Биыл қыркүйек айында Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Аталған шараға спортшылардан бөлек, облыс өнерпаздары да атсалыспақ. Онда үздік қолөнер шеберлері өнімдерін ұсынып, ақындар айтысы, салт-дәстүрді насихаттайтын қойылымдар сахналады. Өңірдің туристік әлеуеті таныстырылады. Концерттік бағдарлама ұсынылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісте баяндалды. Өңір басшысы жоспарлы іс-шаралардан бөлек, ерекше форматта тың серпіліс керектігін айтты. – Түркістанға бүгінде тек еліміздің ғана емес, әлемнің әр түкпірінен қызығушылық білдіруде. Сондықтан да бізге келуші азаматтар өңіріміздің рухани-мәдени өмірімен танысады. Ол үшін тек облыс орталығында ғана емес, әрбір аудан, қаланың өз бренді болуы тиіс. Рухани астанамыздың төріндегі барлық іс-шарадан…
Автор: ais_media
Республикада суармалы жерлердің төрттен бір бөлігі Түркістан өңірінің үлесінде. Сондықтан да ағын су мәселесі облыс шаруалары үшін маңызды саналады. Шардарада облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. – Облысымыздың оңтүстік өңірлерін ағын сумен қамтамасыз ету «Достық», «Зах», «Ханым» және «Үлкен Келес» трансшекаралық магистралды каналдарына тәуелді. Биыл сұранысқа сәйкес, ағын су тұрақты босатылуда. Дегенмен тапшылық туындау тәуекелділігі жоғары. Сіздермен бірлесіп, туындаған мәселерді талқылау және оның шешімін табуға біз өз тарапымыздан ынталымыз. Осы орайда бірінші кезекте жұмысты Шардара ауданынан бастап жатырмыз. Келесі кезекте Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы «Қазсушар» мекемесі тарапынан туындаған мәселелерді толық қарайтын боламыз. «Ирригациялық дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы» құрылысының…
12-тамыз — Халықаралық жастар күніне орай ерекше балалар арасында жаңа ArmBack спорт түрінен сайыс өтті. Республикалық фестивальге Алматы, Ақтау, Петропавл, Атырау, Семей, Өскемен қалаларынан қатысушылар келген. ArmBack — жаңадан ашылған спорт түрі. Іс-шараны жаңадан құрылған “Жас жауынгер” қоғамдық ұйымы ұйымдастырды. Ұйым төрағасы Садық Байымбетовтың айтуынша, сайыс ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеуді мақсат еткен. Спорттық фестивальді одан әрі дәстүрге айналдыру жоспарда бар. ArmBack спорт түрінен республикалық фестиваль елімізде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімдігі, AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы қолдау көрсетті. Ұйымдастырушылар әлеуметтік жобаны еліміздің басқа қалаларында да өткізу жоспарда бар екенін атап өтті. Айта кетсек, спорт фестивальде…
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жастар күніне орай «Еңбек — бәрін де жеңбек» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Сала жетекшілері жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындарына қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берді. Алдағы уақытта тұрғындар өз кәсіптерімен айналысып, тұрақты жұмыспенде қамтылмақ. Қалада жұмыссы жастардың деңгейін төмендету шаралары басқарма тарапынан қарқынды жүргізілуде. Аталған мәселені шешу үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Таяуда ғана дәл осы саябақта кезекті бос орындар жәрмеңкесі өткен болатын. Мақсаи — екі қолға бір күрек таппай жүргендерге көмек көрсету. Игі шараға мұрындық болған Жұмыспен қамту орталығы. Жәрмеңкеге қаладағы мемлекеттік органдар мен жеке…
Жетісай ауданында Қазақстан бірінші лигасының кезекті туры өтті. Жетісайлықтар Оралдың «Ақжайық» командасын қабылдады. Кездесудің алғашқы таймының бірінші жартысында қарсылас команданың қарым-қабілетін бағамдаған жетісайлықтар қорғанысты күшейтті. Ойынның 37-ші минутында Жетісай командасының сұрмергені, Рамазан Абылайхан есепті ашса, 43-ші минутында Әділет Омарбек есепті еселеді. Осылайша алғашқы таймды 2:0 есебімен аяқтаған аяқдопшылар ойынның 63-ші минутында Асылжан Асатулланың салған голымен ойынды қорытындылады. Тартысты ойынды тамашалап, жергілікті командаға жанкүйер болған Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен ел азаматтары кездесуден соң теңбіл доп шеберлерін жеңістерімен құттықтады. 16-тамыз күні «Екібастұз» құрамасымен өтетін кезекті кездесуде жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдірді. Айта кетейік, «Ақжайық» құрамасын айқын басымдықпен жеңген «Жетісай» командасы…
