Түркістан облысында 807 елді мекеннің 737-сі ауыз сумен қамтамасыз етілген. Республикалық көрсеткішке сәйкес, өңірдің қалалары 100 пайыз, елді мекендер 97,3 пайызға ауыз сумен қамтылған. Биыл ауыз сумен қамту бойынша 63 жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 15,7 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде, 34 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, қалған 29 елді нысан 2025 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен 29 елді мекендегі 15 мыңға жуық халық ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Түркістан облысында елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде кезекті рет талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды ауыз сумен қамтудың маңыздылығына тоқталып, құрылысы созбалаңға…
Автор: ais_media
Национальная сборная по традиционной стрельбе из лука активно готовится к предстоящим 5-м Всемирным играм кочевников, которые пройдут в сентябре этого года в Астане. Так, казахстанские лучники проводят тренировки и оттачивают свое мастерство на территории столичного ипподрома «Казанат», где будут проходить основные соревнования. По словам старшего тренера национальной сборной по садак ату Диаса Ахметова, на сегодняшний день для участия в соревнованиях по традиционной стрельбе из лука в рамках ВИК поступили заявки от представителей 35 стран мира. «Сейчас идет процесс аккредитации. Хорошую подготовку показывают лучники из Турции, Малайзии, Кыргызстана, Венгрии, России. Я думаю, что наши спортсмены покажут свой высокий уровень на предстоящих…
Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама спортшылары осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына деген дайындықтарын қыздыра түсті. Садақшылар дүбірлі додада сайыс өтетін алаңда, яғни «Қазанат» ипподромында шеберліктерін шыңдап жатыр. Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама бас бапкері Диас Ахметовтің айтуынша, бүгінде ДКО аясында өтетін дәстүрлі садақ ату сайысына қатысуға 35 мемлекеттен өтініш түскен. «Қазір аккредация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Байрақты бәсекеде Түркия, Малайзия, Қырғызстан, Венгрия, Ресей сынды мемлекеттердің садақшылары жақсы өнер көрсететіні белгілі. Дегенмен, біздің спортшыларымыз өздерінің мықтылығын дәлелдейтініне сенімдімін», — дейді ол. Көшпенділер ойындарына деген дайындықтары жайлы дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшелері де айтып берді. «Бұл бәсеке біздің алаңда…
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, мәслихат депутаттары жылу маусымына дайындық іс-шараларының барысын пысықтады. Жылу қазандықтары, жылу жүйелерінің қысқы жылыту маусымына дайындығын бақылады. Мәслихат төрағасы алдымен «АДЦ-160 Гкал» қазандығын жаңғырту бойынша жұмыстардың барысымен танысты. Бүгінде «АДЦ-160 Гкал» қазандығын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аталған шаралар жылумен қамтамасыз етуді жақсартып қана қоймай, пайдалану шығындарын азайтады және жылу көзінің тұтынушыларға жақын орналасуын пайдалана отырып, жылыту режимін жылдам реттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бүгінде Нұрсәт шағынауданында ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда. Жауапты бас мердігер –«Таразстрой-2004» ЖШС. Мердігер компания өкілдері құрылыс биыл 1 қазанда аяқтауды жоспарлап отыр. Жуырда жұмысшылар санын көбейтпек. Мәслихат төрағасы жылу…
Түркістан қалалық орталық ауруханасы кезекті пациенттеріне есту мүмкіндігін сыйлады. Мұнда IV дәрежелі есту қабілеті жоғалған 4 пациентке жоғары технологиялық «Кохлеарлық имплантация» отасы сәтті өткізілді. Олардың екеуі ересек, екеуі бүлдіршін. Анкара қаласының Гази университеті мен аурухананың біріккен меморандумы аясында профессор Режеп Карамерттің көмегімен стационар оториноларингологтарымен бірге пациенттерге Med EL (Австрия) компаниясының импланттары тағылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде тегін жүргізілді. Қазіргі таңда олар өздерін жақсы сезініп, келесі отадан кейінгі ерте реабилитация кезеңіне дайындалуда. Бұған дейін бұл санаттағы оталар тек Астана және Алматы қалаларының озық клиникаларында ғана мүмкін еді. Ал былтыр алғаш рет Түркістан облысында мұндай мүмкіндікке қол жеткізген. Түркістан қалалық…
