Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне Қазақстан Республикасының ең жоғарғы мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыс етті. Мемлекет басшысы Қазақстанда Шавкат Мирзиёевті Өзбек елінің нағыз көшбасшысы, халықаралық деңгейдегі саясаткер, екі халық арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері ретінде танитынын және құрметтейтінін айтты. Шавкат Мирзиёев өзін Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік наградасымен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаев пен бауырлас қазақ халқына ризашылығын білдірді Толығырақ: https://www.akorda.kz/…/memleket-basshysy-ozbekstan…
Автор: ais_media
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты. Кеңес отырысында екі елдің сауда-экономика, көлік-транзит, су шаруашылығы және энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейтудің басым бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқанын атап өтіп, еліміз Өзбекстанмен ынтымақтастықты нығайта түсуге айрықша көңіл бөлетінін жеткізді. – Былтыр Одақтастық қатынастар туралы тарихи шартқа қол қойдық. Бүгін алдағы он жылға арналған Стратегиялық әріптестікті және одақтастықты дамыту бағдарламасын бекітеміз. Осы маңызды қадамдар екі елдің байланысын ілгерілетуге айрықша серпін беретініне сенімдімін, – деді Президент. Толығырақ: https://www.akorda.kz/…/kasym-zhomart-tokaev-pen…
Биылғы 7 айда Түркістан облысының тұтынушыларына 54 миллион теңгеден астам қаражат, одан бөлек құны 10 млн теңгеден асатын сапасыз 2 автокөліктің құны толықтай тұтынушыларға қайтарылды. Тұтынушы құқығын және «Сауда қызметін реттеу» туралы Заңының баптарын бұзған кәсіпкерлерге 716 788 теңге айыппұл салынған. Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне осы мерзімде 988 өтініш келіп түскен. Оның 238-і жазбаша, 335 жедел желі арқылы болса, жеке қабылдаулардан – 391 өтініш. Жалпы алғанда өңір тұрғындарын бөлшек саудада сапасыз тауарлар сатып алу кезінде туындайтын мәселелер, тауарды айырбастау және қайтару мәселелері, тұрмыстық қызметтерді сапасыз ұсыну, жиһаз дайындау және жөндеу дұрыс қызмет көрсетпеу мәселелері көбірек…
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Шымкент қаласының ашық біріншілігі өтуде. Қала чемпионатында жалпы 50-ден астам жасөспірім бақ сынап жатыр. Түркістан облысынан да екі команда келген. Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының директоры Данияр Мыңбаев жарысты ашып беріп, жасөспірімдерге сәттілік тіледі. Осы жасөспірімдерің арасынан келешекте ел намысын абыроймен қорғайтын дарынды спортшылар шығатынына сенім білдірді. Сайысты өткізудегі мақсат – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жас ұрпаққа ұлттық спортты дәріптеу және көшпенділер ойындарын насихаттау, қала көлемінде тоғызқұмалақ ойынының бұқаралығын арттыру және жасөспірімдер арасында қаланың құрама командасын іріктеу. Жарыс жеңімпаздары бүгін анықталады. «Шымкент келбеті»
Ақмешіт үңгірі – Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан көрнекті орындардың бірі. Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы табиғи үңгір көптеген туристер мен зерттеушілердің қызығушылығын тудырады. Назарларыңызға қызықты ақпараттарды ұсынамыз: Геологиялық ерекшеліктері Жергілікті геологиялық процестердің нәтижесінде пайда болған ерекше орынның ішкі құрылымы мен пішіні табиғаттың керемет туындысы ретінде танылған. Жалпы ұзындығы 254 метр, биіктігі 25 метрге дейін жетеді. Әктас жыныстарынан қалыптасқан үңгір жер асты суларының әсерінен пайда болған. Атауының шығу тарихы Ақмешіт үңгірінің атауы оның ішіндегі ақшыл түсті әктас қабаттарына байланысты қойылған. «Ақмешіт» сөзі «ақ мешіт», «ақшыл мешіт» дегенді білдіреді. Үңгірдің ішінде жарық түскен кезде ақ түстің жарқырап көрінуі оны ерекше тартымды етеді. Тарихи…
Облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Осылайша Әріпбаевтар отбасының саны үш перзентпен толықты. 27 жастағы Роза Әріпбаева тұңғыш ұлынан кейін өмірге 2 ұл мен 1 қыз әкелді. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйге шығарылды. Отбасының қуанышымен бөлісуге келген туыстары сәбилерді көру үшін перзентхана маңына жиналып, ақжарма тілектерін білдірді. Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 33-аптасында дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 келі 245 грамм болса, екіншісі −1 келі 785, үшіншісінікі 1 келі 805 грамға жеткен. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемдерге Омар, Усман, Разия деп ат қойыпты. Дәрігерлердің айтуынша алғашында нәрестелерге медициналық көмек қажет болған. – Бұл үшемдердің…
Биыл бірінші рет «Қазақстан халқы тілдері» күні мерекесі аясында тілдерді оқыту орталықтары арасында «Үздік орталық» байқауы ұйымдастырылуда. Байқаудың мақсаты орталықтардың жұмысына баға беріп қана қоймай, жұмысын жүйелеп, бағыт-бағдар беру. Сондай-ақ, оларды ынталандыру мақсатында жүлделі 5 орын белгіленді. Сайысқа қатысуға үміткер орталықтардың өтінімдері 20 тамыз күніне дейін қабылданады. Байқау шарты бойынша орталықтың 2023-2024 жылдардағы жетістіктері, орталық әзірлеген оқу әдісмелік құралдары, оның кадрлық және сапалық құрамы туралы қысқаша анықтамасы, орталықтың материалдық-техникалық базасы, заманауи оқыту құралдарымен жабдықталуы, орталықтың 2023-2024 жылдардағы жұмысы жөнінде ақпаратты құрайтын, Power Point нұсқасында әзірленген, кемінде 50 слайдтан тұратын 5 минутқа дейін таныстырылымның (презентация) бейнежазбасын ұсыну қажет. Айта кетейік, облыста…
Грек-рим күресінен тәжірибелі палуанымыз Демеу Жадыраев (77 кг) Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Ол финалда биыл Азия чемпионы атанған жапон Нао Кусакаға есе жіберді. Есеп: 2-5. «Демеу Жадыраевты Олимпиаданың күміс жүлдегері атануымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тарихи белдесу болды. Тұтас халық Демеудің тілеуін тіледі. Отандастарымыз мұндай белдесуді 20 жыл күтті. Жадыраев бозкілемде барын салып, нағыз шебер палуан екенін көрсетті. Бұйырғаны күміс жүлде болды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең мықты спортшылар арасында Олимпия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алу – зор жетістік екенін атап өткім келеді. Жадыраев өзінің табандылығының, жеңіске деген ұмтылысының және еңбекқорлығының арқасында грек-рим күресінің миллиондаған жанкүйеріне нағыз мереке, ұмытылмас…
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, қала, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz. Бірінші мәселе ауданда жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бойынша «ЫРЫС» МҚҰ төраға орынбасары Б.Бекбенбетовтың баяндамасы тыңдалды. Екінші мәселе аудан тұрғындарын жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту бағытында атқарылып жатқан жайлы ауданның мансап орталығының басшысы А.Ауезова баяндап өтті. Келесі кезекте, ауылшаруашылық және өнеркәсіп саласындағы негізгі индикаторларды орындау туралы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Амирханов хабарлама жасады. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Абдуллаев айтылған мәселелердің шешу жолдарын…
Сарыағаш ауданында салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамыту мақсатында салынып жатқан спорттық нысандардың саны артып келеді. Сондай спорт нысандарының бірі Қызылжар ауылдық округі Жаскешу елді мекенінінде бой көтеріп жатыр. Осы орайда, бүгін аудан әкімі жұмыс сапарымен Қызылжар ауылдық округіне арнайы барып, Арман Абдуллаев салынып жатқан спорт алаңшаласының құрылыс барысын аралап, мән-жайымен танысты. Спорт алаңшасына жоспар бойынша орындықтар, қоқыс жәшіктері, спорттық құрал-жабдықтармен жабдықтау , балалар ойын әткеншектерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Аралау барысында аудан әкімі ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына, тұрғындардың уақытын тиімді өткізуге септігін тигізетін заманауи спорт алаңшасының құрылыс барысында кемшіліктер болмау керектігін атап,ауылдық округ әкіміне жұмыс барысын баяндап…