Абай күніне орай Бәйдібек ауданында «Ұлы Қазақтың — Ұлы Абайы» атты облыстық байқау бастау өтті. Байқауды Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Пердебек Есқұлов пен аудандық жастардың көшбасшысы Жамбыл Көрікбаев ашып беріп, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар сайысқа қатысушы таланттарға сәттілік тіледі. Аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған байқаудың мақсаты – жастардың бойында адалдық пен сенімділікті, отансүйгіштікті қалыптастыру, Абай шығармашылығына деген қызығушылық қабілетін ояту. Аталған сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен талант иелері қатысып Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін айтудан ІІ кезең бойынша сынға түсті. Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ақтөре Қайрат, аудандық тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Бақыт Оспанова және Шаян мектеп лицейінің қазақ…
Бәйдібекте 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған. «ZHASTAR WEEK» апталығы аясында аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов білім, мәдениет саласының жастары мен жас кәсіпкерлер, ерікті жастар, спортшылармен және студенттермен кездесті. Бөген өзенінің бойындағы демалыс аймағында еркін форматта өткен кездесуінде белсенді аудан жастары өздерінің көкейінде жүрген сұрақтары мен пікірлерін айтып, ауданның дамуына қосатын түрлі саладағы ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар қонақтар «Сафи_арт_спорт» үйірмесінің және О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің қолөнершілерінің көрмесі мен талантты жастардың өнерлерін тамашалады. Бәйдібек ауданының атын асқақтатып жүрген спортшылар мен талантты жастардың жетістіктері аудан басшысына таныстырылды. Кездесу барысында аудан әкімі жастармен бірге қазақтың ұлттық спорт…
Елімізде 2020 жылдан бастап Абай күні кеңінен аталып өтуде. Бүгін осыған орай Түркістан қаласында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Тағылымды жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, зиялы қауым өкілдері мен өңір кітапханашылары, дарынды оқушылар қатысты. Алдымен келген қонақтар арнайы жасақталған кітап көрмесімен танысты. Содан соң облыс әкімінің орынбасары мен бір топ зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиында алғаш болып сөз алған «Түркістан облыстық ақсақалдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы Абай ілімін тарқатып, жастарға өнеге беретін ерекше сөздерін атап өтті. Ертай Кенжебекұлы өз кезегінде бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды. – Бүгінгі шараның қазақ руханияты мен әдебиетінде алар орны айрықша. Ұлы…
Жетісай ауданындағы мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов құрылысы жүріп жатқан мәдениет үйлерінде болып, жұмыс барысымен танысты. Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтпаев елді мекеніндегі 1986 жылы қолданысқа берілгелі жөндеу көрмеген мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған. 2679,1 шаршы метр аумаққа жүргізілуі тиіс жөндеу жұмыстарының жалпы құны 691 млн 445 мың теңгені құрайды. Келесі жылы қолданысқа берілетін мәдениет үйінде ауылдық кітапхана, спорттың волейбол, футбол және шахмат, ән, күй, би үйірмелері жұмыс істейтін болады. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме «Намыс» ЖШС қызметкерлері кестеге сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстарға жалпы саны…
Абай күні мерекесіне арналған “Абай әлемі” қалалық байқауының қорытындысы шығарылды. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі әлеуметтік желідегі байқауды биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырды. Абай саябында өткен бүгінгі іс-шара Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау, қала тұрғындарының рухани танымын кеңейту, оқу дағдысын жетілдіре отырып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапхана оқырмандарының санын арттыруды мақсат еткен. Меркелік жиын Абай саябағындағы хакімнің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Одан әрі «Абай әлемі» қалалық байқауы қорытындыланды. Қала тұрғындары арасында жыл сайын дәстүрге айналған «Абай әлемі» байқауында биыл 200-ге жуық адам бақ сынады. Байқаудың шарты бойынша көп қаралым жинап…