Автор: ais_media

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Астана қаласына арнайы іссапармен барды. Онда «Sovico Group» компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхан Хунг мырзамен және компания делегациясымен кездесу өтті. Кездесу барысында Түркістан облысының әкімдігі мен «Sovico Group» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Жүздесуде Түркістан қаласының халықаралық әуежайын дамыту перспективалары, жаңа авиакомпанияларды тарту, қосымша әуе бағыттарын ашу, инфрақұрылым нысандары мен көліктік-логистикалық хаб салу және облыста туризмді дамыту мәселелері талқыланды.

Read More

Бүгінде Кентау қаласында мемлекеттік қолдауға ие болып, кәсіп ашқандардың қатары көбейіп келеді. Солардың бірі қоқысты кәсіп көзіне айналдырған — Гүлназ Жайықбаева. Ол 1 млн 500 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты жеңіп алып, қалдықтарды жинайтын құрылғы сатып алған. Қазіргі таңда қоқыстарды сұрыптап, арнайы зауытқа өткізеді. Алдағы уақытта қалдықтарды ұнтақтайтын техника сатып алып, пластмассадан түрлі зат шығаруды жоспарлап отыр. Кәсіпкердің сөзінше, ол пластикалық бөтелке, қатты қағаздар, пластмасса жәшіктері мен полиэтилен қапшықтарын қабылдайды. Сондай-ақ, ол кәсібі арқылы қала тазалығын сақтауға үлес қосып жүр. Бүгінде қала тұрғындары қатты қалдықтарды Гүлназға келіп өткізеді.

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс аумағында заманауи тұқымбақ ашуды тапсырған болатын. Осы бағытта өңірде тиісті жұмыстар атқарылуда. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тұрақты 2 тұқымбақ бар. 240 гектар аумақты алып жатқан бұл бақтарда 25-ке жуық әртүрлі ағаш-көшеттері өндіріліп жатыр. Атап айтсақ, қылқан жапырақты 6 түр, жапырақты 11 түр және бұта тектес ағаштардың 6 түрі өсірілуде. Қазіргі таңда тұқымбақта барлығы 5,7 миллионнан астам ағаш-бұта көшеті өсіріліп жатыр. Заманауи тұқымбақта 576,0 м2 жерге жылыжай орнатылды. Жылыжайдың мақсаты – сирек кездесетін сәндік ағаштар өсіру. Тұқымбақты дамыту мақсатында сеппе бөлімшесіне ағаш-бұта өсімдіктер тұқымынан 11…

Read More

Келес ауданында тұрғындардың сұранысына орай, Бірлік ауылында 45 орындық дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Заманауи талаптарға сай, бір қабаттан тұратын ғимараттың құрылысын «Шаңырақ» өндірістік коопретиві жүргізуде. Қазіргі таңда ғимараттың іргетасы қаланып, қабырғаларын тұрғызу жұмыстары қолға алынған. Түркістан облысының құрылыс басқармасының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан құрылыс жұмыстарына бюджеттен 305 миллион теңге қаржы қаралған. Дәрігерлік амбулаторияның негізгі міндеті — аурушаңдықты, тұрғындар арасындағы өлім-жітімнің алдын алу және төмендету бойынша профилактикалық іс -шараларды жүргізу, ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақтылы медициналық тексеруден өткізу. Айта кетейік, Медициналық нысан Бірлік, Мәдениет, Ащысай және Қосөткел ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсетуі белгіленген. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңында аяқталып, қолданысқа беру жоспарлануда.

Read More

Түркістан облысы білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар салып, пайдалануға тапсырудан республикада көш бастап келеді. Әрбір аудан, қаланың елді мекендерінің жай-күйі сарапталып, тиісті құрылыс жұмыстары қарқынды әрі жүйелі түрде жүріп жатыр. Аталған саладағы жұмыстар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде тағы да сарапталды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды биылға жоспарланған құрылыс нысандарын уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды. – Әрбір құрылыс нысанындағы жұмыстар бақылауда болсын. Қадағалаңыздар. Уақтылы әрі талапқа сай тапсырылуы тиіс. Бұл нысандар елдің сұранысына және өңірдің даму жоспарына сәйкес салынып жатыр. Маған бос уәде емес, нақты жоспар, жұмыс қажет. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер өңір тұрғындарының тұрмыс сапасы мен…

