
Автор: ais_media
ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-де шетелде жұмыс істегісі келетін қазақстандықтарды кәсіптік және тілдік даярлау орталығы ашылуда. Кәсіптік және тілдік даярлау орталығы базасында шетелге жұмысқа жолдануға ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Еңбек мобильділігі орталығы мен Жекеше жұмыспен қамту агенттіктері бірлесе қазақстандық азаматтардың құқықтарын қорғау, оларға жалақының мерзімінде төленуі мен медициналық қызмет көрсетілуін және еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша кеңестер беру шаралары көзделуде. Бүгінде «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-мен Түркістан қаласында орналасқан ұйымдармен ынтымақтастық меморандумдар түзілді. Аталған ұйымдар кәсіптік даярлау мен қайта даярлау, шет тілдерін үйрету курстары мен медициналық зерттеуден өткізіп, тиісті қорытынды беретін…
Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті. Аталған шара 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай жоспарланған. Шараға облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев қатысып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. 100-ге жуық балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған сөмкелер үлестірілді. Акция барысында орталық мамандары қаланың көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Негізгі мақсаты – көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ ерекше балаларды қолдау және жаңа оқу жылы қарсаңында бірреттік көмек көрсету. Шара аясында халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік дәндерін себуге бағытталған шаралар жүргізілді.…
Бүгін Түркістанда 400 адамның қатысуымен тазалық шарасы өтті. «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында өткен сенбілікке 13 техника жұмылдырылды. Әмір Темір, Төле би, С.Қожанов, О.Жандосов, С.Ерубаев көшелері мен Тәуке хан даңғылының бойындағы күл-қоқыстар шығарылып, қураған шөптер тазартылды. Ағаштарды әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке әжесімен бірге келген қаланың кішкентай 6 жасар тұрғыны Кәусар Әзизханқызы да тазалық жұмыстарына атсалысып, үлкендерге қолғабыс етті. Енді ғана мектеп табалдырығын аттаған қыздың әжесі Гүлнәр Дулатбекованың сөзінше, баланы тазалыққа үйрету – бүлдіршін кезінен басталуы тиіс. Тәрбие – тал бесіктен басталатындықтан әрбір ата-ана балаларын табиғатты қорғауға, қоршаған ортасын таза ұстауға бағыттауы қажет дейді. Сенбілік тек тазалық үшін ғана емес денсаулыққа…
Бұл туралы брифингте Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев мәлімдеді. Спикердің сөзінше, 2024 жылы облыс көлемінде 1 100,3 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді. Ал, жыл қорытындысымен 546,6 шақырым жол пайдалануға беріледі деп жоспарланған. — «Қазіргі таңда облыстық маңызы бар 368,1 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүруде. Ал аудандық маңызы бар 97,3 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, елді мекендердегі 630,6 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы — техникалық қадағалаушы мекемелерден бөлек, Ұлттық сапа орталығының Түркістан облыстық филиалының тұрақты бақылауында. Сондай-ақ, басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» мекемесі…
Биыл жартыжылдықтың қорытындысымен өңірге тартылған инвестициялар көлемі 420,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,8%-ға өсті. Ал, жалпы 2024 жылы құны 151,9 млрд. теңгені құрайтын 2 406 жаңа жұмыс орнымен 62 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жайында бүгін Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов мәлімдеді. «Өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе өткен жылы шет елдерге іс-сапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде облыс экономикасына шамамен 1,2 трлн теңге инвестиция бағытталатын болды. Ірі жобалардың қатарында тоқыма кластерін құру бойынша «Лихуа Групп» компаниясы бар. Аталған компания облыста құбыр және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбековпен кездесті. Кездесуде бокс спортын дамыту, жас таланттарға қолдау көрсету, Түркістан қаласында күзге таяу бокс додасын өткізу идеясы мен түркітілдес елдердегі боксты дамыту мәселесі талқыланды. – Түркістан облысы демографиялық өсім бойынша елімізде көш бастап тұр. Басты мақсатымыз – жастарды жан-жақты дамытып, қолдау көрсету. Сіздердің бокс пен спорт саласын дамыту туралы бастамаларыңызды және ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен алғашқы WBC Amateur TURKSOY бокстан гранд финалды өткізу жөніндегі бастамаңызды қолдаймын. Еліміздің болашақ чемпиондарына ештеңені аямай, жас спортшыларды жақсылап дайындаңыздар. Жас спортшыларға мықты проумотерлерге баруға кеңес беріңіздер. Дарынды боксшыларды қолдау және көтермелеу, сондай-ақ олардың…
2024 жылдың 6 тамызында аударыспақтан ұлттық құраманың кезекті оқу-жаттығужиындары басталды. Ұлттық құрама Аллматы облысында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділеройындары алдындағы дайындықтарын пысықтап жатыр. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын аударыспақтан ұлттық құрама сапында 12 спортшы бар. Аударыспақтан Қазақстан құрамасының бас бапкері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жанбатыр Бекмұрсаев Көшпенділер ойындарында команда жеңіске жету үшін аянып қалмайтынын жеткізді. «Біз Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында осымен екінші оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Спортшылар жоспар бойынша жаттығуда. Ойындарға дейін сақадай сай дайын болады деп ойлаймыз. Біздің мақсатымыз — намысқа тырысып, ойдағыдай өнер көрсету. Себебі Қазақстан – көшпенділер ойындарын өткізетін ел. Сондықтан, жеңіске жету үшін барымызды саламыз», — деді бас бапкер…
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 259 кәсіпорны 14,9 мың жұмыскерге 3,3 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 5,6 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 222 ұйғарым берілді және 34,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,6 млрд теңге төленді. Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз…
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес студенттердің шәкіртақысы жоспарлы түрде өсірілуде. Өткен жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өскен болатын, ал биылғы қыркүйекте енді 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы тағы 50%-ға артады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік тапсырыс көлемі де жыл сайын өсуде. Бүгінгі күні 145 мың грант бөлінген болса, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған. Колледждердің материалдық-техникалық базасы да қарқынды түрде жаңаруда. 2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 104 колледждің білім беру инфрақұрылымы жақсартылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есеге жоғары. Сондай-ақ, 2103 орынға арналған 8 жатақхананың құрылысы жүруде. Бүгінде Павлодар және Түркістан…