Автор: ais_media

Өткен аптада Қазақстан халқы ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың туылғанына 179 жыл толуын атап өтті. Ұлттық ұлан әскерінде 5 мен 14 тамыз аралығында «Абай жолы – болашаққа бағдар» тақырыбында Абай онкүндігі ұйымдастырылды. Абай күніне орай Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде Абай оқулары, әдеби кештер, викториналар мен мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді. Әскери қызметшілер ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы айтып берді. Іс-шарадан ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің қызметшілері де шетте қалмады. Мұнда жазушының туған күніне орай, мерзімді қызмет сарбаздары арасында поэзиялық байқау өтті. — «Байқау екі кезеңді қамтыды. Бірі – Абай өлеңдері, екіншісі – қара сөздерін оқу болды. Іс-шараның…

Read More

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы егіншілікке бейім аумақ саналады. Ауыл тұрғындары бос жатқан жерлерге егін егіп, отандық өнім түрлерін өндіруге үлестерін қосып келеді. Атап айтсақ Кентаулық «Эрмет ата» шаруақожалығы егіннің бірнеше түрімен айналысуды қолға алған. Шаруақожалық 2006 жылдан бері жұмысын жалғастырып келеді. Биыл 6 га жерге бау-бақша, 4 га жерге бидай, 5 га жергке жоңышқа, 2 га жерге жүзім, 5 га жерге қарбыз еккен. Барлығы тамшылатып суғару әдісімен өсірілуде. Өнімдері дайын болғанда бірқатар ауыл тұрғындары уақытша жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Шаруақожалықтың иесі, Әлішер Эрметұлының айтуынша, жемістердің басым көпшілігі Өзбекстан елінен әкелініп, осында көбейтілуде. — Шаруашылықпен айналысу оңай емес. Қажет шараларды…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға қолдау көрсету мақсатында арнайы тапсырма берген болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында жүйелі түрде іске асып келеді. Мәселен, Отырар ауданында мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникаларының 53 пайыздан астамы жаңартылған. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстарымен танысып, шаруалармен кездесті. Ақтөбе ауыл округіндегі «Мұрат» шаруақожалығында болған аудан басшысы ондағы ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңарту жобасымен танысты. Шаруақожалық иесі жоба аясында 284 миллион теңгеге Lovol GK120C комбайны мен Кировец K-7M K-743, Lovol TD1304, Lovol TD1054, Беларус 82,1 тракторларын сатып алып, қосымша 10 адамды жұмыспен қамтыған. Кәсіпкер заманауи техникалардың…

Read More

Кентау қаласына облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, елімізге танымал продюсер, тележүргізуші, актер Нұрлан Қоянбаев және бірқатар өнер жұлдыздары жұмыс сапарымен барды. Қала әкімі Жандос Тасовпен кездесіп, Түркістан өңірінде киноиндустрия саласы бойынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес үлкен жобаның бастағалы жатқаны жайында сөз болды. Сол бағытта аудан-қалаларды аралап, кино түсіруге мүмкіндіктер бары қаралып жатқаны айтылды. Қала басшысы облыстың мәдениетін дамыту бағытындағы Кентауға да оң ықпал беретін жаңа жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Кездесуге Нұрлан Қоянбаевпен бірге еліміздің жарық жұлдыздары әнші Нұржан Керменбаев, «Ринго» тобының мүшесі Аян Бірбаев, актер Дәулет Бижановтар бар. Айта кетейік, өңір басшысы Дархан Сатыбалды өнер жұлдыздарымен кездесуінде «Қай салада…

Read More

Түркістан қаласына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Абдиев арнайы жұмыс сапарымен келді. Облыс орталығында құрылысы жүріп жатқан 2000 орындық «Жайлы мектеп» алаңына барып, құрылыс жұмыстарының деңгейін бақылады. Аталған нысанның құрылыс сапасын тексеру үшін Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев бастаған жергілікті халық қалаулылары да қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығын шешу үшін «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасын қабылдауды тапсырған болатын. Президент айтқан жаңа мектептер ең заманауи құрал-жабдықтармен, қажетті оқу кабинеттерімен, спорт залдарымен жабдықталуы тиіс. Бастауыш және орта сыныптарды жеке асханалары, жуынатын бөлмелері, спорт залдары бар бөлек блоктарда оқыту ұсынылады.…

