Автор: ais_media

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 179 жыл толуына орай, «Қазақтың бас ақыны» атты көрме өтті. Бір аптаға жалғасатын көрмені музейге келушілер тамашалап, Абай әлеміне саяхат жасайды. Көрме мақсаты – жастарға ақынның өмір жолындағы күресін, философиялық мәні зор қара сөздерін, өлеңдерін, әндерін, аудармаларын, жалпы рухани асыл-мұраларын насихаттау, Абай мұралары арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар, ақынның адамгершілік қасиеттерін үлгі ету. Айта кетейік, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020 жылы 10 тамыз – Абай күні болып белгіленген болатын. Сол жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аталып өтті. Еліміздің мерекелік күнтізбесіне енген дәл осы…

Read More

Түркістан өңіріндегі №55 қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде сотты болған 750 азамат жазасын өтеуде. Өткен айдан бастап Леңгір қалалық емханасы комиссия шешімімен аталған мекемеге медициналық қызмет көрсетуді бастады. Қазіргі уақытта 102 сотталушы диспансерлік бақылауда тұр. Бүгін өңірдің денсаулық саласына қатысты облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Аталған мәжіліске Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Түркістан облыс прокурорының Бірінші орынбасары, полиция және медицина мекемелерінің басшылары мен өкілдері, аудан-қала әкімдерінің жауапты орынбасарлары қатысты. Жиын барысында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев баяндама жасады. Өзекті мәселелер мен алда тұрған міндеттерге тоқталды. Арнайы құрылатын бөлімді штатпен қамтамасыз ету мәселесін…

Read More

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, мемлекеттік орган басшылары және облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова қатысты. Күн тәртібінде алғашқы болып «Ертегілер әлемі балабақшасы» ЖШС-нің мәселесі бойынша Түркістан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекеті талқыланды. Балабақша әкімшілігі мектепке дейінгі балалар мекемесінің ғимаратында медициналық қызметпен айналысуға лицензия алу барысында кедергілер туындағанын жеткізді. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Орынбасар Кабиштаев бұл әрекетті қолдан жасалып отырған кедергі деп баға берді. Сондай-ақ, өңіріміздегі кәсіпкерлер салық органы тарапынан шаруа қожалықтарының есеп шоттарын бұғаттау әрекеттеріне қатысты құқықтық көмек сұраған. Дара кәсіпкер мен…

Read More

Түркістан ауылшаруашылығы және мал шаруашылығы бойынша республикада көш бастап тұрған облыстың бірі. Шетелдік инвесторлар осы бағыттарға қызығушылық танытуда. Бүгін Сауд Арабия және Түркия елінің инвесторлары өңірдің инвестициялық ахуалымен танысып, мал шаруашылығы және жылыжай салу бойынша инвестиция салуға дайын екенін жеткізді. Инвесторлар осы аймақтан мал өсіру мен ет өнімдерін шығару және жылыжай кешендерін ашуды ұсынды. Пайдалы және қауіпсіз өнімге кепілдік бере отырып, «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығаруға дайын екенін айтты. Инвесторларға индустриалды аймақтағы, дайын өндіріс алаңынан арнайы алаңшалар жалға беру жоспарлануда. «Al Thiqa» – 70 жыл бойы әлемге мал саудасы бойынша танымал компания. Барлық өнімдері жоғары сапада екенін растайтын…

Read More

Бүгін Ордабасы ауданында ІІІ облыстық кітапханашылар слеті өтті. Аудандық орталықтандырылған кітапханада өткен жиын ашық аспан астындағы кітап көрмесін таныстырудан басталды. Шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Мейрамбек Ақмұратов және аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков ашып, құттықтау сөз алды. Сондай-ақ, кітапханашылар жиынына композитор, профессор Бекжігіт Сердәлі, белгілі журналист Роза Нарымбетова бастаған зиялы қауым өкілдері мен өңірдегі кітапханашылар қатысты. «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова өңірдегі 399 кітапхананың бүгінгі жай-күйіне тоқталып, алда тұрған міндеттерді пысықтады. Келген қонақтар кітапхана ісінің елдің бүгіні мен болашағы үшін алар орны ерекше екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар ордабасылық кітапхана майталмандары сөз алып, слеттың маңыздылығына тоқталды. Слеттың екінші сессиясы…