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға арналған кешенді бағдарламаны әзірлеп, қабылдады, деп хабарлайды primeminister.kz. Кәсіпкерлікті дамыту саласында мемлекет жүргізіп отырған саясаттың қазіргі күн тәртібі мен мықты, бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құру қажеттігін ескере отырып, жаңа бағдарлама аясында тиімді жобаларға қолдау көрсету көзделген. Сонымен қатар жаңа жобаларды субсидиялау үшін бюджетті бөлу негізінен өңдеу өнеркәсібі саласындағы (шамамен 50%) кәсіпорындар арасында жүзеге асырылады. Сондай-ақ бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін қызмет көрсету саласындағы жобаларды субсидиялау мерзімі 5 жылдан 3 жылға…
2024 жылдың 1 тамыз-31 қазан аралығында еліміздің 12 аймағында «Сұңқар» кең көлемді табиғатты қорғау акциясы өтеді. Шара мақсаты — «Қызыл кітапқа» енген сұңқар тектес құстарды ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз аулау қызметін анықтау және оларды қорғау. Бұл туралы өткен брифингте «Охотзоопром ӨБ» Қызылорда өңірлік филиалы басшысының орынбасары Нуриддин Қасымов мәлімдеді. «Сұңқар» кең ауқымды акциясы — Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Жамбыл, Алматы облыстарының және көршілес облыстардың іргелес аудандарының аумақтарында өтеді. Аталған өңірлерде сұңқар тектес құстардың миграциялайтын және мекен ететін аумақтарын қорғау жұмыстары ұйымдастырылады. Оған мекеменің 163 инспекторы, 80-ге жуық арнайы көлік, «дрон» аппараттары, түнгі көру…
Түркістан облысында 2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының саны 1 060-қа артқан. Бүгінде өңірде 530 мың оқушы болса, оның 52 593-ы биыл 1-сыныпқа қабылданады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов мәлімдеді. «Жалпы Түркістан облысында 121 мектеп күрделі жөңдеу жұмыстарын қажет етеді. Бүгінде 66 мектептің жобалық сметалық құжаты дайын. Биыл 22 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 5 мектеп 2024 жылдың 1-қыркүйегінде пайдалануға берілмек. Өңірде «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы» аясында 2023-2025 жылдары аралығында 49 мың орындық 63 мектеп салу жоспарланған. Ал 2024 жылы 22 900 орындық 29 мектеп қолданысқа беріледі. Сонымен…
Медициналық жоғары оқу орындарына түсуді ынталандыру және студенттерді оқыту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде 2021 — жылдан бастап жыл сайын барлық деңгейдегі білім алушылар үшін стипендияны 15-20% — ға дейін арттырады. Сондай-ақ медициналық колледждердің білім алушыларының да стипендиясы көтеріледі. 2023 — жылдың 1 — қыркүйегінен бастап ол 50% — ға көтерілді. Ағымдағы жылдың 1 — қыркүйегінен бастап қосымша 50% — ға арттыру жоспарда бар. Медициналық кадрларды даярлау және медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты. Ол дәрігер мамандығының беделін арттыру, ауылдарға жас мамандарды…
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің маңызды мәдени мұра нысандарындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Сапар барысында Аида Балаева «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, Қылует жерасты мешітіне және Яссы-Күлтөбе ортағасырлық қалашығына барды. Министр «Әзірет Сұлтан» музей-қорығына 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ұлттық» мәртебе беру оның Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау үшін маңыздылығын көрсететін маңызды оқиға екенін атап өтті. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы — археологиялық және сәулет ескерткіштерінің бірегей кешені, мұнда халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар 45 нысан бар. Жыл сайын 350 мыңнан астам адам келетін жер Қазақстанның ең қастерлі…