Автор: ais_media

Бүгін Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің атсалысуымен дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті. Этнос өкілдерін қоғамдық бастамаларға ұйыстыру арқылы мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтастыру, ұлтымыздың қонақжайлық, сыйластық сынды игі дәстүрін дәріптеуді көздеген игі іс-шараға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі сынды қоғамдық құрылымдарының жетекшілері мен мүшелері, зиялы қауым, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты. Өткен жылдары ет асудан, қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеуден және ұлтымыздың ұмыт бола бастаған тағамдарын дайындаудан өзара сайысқа түскен этнос өкілдері биыл қазақ тағамдарынан дастархан жайып, қалың көпшіліктің назарына ұсынды.…

Read More

Шымкент қаласында белсенді жастар арасында қалалық дебат турнирі сәтті аяқталды. Турнир барысында жас қатысушылар “АЭС-тің экономика мен экологияға пайдасы” тақырыбында қызу пікір алмасты. Олар атом энергетикасының артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылап, бұл мәселенің экономикалық және экологиялық аспектілеріне қатысты түрлі көзқарастарын білдірді. Қатысушылардың пікірталас мәдениеті мен терең талдаулары көрермендер мен қазылар алқасын тәнті етті. Турнирдің нәтижесі бойынша үздік деп танылған командалар мен жекелеген қатысушылар анықталып, жеңімпаздарға “Amanat” партиясының атынан алғыс хаттар табыс етілді. Бұл турнир жастардың ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың қоғамдық мәселелерге белсенді араласуына ықпал етті. Жастар арасындағы мұндай іс-шаралар ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтарды тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

Read More

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласында бірқатар міндет қойды. Жыл соңына дейін Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін цифрландыруды аяқтау, ал келесі жылдың соңына дейін бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйені енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Түркістан облысының бірқатар ұйымы басшыларымен өткен кеңесте айтты. Өңірге жұмыс сапары барысында Тамара Дүйсеноваға дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесі көрсетілді. Дәрі-дәрмектер қозғалысы елге әкелінген және өндірілген сәттен бастап пациент немесе сатып алушы дәріханалар арқылы алғанға дейін нақты уақыт режимінде бақыланады. Аталған тізбектегі қоймалардың бірі Түркістан қаласында орналасқан.Айта кетейік, жүйе енгізілгелі бері мұнда 13 түрлі отандық дәрі-дәрмектің 1,5 мыңнан астам қаптамасы…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шэньси провинциясынан Түркістанға арнайы келген «Чанъань» инвестициялық компаниялар тобы өкілдерімен кездесті. Инвестициялық компаниялар тобының құрамында су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығы саласындағы ірі компаниялардың өкілдері болды. Маңызды кездесу – облыс әкімі бастаған ресми және іскерлік делегациясының Қытай еліне жұмыс сапарының жемісі. Делегация сапары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ҚР Сиань қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Кездесуге Қазақстан-Қытай кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен бірге Сиань қаласындағы ҚР Бас консулы Жошыхан Қыраубаев қатысты. Өз сөзінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, бірлескен жобаларды талқылауға әрдайым дайын екенін жеткізді. Өңірдің негізгі драйвері саналатын…

Read More

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қытай Халық Республикасының инвесторларымен кездесті. Кездесуде тараптар облыс аумағын сапалы электр қуатымен қамту жайын талқылады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары өңірдің инвестицилық мүмкіндіктері туралы айтып, электр энергиясының қажеттілігіне тоқталды. – Түркі әлемінің астанасы – Түркістан қаласына қош келдіңіздер! Әр инвестордың жобасын жіті қарап, тиімді ұсыныстар бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Түркістан облысының электр энергиясын тұтыну көлемі 330 МВтты құрайды. Облысқа қажетті электр энергиясының 80%-дан астамы солтүстік көздерден «KEGOС» АҚ-ның 220 кВ желісі арқылы жеткізіледі. Алайда қыс мезгілінде тұтыну көлемінің артуына байланысты электр энергиясына деген дефицит байқалады. Мәселені шешу бойынша жобалар қолға алынған. Сіздер ұсынып…

