2024 жылдың 6 айында облыс бойынша 4 кәсіпорында 358 қызметкер алдында 102,2 млн теңге жалақы қарызының орын алғаны анықталды. Жұмыс берушілерге нұсқамалар беру арқылы 84,8 млн теңгесі өндіріліп, 280 қызметкердің еңбек құқықтары қорғалды. Бұл туралы брифгинте Түркістан облысының бақылау жөнінде басқарма басшысының орынбасары Берік Ибадуллаев мәлімдеді. «2024 жылдың 6 айында азаматтардан келіп түскен 683 арыз-шағым қаралып, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді. Арыздардың негізінде мекемелер мен кәсіпорындарға 134 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 242 заң бұзушылық анықталды. Анықталған еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 23,6 млн теңге көлемінде 776 хаттама толтырылып айыппұл салынды. Одан бөлек, соңғы алты айда жұмыс барысында жарақат алу бойынша…
Автор: ais_media
Биылғы жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін 49 отбасы қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 16 отбасы — 1,2 топ мүгедектігі бар азаматтар, 9-ерекше бала асыраушы отбасылар, 3-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар, 11- көпбалалы отбасылар, 4-толық емес отбасылар, 6- бюджеттік мекеме қызметкерлері бар. Азаматтар Отбасы банк арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында несиелік негізде пәтер рәсімдеу барысында оның алғашқы жарнасының бір бөлігін 1 млн. теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты арқылы жабу мүмкіндігіне ие болған. Қазіргі таңда тұрғын үй сертификаттарына өтінімдер қабылдау жалғасуда. Бұл қолдауға ие болу үшін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар мемлекеттік бағдарлама аясында…
ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өткен “Денсаулық бұрышы” акциясында дәрігерлер 400-ге жуық азаматқа кеңес берді. Шара барысында «Студенттік емхана», №14емхана және «Kameya Pharm» клиникасының бейінді мамандары тобы «ОӘД», «Север» және «Бекжан» сауда орталықтарында сатушылар мен қала тұрғындарын қабылдап, медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетті. Хирург, невропатолог, акулист, психолог және акушер-гинеколог, гастроэнтеролог сынды бейінді мамандар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына бағыт-бағдар берді. Шара барысында сондай-ақ Қор филиалының мамандары МӘМС жүйесінің маңыздылығы туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді. Іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткен «ОӘД» мен «Север» және «Бекжан» сауда орталықтарының басшылығына алғысымызды білдіреміз!
Түркістанда «Педагогтердің сағат жүктемелерін дұрыс бөлу және тарифтеу процесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тәжірибе алмасу» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті. Іс-шараны Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Нұрпейісов бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз кезегінде пайдалы ақпараттарды түртіп алып, жұмыс процесінің оңтайлы жүзеге асырылуын бақылауға алуды тапсырды. Онлайн форматта өткен оқыту семинарына Қарағанды облыстық білім басқармасына қарасты Сарань қаласындағы №17 мектеп-гимназиясының директоры Никита Максименко сағат бөлудегі озық тәжірибесін бөлісе отырып, тиімді тұстарын таныстырды. Жиын барысында педагогтарға сағат жүктемесін тиімді бөлудің рейтингтік жүйемен іске асырылатынын түсіндірді. Аталған семинарға Шардара, Мақтаарал, Жетісай, Төлеби, Түлкібас аудандары жіберілген сілтеме бойынша өз ауданында бір…
Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен «Өңірдің жұмыспен қамту картасы» аясында биыл 118,9 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған. 2024 жылдың қаңтар-шілде айларында 68,5 мың адам жұмыспен қамтылып, қазіргі таңда жоспар 58%-ға орындалды. Бұл туралы брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді. «Жыл басынан 31 мың адам тұрақты жұмыс орнымен, 37,5 мың адам субсидияланған уақытша жұмыс орнымен, 1 500 адам Ұлттық жобалар мен Тұжырымдамалар бойынша ашылған жұмыс орындарымен қамтылды. Бұдан бөлек, жаңа бизнес жобаларды іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 1-2 легінде 5 388 адамнан өтінім түсіп, комиссия шешіміне сәйкес 1 783 адамға грант берілді. Сондай-ақ, 2024 жылғы…
