Түркістан облысында биыл жалпы 224 тұрғын үй (2 469 пәтер) құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың басым бөлігі — көпқабатты тұрғын үйлер. Құрылыс сапасы — басты назарда. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров облыстық құрылыс басқармасы мамандарымен Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтарал, Шардара аудандарында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің жұмыс барысын қадағалап, аудан әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері мен медігер мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылыстың сапасына басты назар аударып, тұрғын үйлердің сейсмоқауіпсіздігінің сақталуына қатаң бақылау жүргізуді тапсырды. Бастысы – құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес аяқталуы тиіс. Құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді ескертті. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы 63 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде биыл…
Автор: ais_media
Түркістан облысында қазіргі таңда жалпы 11 мәдениет нысаны салынып, 6-на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 мәдени нысанның құрылысы мен 6 клубқа күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мәлімдеді. «Облыс бойынша 704 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Оның 681-і аудан-қала әкімдіктеріне, 23-і мәдениет басқармасына қарасты. Одан бөлек, биыл 7 айда үш кәсіби театрда 183 спектакль қойылды. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония мен «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде 150 концерт және мәдени шаралар өткізілді. Ал басқармаға қарасты «Оңтүстікфильм» мекемесінде 137 бейнеролик, 38 әлеуметтік және деректі бейнефильм дайындалды. Сонымен…
2024 жылы осы бағытта барлығы 40 мың жас қазақстандықты жұмысқа орналастыру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан – 2,9 мың адам, Жамбыл – 1,6 мың адам, Қызылорда – 1,1 мың адам облыстарында және Шымкент қаласында – 1,2 мың адам. Жастар практикасына қатысатын әйелдердің үлесі 63,3% немесе 9,3 мың адамды, ауыл тұрғындарының үлесі – 8,6 мың адамды немесе 58,1%-ды құрайды. Алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектері жастар практикасына қатыса алады. Жастар практикасына қатысу үшін мансап орталығына өтініш…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ордабасы, Сайрам және Түлкібас аудандарына жұмыс сапарымен барды. Ондағы білім ошақтарында жүргізіліп жатқан жұмыстармен жіті танысып, бірқатарына қатаң ескерту жасады. Алда тұрған міндеттерге жауапкершілікпен қарауды талап етіп, сапалы әрі дер кезінде аяқтауды тапсырды. Биыл Ордабасы ауданындағы 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Алдымен Бадам ауылындағы Ә.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебіне барып, ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Мектеп 1978 жылы пайдалануға берілген. 640 орындық мектепте 849 оқушы білім алады. Мұнда спорт залы, акт залдарының жоғарғы қабырғасын жөндеу, ішкі еден ауыстыру, ленолиум ауыстыру, ішкі қабырғаларын қырып сылау және есік-терезелерін ауыстыру жоспарланған. Содан соң Мәдениет ауылы, Қ.Сәтбаев…
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері бүкіл Қазақстан бойынша жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмысты аяқтады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі. Қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты қайтару тұтынушылардың дербес шотында жаңа жылыту кезеңінде (2024-2025 жылдар) не күнтізбелік жылда (2024 жылдың соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен көрініс табады. Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасының нормаларына сәйкес табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға не жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке…
Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылында “Самғау” №6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы бой көтерді. Оңалту орталығы 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетуге бағытталған. Атап айтқанда, сауықтыру орталығы бір мезетте 200 адамға медициналық, педагогикалық еңбекке баулу бағыттарында қызмет көрсетуге қауқарлы. Мекеме директоры Гүлнұр Сауртаеваның сөзінше, аталған заманауи бағыттағы оңалту мекемесі 3 қабаттан тұрады. Сондай-ақ ғимарат толыққанды материалдық-техникалық базамен жабдықталады. Әлеуметтік орталық қазан айынан бастап штаттық режимде жұмысын бастайды деп жоспарлануда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Киелі Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Арыс қаласының мәдени күндері түңлігін түрді. Екі күнге созылатын бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы. Іс-шара Этноауыл кешенінен бастау алды. Мұнда келушілер Арыс қаласының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдаудың арқасында грант алып, кәсібін ашқан азаматтар өз туындыларын ұсынды. Ашық аспан астындағы көрмеге Арыс қалалық музейі де қаланың терең тарихынан паш ететін жәдігерлерді ұсынды. Ал суретшілер мен мүсіншілердің туындылары келушілерді ерекше тәнті етті. Әрі қарай Этноауыл аумағында арыстық өнерпаздар мен Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен бай салт-дәстүрімізді насихаттайтын керемет шаралар көрініс тапты. Мұнда ақ жаулықты әжелер тулақ тарту, текемет басу, «төркіндету», «қалау» секілді…
Бүгін қазақтың мақтанышы, әнші Димаш Құдайберген Түркістан қаласына келді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы кездесіп, құрмет көрсетті. – Еліміздің атын әлемдік аренада танытып жүрген өзіңіздей өнер адамын өз өлкемізде көргеніме қуаныштымын. Сіздің бұл сапарыңыз – облысымыздағы руханият саласына, өңір туризмін дамытуға зор серпін береді деп ойлаймын. Қазіргі таңда, өңірде руханият саласында бірқатар бастамалар қолға алынып, жүзеге асуда. Республикалық, халықаралық деңгейдегі шаралар – өңірімізге туристердің, қадірлі қонақтардың келуіне себеп болуда. Солардың бірі – «Voice of Turan» халықаралық қазақ әндерін орындаушылар байқауы. Биыл 5-ші рет ұйымдастырылып отырған байқауда әлемнің 20-ға жуық елінен өнерпаз қатысып, қазақ әндерін шырқайды. Осы байқау барысында әлемнің қай…
Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай мерекелік салтанатты жиын өтті. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырған іс-шараға салық және кеден саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерді марапаттады. Қала әкімі шаһарда жергілікті салық түсімдерінің артып келе жатқанын атап өтіп, ел қазынасы үшін жұмыс атқарып жүрген әрбір қызметкерге алғысын айтты. Сондай-ақ, экономиканың дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, халықтың құқықтық сауаттылығы мен салық мәдениетін арттыру — мемлекеттік кірістер органдарының қажырлы еңбегі екеніне тоқталды. Мерекелік іс-шара барысында үздік қызметкерлер ҚР ҚМ «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, Шымкент…
Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» жобасы аясында тақырыптық қабылдау өтті. Балалардың құқығын қорғау, оларға қатысты заң бұзушылық жағдайлары бойынша ұйымдастырылған кездесуге бірнеше басқармалардан жауапты мамандар келді. Адвокаттар, әділет департаментінің өкілдері қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Қабылдауға жазылғандардың басым бөлігі әлеуметтік мәселе бойынша көмек сұрай келгендер. Сондай-ақ, ерекше балалар үшін әлеуметтік көмек пен демалыс алу, мектеп ауыстыру, алимент өндіру секілді сұрақтар төңірегінде заңдылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мәселен, Зухра Исламова есімді қала тұрғыны жаңа туған нәрестесінің құжатына әлі күнге дейін қол жеткізе алмаған. Тиісті мекемелерден мардымды жауап ала алмаған ол, Аманат партиясына келіп көмек сұраған. Нәтижесінде заңгерлер оң…