Read More

80 мың гектарға жуық суармалы жері бар Жетісай ауданында биылғы жылы 40,8 мың гектарға жуық жерге мақта, 19,7 мың гектар жерге бақша, 3,4 мың гектар жерге көкөніс, 7,3 мың гектар жерге дәндік жүгері мен 6,6 гектар жерге мал азықтық дақылдар егілген. Негізгі табысын агросектордан алатын ауданда өнім көлемі мен сапасын арттыру мақсатында тік дренаждарды іске қосу, елді мекендердегі жерасты суын төмендете отырып көгалдандыру, абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Ауданда жалпы саны 380 дана тік дренажды ұңғымалардың бүгінде 170 данасы тұрақты жұмыс жасап тұр. Өткен жылдың қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі»…

Read More

ҚР Вице-премьері Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Президенттің Жолдауында жарияланған әлеуметтік бастамалардың орындалу жолдарын зерделеді. Жұмыс сапарында өңірде Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыруға қажетті жағдайлардың жасалғанын атап өтті. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім саласын жақсарту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Облыста 5 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Бұл мәселені «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы шешу жоспарлануда. Жаңа мектептің құрылысы Түркістан қаласындағы «Жаңа қала» шағынауданында жүргізіліп жатыр. Мұнда тұрғын үй құрылысын белсенді жүргізу мектептерге жүктемені арттыруда. Жаңа мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. 2000 орындық нысан қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Тамара Дүйсенова оқушылар үшін білім нысанын аралап, оқушыларға жасалатын…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орман қорында 2 млрд және елдімекендерде 15 млн ағаш егу туралы тапсырманы 2020 жылғы Жолдауында берген болатын. Осыған орай Түркістан облысының орман қоры аумақтарына 2021-2025 жылдары 110 мың гектарға 170 млн көшеттерін егу бойынша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кешенді жоспары, елді мекендерге 1,5 млн көшет егу бойынша аймақтық жоспар келісіліп, бекітілген. Кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2023 жылдары 51,6 мың гектар жерге, 78 млн түп көшет егіліп, жоспар орындалды. Қазір жұмыстар жүруде. Биыл көктемде Түркістан облысында 500 мыңға жуық көшет егілді. Ал күзгі науқанға 515 935 дана көшет егу жоспарлануда. Жалпы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының…

Read More

Бүгін Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылының маңында орналасқан халықаралық маңызы бар автожол тоннелі ел игілігіге пайдадануға берілді. Салтанатты шараға ҚР Көлік вице-министрі Аблалиев Сәтжан, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Жамбыл облысы әкімнің орынбасары Қанатбек Мәдібек, сала мамандары мен екі облыстың ақсақалдары қатысты. Маңызды нысанның ашылу салтанатында алғысөз алған Көлік вице-министрі тұрғындарды қуанышымен құттықтап, салада атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. – Бұл – Қазақстанның көлік инфрақұрылымы үшін маңызды оқиға. Еліміздегі алғашқы тоннель. Бүгін ашылғаннан кейін негізгі көлік ағыны Шақпақ Баба елді-мекенінің айналма жолына бағытталды. Бұл елді мекеннің ішіндегі жол қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізбек. Сонымен қатар нысан қыста…

Read More

Түркістан облысының туризм бағытындағы инвест-жобалар құны 2024 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша 43,6 млрд. теңгені құрады. Тамақтану және ойын-сауық ОКЭД-тері бойынша 2023 жылғы инвест-жобалардың жалпы құны 53,5 млрд. теңгені құраған болса, 2024 жылдың 7 айында 43,6 млрд. теңге қаржыға жетіп отыр. Нәтижесінде, Түркістан облысы туризм саласындағы негізгі капиталға инвестиция салған ТОП-5 өңірдің ішінде Астана және Алматы қалаларынан кейін 3-орында тұр. Жалпы, 2024-2025 жылдарға жалпы құны 49,3 млрд. теңгеге 47 инвест жоба жүзеге асуда. Олардың ішінде: қонақ үйлер, демалыс орындары, аквапаркімен қоса 5 жұлдызды қонақ үй және апартаменттер бар. Туристерге жайлы және қолайлы жағдай жасау мақсатында салынып жатқан жобалардың сапалы әрі…

Read More