Read More

Алматы қаласында Most hub Almaty-ның ұйымдастыруымен «Qrltai hackathon startup weekend» іс-шарасы өтуде. Аталған жиынға Түркістан облысынан Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков қатысып жатыр. Үш күнге созылатын бұл жиынға еліміздің барлық аймағынан IT саласына қызығушылар келіп, жан-жақты идеялармен бөлісуде. Шара барысында жасанды интеллектінің тиімді тұстары түсіндіріліп, chatgpt бағдарламасының мүмкіндіктері айтылды. Хакатон аясында: – Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру барысында туындайтын субъективті факторларды төмендету мақсатында жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдананатын бағдарламалық шешім әзірлеу, – Бейнебақылау камераларынан алынатын ақпараттарды ақылды шешімдер арқылы талдау жүргізуге (іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау, өрт шығу, су басу, қылмыстық мінез-қылықтарды, сипаттамалар арқылы жоғалған адам, заттарды анықтау)…

Read More

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу мен инвестиция тарту жұмыстарына басымдық берілген. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Нәтижесінде инвесторлар үшін Түркістан облысында бизнес климат қалыптасуда. Облыс көлемінде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және «Turan» арнайы экономикалық арнайы экономикалық аймағы бар. Бұл аймақтарда инвестиция құны 190 млрд. теңге болатын 95 кәсіпорын өз жобаларын жүзеге асыруда. Оларды инфрақұрылыммен толық қамту жұмыстарына күш салынған. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндігі зор. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов салаға жауапты басшылардың басын қосып, осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, тиісті тапсырмалар берді. Бизнесті мемлекеттің қолдауы аясында бюджеттен…

Read More

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы «AMANAT» партиясының назарында. Бекітілген кестеге сәйкес құрылыс нысандары мен қала аумағындағы өндіріс орындарының жұмыс барысына бақылау жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық кеңес «Жұлдыз» индустриалды аймағында көшпелі отырысын өткізді. Зерделеу жұмыстарына «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев, комиссия мүшелері Бақытжан Жақсықұлов, Жанзақ Алибеков, Хайрулла Сарсенов және Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Турманов қатысты. «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан «First Concrete company» ЖШС – темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыттың құрылысы 2022 жылы басталған. Мердігер компанияның мәліметінше ағымдағы жылдың қараша айында…

Read More

ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Алдымен министрлік тарапынан елімізде және үшінші мегаполисте энергетика және инфрақұрылымды дамыту бағытында қолға алынған іс-шаралар жайында баяндады. Отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайына тоқталып өтті. Вице-министрдің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-шілде айында өңірімізде электр энергиясын өндіру көлемі 1,3 млрд кВтсағ. құраған. Бұл жағдайда өңірдің тұтыну көлемі – 3,9 млрд кВт сағ. Ерлан Құдайбергенұлы бүгінгі таңда елімізде өңірлерді газдандыру бойынша Шымкент қаласы жоғары көрсеткішке ие екендігін айтты. – 2025 – 2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама шеңберінде «Шымкент қаласының Ынтымақ шағынауданында 110/35/10 кВ кіші станция және 110 кВ электр желілерін…

Read More

Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді. Спикердің сөзінше, биылғы жартыжылдықтың қорытындысымен жалпы ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 216,9 млрд. теңгені құрап, өсім 107,1%-ға жеткен. Салаға 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 58,2 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, агроөнеркәсіптік кешендерді дамыту бойынша Түркістан облысы Республикада көш бастаған. «Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2024 жылға республикалық бюджеттен 10,6 млрд. теңге қаражат бағытталып отыр. Жобаға 62 ауылдық округ пен 62 кооператив қатысады. Жалпы жобаны іске асыру нәтижесінде 1 215 жобаға қолдау көрсетіліп, 1 701 жұмыс орны құрылмақ. Сонымен қатар, биыл бағдарламаны электронды AMANATNESIE.KZ платформасы арқылы жүзеге асыру көзделуде. Қазігі…

Read More