Автор: ais_media

Қордың кепілдігі – кәсіпкерлерді қаржылай қолдау құралы және несие аларда мүмкіндікті арттырып, қосымша көмек ретінде ұсынылады. Несие аларда кәсіпкердің кепілзаты жеткіліксіз болса «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» Қоры банк алдында борыштың бір бөлігін өтеуге кепіл болады. Ол кепілдікті алу үшін кәсіпкер бизнеске арналған мемлекеттік бағдарламаның тиісті бағытын таңдап, банкке жүгінуі керек. «Даму» Қорына ұсынатын құжаттар тізімі: — Кепілдік алуға өтінім, оның ішінде EGOV және online.damu.kz порталдары да арқылы — Қордың кепілдігімен несие беру туралы Банктің уәкілетті органының шешімі — Кәсіпкердің қаржылық құжаттары — Қызмет көрсететін банктен және басқа қаржы ұйымдары алдында соңғы 12 айда берешегі бар-жоғы туралы, айналымы туралы анықтама…

Read More

Түркістан облысында 2025 жылға Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен ерте пісетін көкөністер сатып алу форвардтық келісімшарттар жасасу бойынша кездесу өткізді. Оған ҚР АШМ ауылшаруашылық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Шаймерден Ахметов және осы департаменттің ішкі сауда басқармасының басшысы Темірлан Маратов қатысты. Сонымен қатар республикамыздың барлық өңірлердің ауыл шаруашылығы, кәсіркерлік басқармалары мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация өкілдерімен Түркістан облысында ерте пісетін көкөністерді егетін өңір шаруалары бас қосты. Халықты жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға Түркістан облысы АШТӨ-мен ерте пісетін көкөністерді сатып алу бойынша форвардтық келісімшарттар жасасу мақсатында облыстың 100 ге жуық ауыл шаруашылығы…

Read More

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы республикада көш бастады. Салаға инвестиция тартылып, 1,5 есеге өсті. Ал 2024 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы саласының көлемі 308,3 млрд. теңгені құрап, 106,2% деңгейінде қалыптасты. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде алдынға жылы көкөніс, бақша дақылдарының 3,3 млн.тонна рекордтық өнім жиналды. Жиналған өнім бойынша республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 380 жұмыс орнымен 45 жобаны іске асыру жоспарланған болса, оның 13 жобасы іске қосылып, 136 жұмыс орны құрылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау қуаттылықтарын арттыру мақсатында Сауран ауданында 1 гектар аумақта көкөніс сақтау қоймасы және 30 га аумақта шағын өнеркәсіптік паркжобасы жүзеге…

Read More

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Сауран ауданының Түркістан қаласындағымәдениет күндері қорытындыланды. «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен гала-концертке аудан әкімі орынбасары Ербол Жанғазиев қатысып, сахна төрінде жұртшылыққа жылы лебізін білдірді. Мәдени шараға қала тұрғындары мен қонақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Гала-концертте елімізге танымал эстрада жұлдыздары Нұржан Қалжан, Бауыржан Мұстафаев, Нұржан Төлендиев және Данияр Барыс ән шырқап, қалың көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар аудан өнерпаздары би билеп, қоңыр үнмен Түркістан аспанын сазға бөледі. Өнер сүйер қауым әншілермен қосыла ән айтып, мерекелік кештің сәнін кіргізді. Айта кетейік, екі күнге созылған мәдениет күндері барысында Этноауылда ұлттық құндылықтар насихатталып, төл өнеріміз паш…