Read More

Түркістан өңірінің білім нысандарында жаңа оқу жылына қызу дайындық жүріп жатыр. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Отырар ауданы мен Арыс қаласына жұмыс сапарымен барды. Іссапар аясында мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердің құрылыс жұмыстарын тексерді. Биыл Отырар ауданда 6 мектеп, 3 балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, облыстық бюджеттен қаржы қаралған болатын. Отырарда жұмыс күшінен мәселе бар. Аудан әкімінің орынбасарына ауылдан жұмысшылар ұйымдастыруға тапсырма берілді Темір ауыл округінен бастаған облыс әкімінің орынбасары Темір жалпы білім беретін мектебінің жай-күйімен танысты. Білім ұясы 1979 жылы салынған. 874 орындық мектепте 789 оқушы білім алады. Мердігер мекеме ретінде «А-ІІІ GROUP» ЖШС-і анықталған.…

Read More

Түркістан қаласы бүгінде қайта жаңарып, көптің қызығушылығын тудыруда. Құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді. Әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс. Бұл мәселені облыс әкімі Дархан Сатыбалды бақылауда ұстап отыр. Сәулеттік жобалар талқыланған мәжілісте жаңа жобалар таныстырылды. – Жаңа жобаларды жүзеге асыру бастамаларын қолдаймыз. Түркістан қаласында салынатын жаңа ғимараттардан шығыс және ұлттық сәулет нақыштары көрініс табуы керек. Сондай-ақ құрылыс бастайтын инвесторлар арнайы жұмыс жоспарын бекітіп, уақытында аяқтауы қажет. Көтеріліп отырған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар беріңіздер, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшыларына тапсырмалар берді. Мәжілісте бірқатар жаңа жобалар ұсынылды. Атап айтсақ, Әкімшілік-іскерлік орталығында бизнес орталықтары, әлеуметтік нысандар салу…

Read More

«Тарихта болмаған қолдау»,- қазақстандық шаруалар су үнемдеу жүйелеріне төленетін субсидия мөлшерін ұлғайту шешіміне қуанышын білдіруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайты. Бұл заманауи суару жүйелерін сатып алу, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету шығындарын өтеуге көмектеседі. «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін әр өңірге су үнемдеу жүйелері орнатылған егіс алқаптарын ұлғайту бойынша нақты индикаторлар белгілеп, 2030 жылдың соңына дейін кезеңдік жоспар әзірледі. Министрлік 2030 жылдың соңына қарай республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 50%-дан астамын су үнемдеу технологияларымен қамту арқылы жылына…

Read More

Түркістан облысы аумағында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 983,3 шақырымды құрайды. Аталған жолдардың бойында 409 дана көпір және 3 591 дана су құбырлары орналасқан. Биыл облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Келес, Сауран, Отырар, Мақтаарал, Төлеби, Сарыағаш аудандарындағы 6 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған көпірлер жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Соның бірі Сарыағаш ауданына қарасты Сіргелі елді мекенінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-50 «Дербісек-Сарыағаш» автомобиль жолы бойындағы Тасқұлақ өзенінің үстіндегі көпір күрделі жөндеуден өткізілуде. Бүгінде мердігер мекеме «СК «Дар» ЖШС тарапынан айналма жол ұйымдастырылып, көпірді демонтаждау жұмыстары басталған. Нысан құрылысы қараша айына дейін аяқталып,…

Read More

Сауран ауданы Қарашық елді мекеніндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары басталды. Аудан әкімінің халықпен кезекті кездесуінде аталған мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген болатын. Осы орайда аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жол жөндеу жұмыстарын арнайы барып қадағалады. Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабековтың мәлімдеуінше, Қарашық елді мекеніндегі Құдайқұлов, Қарнақ, Қарашық, Навои және Әл-Фараби көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында «Altai Building LTD» ЖШС мекемесі жүргізуде. Сонымен қатар, өңір басшысы Бабайқорған елді мекеніндегі Қисық Шоқпар және Қонаев көшелерінің бойындағы жаңа көпірдің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде.

Read More