Су тасқынына қарсы дайындық шаралары Түркістан облысында тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстар белгілеген жоспар бойынша іске асырылып жатыр. Оның барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде жан-жақты талқыланды. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, жұмыстарды ширатуды тапсырды. Тапсырманы орындамаған аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма өздеріне жүктелген міндетті орындап, қауіпсіздік шараларын күшейтуді ескертті. – Апаттың алдын алу жұмыстары тоқтамау керек. Қажетті құрал жабдықтар мен техникалармен қамтамасыз етілді. Сондықтан су арналарының ағымдағы жөндеуі мен механикалық тазалау жұмыстарын кестеге сәйкес аяқтау қажет. Су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті шаралар өз мерзімінде орындалып, облыс аумағындағы бөгеттерді нығайту,…
Олимпиадалық даярлау орталығында 8 тамыз күні 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасынан ел намысын қорғайтын спортшылар есімі белгілі болды. Еліміздің ең үздік 6 теңге ілушісі Көшпенділер ойындарына тікелей жолдама беретін 3 орынды сарапқа салып, іріктеу ойындарына қатысты. Спортшыларымыз «қос құлаш», «бес белес», «жеті құт» стилдері бойынша бақ сынады. Қорытындылай келе, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын «бес белес» стилінен Бекнұр Серіков, «жеті құт» стилі бойынша Бақыт Төлтай, ал «қос құлаш» стилінен Рахат Қамбаров қорғайды. Теңге ілуден 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы келесідей: 1. Рахат Қамбаров — 2001 жылы Түркістан облысында туған. 2022 жылы Теңге ілу федерациясының бас…
Түлкібастағы Жаскешу ауылында орналасқан «Серғазы» шаруа қожалығының төрағасы гектарына 30 центнерге жуық бидай өнімін алуда. Ал, Арыс ауылдық округіне қарасты «Сүйіндік» шаруа қожалығының қадамы аудан көлеміне қарыштап дамып келеді. Бүгінде ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтың табысы жылдан жылға ұлғайып келеді. Берекесі мен ынтымағы жарасқан бұл ұжымды ұзақ жылдардан бері диқан, іскер азамат Мелдебек Сүйіндікұлы Тайлиев басқарып келеді. «Сүйіндік» шаруа қожалығының төрағасы Мелдебек Тайлиевтің сөзінше, өткен жылы 650 гектар жерге бидай, 120 гектарына жоңышқа, 250 гектарына мақсары еккен. Қазіргі таңда алқапқа 3 комбайн техникасы жұмылдырылған. Комбайншылардың орған бидайын 2 “Камаз” көлігі егіс алқабынан тоқтаусыз тасымалдап жатыр. Комбайншылардың, тасымал жұмыстарын атқарып…
Өңірде жаңа оқу жылы қарсаңында бірқатар білім ошақтарында, сонымен қатар бірқатар денсаулық нысандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Шардара және Қазығұрт аудандарына жұмыс сапарымен барып, бірнеше әлеуметтік нысанды аралап көрді. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Жауапты мердігерлермен тілдесіп, тиісті мамандарға міндеттер жүктеді. Алдымен Шардара ауданының Көксу ауылында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясына барды. Мұнда 187 мұғалім 91 кіші қызметкер жұмыс істейді. Жобалық қуаты 750 оқушыға арналған мектепте 984 оқушы екі ауысымда білім алады. Оқу ғимараттары 1972-2006 салынған. Бүгінде жұмыстың жартысынан көбі аяқталған. Жүзге жуық жұмысшы бар. Ай соңында тапсырылады. Келісім-шарт бойынша нысан 2025…
Арыс қаласының тұрғындары арасында экомәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» шарасы аясында «Үлгілі үй», «Үлгілі аула», «Үлгілі көше», «Үлгілі ауыл» және «Үлгілі кіреберіс» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау қаланың көркін арттырып, тұрғындар арасында көріктендіру және тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған болатын. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында қала әкімі Гүлжан Құрманбекова үздік деп танылған үй иелері мен көше белсенділеріне қаржылай сыйлықтар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Әкім өз сөзінде қаланың күннен-күнге көркейіп келе жатқанын, және бұған әрбір тұрғынның үлесі бар екенін ерекше атап өтті. Марапаттау рәсімінде жеңімпаздар өз жетістіктерін бөлісіп, болашақта да қаланы көркейтуге өз үлестерін қосуға уәде берді. Үйдің…