Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Харбин-2025 IX Қысқы Азия ойындарында медаль жеңіп алған спортшылармен кездесті. Елордалық команда спорттың 5 түрінен сынға түсті. Олар – шайбалы хоккей, шорт-трек, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау және керлинг. Кешенді жарыста елорда құрамасының спортшылары 6 медаль жеңіп алды: екі алтын медаль, үш күміс және бір қола. Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында 5000 метрлік эстафетада жеңіске жетті! Осылайша олар елімізге алғашқы тарихи алтын медаль сыйлады! Чемпиондық команда құрамында Астанадан аттанған үш спортшы – Әділ Ғалиахметов, Айбек Насен және Абзал Әжіғалиев өнер көрсеткені біз үшін ерекше мақтаныш. Кездесуде спортшылармен және жаттықтырушылармен бірлесіп, алдағы жұмыстар талқыланды. Өз кезегінде Жеңіс…
Автор: ais_media
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов шаһардағы құрылыс компаниялары басшыларымен кездесу өткізді. Жиында қалада құрылыс салу талаптарын сақтау, абаттандыру мәселелері талқыланып, ұсыныстар айтылды. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша бүгінде қала аумағын абаттандыру, құрылыс салу барысында тазалық сақтау жұмыстарын күшейту бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары құрылыс компанияларына осы талаптарды сақтау қажет екенін атап өтті. Руслан Арысбекұлы құрылыс компаниясы басшыларына қаланың сәулеттік келбетін жақсарту, жаңа жобаларды іске асыру мақсатында құрылыс кеңесі құрылатындығын жеткізді. Құрылыс компаниялары басшылары бұл шешімді бірауыздан қолдады.
Қазақстан мен Словения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Мемлекет басшысы словен делегациясына құрмет көрсетіп, Қазақстанның Еуропадағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктесі Словениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бейіл екенін растады. – Сіздің бұл сапарыңыз екі ел арасындағы өзара ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды. Жаңа ғана көптеген тақырыпты, оның ішінде халықаралық ахуалға байланысты кейбір нәзік мәселелерді талқылаған аса мазмұнды кездесу өткіздік. Біз екіжақты ықпалдастықты дамытуға ниетті екенімізді қуаттадық. Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынастарға тың…
Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Кеңес төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев ашып, жүргізген жиында кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары мен Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру мен өткізуге арналған іс-шаралар жоспарында межеленген іс-шараларға атсалысу жайы пысықталды. Кеңес мүшелері, мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, Еркін Сатқанбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің басшысы, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Қайрат Анарбаев, қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы Сәкен Жаңабаев сөз сөйлеген жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Адал азамат», «Салауатты сана» жобаларын іске…
ІХ Қысқы Азия ойындары, Харбин (Қытай) Қазақстан құрамасы қоржынға екінші алтын медальді салды! Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы командалық сайыста чемпион атанды. Бұл сында ел намысын Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов қорғады. Шымкент қаласының спортшысы Шерзод Хаширбаев жұптық сайыста 97.92 ұпай жинап, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұл Қазақстан фристайл-акробатика тарихындағы ерлер арасындағы алғашқы алтын жүлде болды! Жарайсыңдар, жігіттер!
Руководитель движения Асель Баденова рассказала Президенту о результатах деятельности «Жаңа адамдар». По ее словам, организация насчитывает около 15 тысяч молодых активистов и имеет кампусы в 19 городах страны. На сегодняшний день ими были организованы десятки гражданских инициатив и акций. Молодые люди ведут борьбу с вандализмом, незаконными свалками, продажей спиртных напитков несовершеннолетним, наркоторговлей и другими социальными болезнями, открыто и активно выражая свою гражданскую позицию. Обращаясь к участникам форума, Глава государства выразил признательность молодежи, неравнодушной к судьбе своей Родины. Он отметил, что радуется успехам и поддерживает каждую инициативу юных соотечественников. – Я всегда говорю о том, что молодежь Казахстана – креативная. Только…
Форумда «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Баденова Президентке ұйымның осыған дейін атқарған игі істері мен азаматтық бастамаларын таныстырды. Оның айтуынша, қазіргі кезде қозғалыстың 19 қалада кампусы, 15 мыңға жуық белсенді мүшесі бар. Қозғалыс елімізде ондаған азаматтық бастамалар мен акцияларды ұйымдастырып үлгерген. Жастар вандализммен, рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгушілермен, кәмелетке толмаған балаларға ішімдік сатушылармен, есірткі таратушылармен және басқа да әлеуметтік кеселдермен күрес жүргізіп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын ашық әрі белсенді білдіріп жүр. Мемлекет басшысы форумға жиналған жалынды жастардың бойындағы Отанға, елге деген сүйіспеншілік пен құрметке ризашылығын білдіріп, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың әр жетістігіне қуанатынын, әр бастамасын қолдайтынын жеткізді. – Қазақстанның жастары…
Аким города Шымкент Габит Сыздыкбеков встретился с французскими предпринимателями во главе с Чрезвычайным и Полномочным Послом Франции в Казахстане Сильваном Гиоге. Ведущие французские компании — EDF, Veolia, AZ Syndicat, C3Medical, Dualest, СП ALMGT, Richel Group, а также представители Торгово-промышленной палаты Франция-Казахстан (CCIFK) приняли участие в бизнес-форуме и выразили заинтересованность в реализации ряда совместных проектов в Шымкенте. Аким города поблагодарил французскую делегацию за проявленный интерес к мегаполису. Он также отметил, что достигнутые договорённости в рамках B2B- и G2B-встреч в ходе совместного бизнес-форума откроют новые перспективы и придадут дополнительный импульс сотрудничеству. В ходе встречи была подписана Дорожная карта, направленная на укрепление партнёрства…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған француз кәсіпкерлерімен кездесті. EDF, Veolia, AZ Syndicat, C3Medical, Dualest, СП ALMGT, Richel Group сынды жетекші француз компаниялары мен Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының (CCIFK) өкілдері Шымкентте бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. Қала әкімі мегаполиске көрсетілген ықылас үшін француз делегациясына алғысын білдіріп, бизнес-форум аясында өткен B2B және G2B кездесулері ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті. Кездесу барысында 2025–2028 жылдарға арналған ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Жол картасына қол қойылды. Құжатта мәдени және білім алмасуды дамыту, қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және…
Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларының бірі – қысқа мерзімді кәсіптік оқу. Бұл бағдарлама кәсіптік білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің жұмыс орнында екі бағыт бойынша ұйымдастырылады. Кәсіптік оқуға 18 жастан (студенттерден басқа) зейнет жасына дейінгі жұмыссыз қала тұрғындары қатыса алады. Оқу мерзімі – 3 ай. 2024 жылы мегаполисте 670 тұрғын кәсіптік оқуға жолданып, оның ішінде 393 адам оқуын толық аяқтап, сертификат алды. Бүгінде олардың 297-сі тұрақты жұмысқа орналасқан. Білім беру ұйымдары арқылы кәсіптік білім алған тұрғындар визажист, графикалық жұмыстарды орындаушы, кондитер, косметолог-эстетик, маникюр шебері, даяшы, шаштараз, аспаз, жиһаз жинақтаушы, сантехник, тігінші секілді 26 мамандықты меңгерді. Ал жұмыс берушілердің…