Автор: ais_media

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Alarko Holding» түрік компаниясының президенті Йылдыз Умит Нури «Бозарық» индустриялық аймағында қызанақ өсіретін ірі жылыжай кешенінің құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты. Инвестициялық жобаның құны 650 миллион АҚШ долларын, оның жалпы аумағы 650 гектарды құрайды. Жылыжай кешені жылына 155 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Жобаның бірінші кезеңі пайдалануға берілгеннен кейін 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, толық іске қосылғанда 5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылатын болады. Өндірілген ауылшаруашылық өнімдерімен негізінен, қала тұрғындары қамтылып, тауарлар еліміздің өзге де аймақтары мен шет мемлекеттерге жөнелтілетін болады. Қала әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өсімдік шаруашылығында суды үнемдейтін…

Read More

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауындағы су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналаған тұжырымдасына сәйкес», Мақтаарал ауданы бойынша 2024 жылы 2,0 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиясын (тамшылатып суғару) енгізу тапсырмасы берілген болатын. Биыл Мақтаарал ауданында 340 гектар қырыққабат, 441 гектар бақша және 500 гектар мақта алқабына тамышлатып суғару технологиясы енгізілді. Айта кетейік, Мақтаарал ауданында жаңадан қытай технолгиясын пайдалана отырып жүйек арасы 60-70 см болатын 500 гектар алқапқа мақта дықылына тамшылатып суғару технологиясы ендірілді. «Хамро Ата» шаруа қожалығының егістік алқабында атқарылып жатқан жаңа технологиялармен кеңінен таныстыру мақсатында ауданның шаруа қожалықтарының қатысуымен семинар-кеңес өтті. Іс-шараның басты мақсаты — барынша…

Read More

Бүгін Астанада Өзбекстан Республикасының Президенті Шавхат Мирзиеевтің Қазақстанға ресми іссапары аясында «Қазақстан-Өзбекстан» бизнес форумы өтіп жатыр. Көршілес елдің әлеуетті кәсіпкерлерімен тікелей байланыстар орнатылуда. Екіжақты келісімдер жасалып, сауда байланысын жандандыру мәселелері талқыланып жатыр. Форумға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров қатысып, баяндама жасады. – Түркістан облысы республикамызда Өзбекстанмен шекаралас орналасқан, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Инвестициялық және туристік потенциалы өте жоғары. Өзбекстан мен Түркістан облысы арасында сауда қатынасы жақсы дамыған. Өткен жылы тауар айналымы 422 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт көлемі 253 млн. АҚШ доллары, импорт 169 млн. АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты. Екі ел ынтымақтастығы аясында Түркістан…

Read More

Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин 7 тамызда Астанада өткен «Қазақстан – Өзбекстан» бизнес форумын ашу барысында мәлімдеді. «Өзбекстан 2023 жылдың қорытындысы бойынша 7-ші орында тұрған Қазақстанның ірі сауда серіктесінің бірі. Қазақстанның Орталық Азия елдерімен жалпы сауда айналымының 57%-дан астамы Өзбекстанға тиесілі. Соңғы 5 жылда екіжақты тауар айналымы 29%-ға өсіп, 2022 жылы $5 млрд көлеміне жетті. Бізге саудадағы мәселелерді жүйелі шешу және сауда айналымының жаңа өсу нүктелерін табу қажет, осылайша мемлекеттеріміздің басшылары қойған мақсат – орта мерзімді кезеңде $10 млрд-қа қол жеткізуге талпынуымыз керек», — деді Серік Жұманғарин. Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Джамшид Ходжаев мұндай іс-шаралар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қуатты…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алды Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Read More

Шымкент қаласының орталық мешітінде «Мектепке жол-2024» қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Республикалық акцияға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, қалалық дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Әлтаев, қаланың бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы арнайы қатысып, құттықтау лебізін білдірді. Іс-шарада Бас мүфти оқушыларға білім-ғылымның мәртебесі, артықшылығын атап өтіп, жаңа оқу жылында сабақтарын жақсы оқуға шақырды. Орталық мешіттегі қайырымдылық акциясында «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен 500 оқушыға мектеп сөмкелері мен қажетті (дәптер, қалам, сызғыш, церкуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, сурет дәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) құрал-жабдықтар үлестірілді. Игі іс-шара тамыз айының соңына дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандық мешіттерінде жалғасады.…

Read More

ҚМДБ 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялаған еді. Осы орайда жыл басынан бері көптеген игі істер атқарылуда. Соның бірі «Бабалар ізімен қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының жарыққа шығуы дер едік. Құнды кітаптың тұсаукесері Астана, Алматы қаласында ұйымдастырылған болатын. Бүгін қаладағы Әл-Фараби кітапханасында жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шарада ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қаладағы зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, құнды дүниенің маңыздылығын жан-жақты баяндап берді. Жиынға мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, қалалық дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты. Наурызбай қажы Тағанұлы…

Read More

Әлеуметтік нысан халықтың алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ететін инфрақұрылымның бірден-бір бөлігі. Түркістан өңірі еліміздегі тұрғыны ең көп аймақ болғандықтан, бұл нысандардың жетіспеушілігін алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Бүгін осы бағытта Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Жауапты басқарма басшылары өз салалары бойынша баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары да мәжіліске қатысып, өзекті мәселелерді ортаға салды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік саланы ілгерілету бағытындағы жұмыстарын қолдап келеді. Денсаулық сақтау нысандарының жай-күйін баяндаған басқарма басшысы бүгінгі таңда 49 жобаның 48-не сараптаманың оң қорытындысы алынғанын атап өтті. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында…

Read More

Түркістан өңірінде жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен өтініштердің қаралуы талданып, әрбір өтінішке баса назар аударылады. Бүгінде тиісті жұмыстарды жүргізу үшін облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне тапсырмалар берілген. Ай сайын облыс әкімі аппараты тарапынан мониторинг жүргізіледі. Өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің мәліметінше, биылғы І жартыжылдық қорытындысымен жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 30 мыңнан астам жолданым түскен. Барлығы заң аясында қаралып, басым бөлігі шешімін тапқан. Нәтижесі бойынша тиісті шаралар қаралған. Қолайлы әкімшілік акт қабылданып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес шешім шығарылған. Мемлекет Басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында өңір тұрғындарына Түркістан облысының әкімі бекіткен…

Read More

Жол құрылысының сапасы қатаң бақылауда. Атқарылып жатқан жұмыстардың нормативтерін қатаң сақтап, сапасыз жұмыстардың (асфальтобетон жабыны қалыңдығының жетіспеуі, асфальтобетонның ұшуы, шашылуы және тағы басқа) алдын алу мақсатында жол жабынына тұрақты түрде сараптамалар жүргізілуде. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов салаға жауапты басшылардың басын қосып, осы саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Сапаны назарда ұстамаған, жұмыс барысында орын алған кемшіліктерді қалпына келтірмеген аудан, қала басшылары мен жауапты тұлғаларын сынға алып, тиісті тапсырмалар берді. Нысандардағы жұмыстар мен қолданылып жатқан материалдардың сапасы техникалық қадағалаушы мекемелерден бөлек, «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығының» тұрақты бақылауында. Кәсіпорынның ISO 17025 және ILAC стандарттары бойынша аккредиттелген зертханалармен жабдықталған филиалдары бар.…

Read More