Read More

Шардара ауданына қарасты Достық ауылдық округінде 1 900 гектар жерге бақша дақылы егілген. Онда қауынның Жиенбай сортынан — 100 гектар, Валет сортынан — 1 300 гектар, Жұлдыз сортынан — 400 гектар жерге дақыл егілсе, 100 гектар аумаққа қарбыз себілген. Бүгінгі таңда жиын-терім науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Жиналған өнімнің 50 пайызы, яғни 300 тоннадан астамы Ресей мен ішкі нарыққа жіберілген. Науқан соңына дейін шаруалар жалпы 600 тоннаға жуық өнім жинауды көздеп отыр. Айта кетейік, жалпы Шардара ауданында биыл 9 865 гектар жерге бақша өнімі егілген. Бүгінгі күні оның 2 615 гектарынан 82 мың тонна өнім жиналған. Оның 1 000 тоннасы қауын,…

Read More

Биыл Түркістан облысында 106,4 мың гектар жерге мақта егілді. Алдын ала болжам бойынша 300 мың тонна мақта жинау жоспарланып отыр. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Өңір басшысы мақта шаруашылығына жаңа технологияларды, әдістерді енгізу жұмыстарын күшейту керектігін айтты. – Мақта өсірілетін аудан әкімдері жиын-терім науқанына қолдау көрсетіп, шаруалармен тығыз байланыста жұмыс істеулері тиіс. Мақта шаруашылығына тамшылатып суғару технологиясын кеңінен енгізіңіздер. Бұл бағытта жұмыс әлі де төмен деңгейде. Жаңа тәсілдерді қолданып, мақтаның өнімділігін арттырып, сапасын жақсарту аса маңызды. Сонда ғана шаруалардың жағдайы жақсарып, мақта кластері дамиды, – деген Дархан Сатыбалды аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына…

Read More

Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұл мәселеге ерекше тоқталды. Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет. Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру, алда атқырылуы тиіс жұмыс барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемін ұлғайту мүмкіндігі сараланды. Бос жатқан жерді мемлекетке қайтарып, ауыл тұрғындарын ортақ жайылыммен қамтамасыз ету туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында атқарылған жұмыстар баяндалды. Түркістан облысында жайылымдарды халыққа қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 2023 жылы жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құрады. Осы бағытта ортақ жайылымның көлемін ұлғайтып,…

Read More

Түркістан облысының спортшылары Жаныл Балтабаева мен Спатай Бибарыс пара каноэден 200 метр қашықтықта іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, жартылай финалға жолдама алды. Жаныл Балтабаева 200 м қашықтыққа VL3 класында сынға түсіп, 1:04.72 нәтижесімен іріктеуден сәтті өтті. Енді ол 7 қыркүйек күні, Астана уақыты бойынша 13:49-да өтетін жартылай финалда өнер көрсетеді. Спатай Бибарыс KL2 класында 200 м қашықтықты 48.50 секунд нәтижесімен өтіп, жарыс жолын жалғастырады. Оның жартылай финалы да 7 қыркүйек күні, Астана уақыты бойынша 13:14-де өтеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Read More

Түркістан қаласында «Алтын күз әуендері» іс-шарасы басталды. Ашық аспан астында ұйымдастырылған концерттік бағдарлама шаһардағы «Жібек жолы» саябағында өтті. «Түркі әлемінің туристік астанасы» атанған тарихи шаһарда аталған күзгі концерттік бағдарлама алдағы уақытта да әр секторда жалғасады деп жоспарлануда. Мәдени шарада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты. Қазақтың ұлттық аспаптарымен патриоттық және эстрадалық бағыттағы әсем әндер шырқалды. Саябақта серуен құрған қала тұрғындары мен қонақтары сахнаға шығып караокемен ән айтып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Яссы» би ансамблінің бишілері «Әгугай», «Шабыт» биін билеп, кештің көркін аша түсті. Мәдени шараның негізгі мақсаты – қаншама ақынның жырына, жазушының қаламына арқау болған құбылмалы…

Read More