Read More

Конституция күні және жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облысында тағы бір жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оқу жылына орай өңірде 4 жаңа білім ұясы ашылады. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы Көкібел елді мекенінде бүгін Сабыр Рақымов атындағы 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Тұрғындарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтауға арнайы келген облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауыл тұрғындарымен кездесті. — Тұрғындармен өткен кездесуде осы мектеп мәселесі көтерілген болатын. Мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Жаңа білім ошағынан ел үшін еңбек ететін білімді жастарымыз шыға берсін. Өйткені мемлекеттің дамуы ең алдымен азаматтардың білім, тәрбие, мәдениет деңгейіне байланысты. Сондықтан, кез-келген ел әлеуметтік…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетін ретке келтіру бойынша жауапты сала басшыларымен кездесті. Бұл бағытта кезең-кезеңімен ауқымды жұмыстар жүзеге аспақ. Жиналыста осы мақсатта жүзеге асырылатын Түркістан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жобасы жан-жақты зерделенді. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ағымы және жүк көліктері қозғалысы үшін аса маңызды бекет тәулік бойы жұмыс істейді. Шекара аймағындағы инфрақұрылымды, автотұрақтарды реттеу, қызмет көрету орындарын реттеу, жолаушылар мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, көгалдандыру, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын ретке келтіру, бағытында жұмыстар жалғасады. Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекеті — тек Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ғана емес, Орта Азиядағы ең ірі…

Read More

Түркістан қаласында Конституция күніне орай Бекзат тұрғын алабында қала тұрғындарының ұсынысына сай жаңа саябақ ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысып, Бекзат секторы тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын саябақта тұрғындар мен қала қонақтарының тынығуына қолайлы жағдай жасалған. 24 мың шарты метр аумақ көгалдандырылып, 3500 ағаш отырғызылған. Аумақта балаларға арналған ойын алаңшасы мен воркаут алаңы орнатылған. Мерекелік кештерді өткізуге арналған сахна да қарастырылған, келушілер үшін 1200 шаршы метрді құрайтын автотұрағы да бар. Одан бөлек, 20 орындық пен 20 қоқыс жәшігі орнатылып, аяқ жол тақтайшалары төселген. Арнайы транформатор орнатылып, саябақ…

Read More

Ордабасы ауданында қолайлы инвестициялық климат құру және экономикадағы өнеркәсіп саласын одан әрі дамытуға толық мүмкіндік бар. Атап айтқанда, мұнай-химиялық кластерді дамыту, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары өндірісінде, өңдеуді терең пайдалану, арнайы индустриальды аймақтарды ұлғайту, жаңа технологияларды ендіру және дамыту үшін өңдеуші өнеркәсіпке шетел компанияларын тартуға басымдық беріледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте Ордабасы ауданының экономикалық өсімін қамтамасыз ету бойынша аудан әкімі Азат Оралбаевтың есебі тыңдалды. Ауданның 2030 жылдарға дейінгі «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша» стратегиялық бастамаларды жүзеге асыратын жол картасының негізгі бағыттары мен көрсеткіштері және резервтер туралы баяндалды. Даму тұжырымдамаларына қатысты экономика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризмді дамытып, жұмыспен…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауғанстандық инвесторлармен кездесіп, бірқатар жаңа жобаларды талқылады. Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты. Облыс әкімі өңірдің кешенді даму жоспарында инвесторлар тарту, оларға қолайлы жағдай жасау мәселесіне айрықша тоқталып, инвесторлармен байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді. Тараптар өңіраралық байланыстырды дамыту, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы бірқатар жобаларды талқылады. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдерін өңдеу, мәдениет пен туризмді дамыту бағытындағы бірқатар ұсыныстармен бөлісті. – Өңіраралық байланыстырды дамыту біз үшін өте маңызды. Әр инвестормен жеке-жеке жұмыс істейміз. Мен өзім барлық инвесторлармен тікелей байланыстамын. Сіздермен де тұрақты түрде байланыс орнатып, жемісті жобаларды жүзеге асыратынымызға сенімдімін, -…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Басқосуда облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өткен өңір басшысы осы бағытты дамыту бойынша бірқатар жобалалармен бөлісті. Тараптар агроөнеркәсіп саласында іскерлік қарым-қатынасты орнатуға ниетті. Түркістан облысында жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырған шетелдік компаниялар ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі секілді салаларды дамытуда бірлесе жұмыс жаусауға дайын. Жаңа зауыт, фабрикалардың іске қосылуы өңір халқының әл ауқатын жақсарта түспек. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындары ашылады. Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция бойынша Қытай Халық Республикасы үздік 5 елдің қатарына кіреді. Таяуда ғана, облыс…

Read More