Бүгін халықпен есептік кездесулер аясында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Отырар шағын ауданының, сондай-ақ Адырбеков, Ілияев, Бейбітшілік және Гагарин көшелерінің тұрғындарымен кездесті. Әкім қала тұрғындарымен бірге шешімін күткен өзекті мәселелерді талқылады. Олардың қатарында жылу мен газбен қамту, кәріз жүйесі, бейнебақылау камераларын орнату, көпқабатты үйлердің лифтілерін, қасбеттерін және шатырларын жөндеу мәселелері бар. Сонымен қатар, тұрғындар аулаларды тазалау, қоқыс шығару және қоғамдық орындарды қолайлы етуге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік нысандарының қызметі мен дренаждық жүйелердің жағдайы туралы мәселелер көтерілді. Айта кету керек, қала басшысы, аудан әкімі мен басқарма басшылары кездесуде көтерілген маңызды мәселелер…
Автор: ais_media
Өткен жылы шаһарда қала әкімдігінің қолдауымен «Shymkent HUB» технологиялық паркі іске қосылған болатын. HUB-тың басты мақсаты – IT экожүйесін дамыту, цифрландыру дағдыларын енгізу, оның технологияларын дамыту, жалпы көпшілікті осы салаға қызықтыру. Былтыр HUB-та IT-қауымдастықты дамытуға және аймақтағы стартап жобаларды қолдауға бағытталған 72-ке жуық іс-шара өткізіліп, 2 хакатон, жоғары деңгейде форумдар ұйымдастырылды. 2030-ға жуық келушілер тіркелген. Қала тұрғындарына арналған 200-ден астам білім бағдарламалары курсы ашылды. Орталық өңірдегі талантты жастарды қолдап, олардың кәсіби өсуі мен дамуына жағдай жасайды. 2025 жылы орталықта 120-ға жуық іс шара өткізу, кемінде 1 инкубациялық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 1 хакатон өткізу және 5 стартап…
Түркістан облысында 2025 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті бюджетке 44,6 млрд. теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 180,7%-ға орындалды. Бұл – республика деңгейінде 5-ші нәтиже. Қаржы саласындағы мәселелер, облыстың өзіндік табысы мен кіріс көздерін ұлғайту жоспары облыс әкімі аппаратының мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров осы бағытта жұмысты жандандыра түсуді тапсырды. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өңірдегі халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмыс сапасын жақсарту міндетін жүктеді. Қаржы және салық саласындағы жұмысты жандандыра түсу қажет. Кіріс көздерін ұлғайтыңыздар. Аудан, қала әкімдері жауапты басқарма мен департаментпен бірлесе жұмыс атқарсын. Біз Түркістан өңірінің өзіндік табысын арттыруымыз керек, – деді Нұралхан…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында көктемгі су тасқынына дайындық шаралары кеңінен талқыланды. Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар сараланды. Түркістан облысындағы көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары тұрақты жүргізілуде. Жағдай – тұрақты. Нұралхан Көшеров жағдайды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Инженерлік техникаларды үнемі дайындықта ұстауды, «Шардара» және «Бөген» сияқты көлемі 80 пайыздан асқан су қоймаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, су өткізу жүйелерін ұдайы таза ұстауды, таулы аумақтағы дайындықты күшейтуді жүктеді. Жиында су тасқынына дайындық іс-шаралары туралы Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешевтің баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, тәуліктік кезекшілік штабы ұйымдастырылған. Аймақтағы төтенше жағдайларға және су шаруашылығы…
Түркістан облысында туберкулез ауруы төмендеген. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеді. «Облыс бойынша тұрғындар арасында 2025 жылдың 2 айында туберкулезбен 102 жағдай тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,8 пайызға төмендеген. Ал, 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында 4 жағдай тіркелген. Алайда өңірде сырқаттың асқынған түрі тіркелмеген. Сонымен қатар, биыл флюорографиялық тексеруге 7 549 адам жоспарланып, туберкулез ауруымен 8 науқас анықталған. Қазіргі таңда 24 ақпан-24 наурыз күндері аралығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы ретте, Департаменттің ұйымдастыруымен туберкулез ауруының алдын алу бойынша қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес эпидемиологиялық іс-шаралар қатаң…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу өткізді. Жүздесуде ауқымды стратегиялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс пен суасты электр желісін тарту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар сауда, инвестиция, цифрландыру, көлік-транзит салаларындағы өзара ықпалдастықты одан әрі жандандыру перспективасы қарастырылды. Джейхун Байрамов орайлы сәтті пайдалана отырып, әзербайжандық әуе желісіне тиесілі ұшақтың Ақтаудағы апаты кезінде жедел көмек көрсеткені үшін Қазақстан тарапына Президент Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқының атынан алғыс айтты.
Берік Уәли Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған даму жоспарын таныстырды. Негізгі мәліметтер: 1) Жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілген. 2) 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталған. 3) Жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын бұл бастамалар 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде 6 жоба биыл іске қосылады. 4) «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынған. 5) Облыс орталығындағы аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр. 6) Аспалы көпірдің жүктемесін азайтып, көлік…
Түркістанда 19 наурыз күні «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» тақырыбында туристік маусымы ашылмақ. Бұл шара өңірдің туристік әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсету мақсатында ұйымдастырылмақ. Бұл жайында Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов брифингте мәлімдеді. «Биыл өңіріміз үшін тарихи оқиға орын алуда. Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы Заң қабылданды. Бұл құжат — қаланың халықаралық деңгейдегі туристік орталыққа айналуына үлкен мүмкіндік береді. Жоспарға сәйкес, өңірге келетін туристер санын арттырып, Түркістанның мәдени және рухани мұрасын кеңінен насихаттау көзделіп отыр» — деді спикер. Туристік маусымның ашылу салтанатында «Jana lep» шығармашылық ұжымы, «Самғау» би ансамблі, ұлттық аспаптарда…
2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталғаны хабарланды. 500 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарлануда. Тұрғын үй сертификаттары әлеуметтік көмек ретінде беріліп, қарыз сомасының 10%-ын, бірақ 1 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде ұсынылады. Бұл сертификаттар бірінші және екінші топтағы мүгедектер, көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және басқа да әлеуметтік осал топтарға беріледі. Қазіргі таңда 103 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілген. Сонымен қатар, «Қамқор» өңірлік бағдарламасы аясында да тұрғындарға баспана берілуде. 2023 жылы бұл бағдарлама үшін 3 млрд. теңге бөлініп, 150 азамат пәтер алған.…
Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелламен кездесті. – Италияға былтырғы сапарымнан жақсы әсер алдым. Сіздің қонақжайлық танытып, нәтижелі келіссөз жүргізуге барынша жағдай жасағаныңыздың арқасында сапарым өте сәтті өтті. Екі мемлекет түрлі салада тығыз қарым-қатынас орнатқан. Біздің нарықта біраз италиялық компания жұмыс істейді. Олардың қатары қарқынды артып келеді. Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз да ойдағыдай дамып жатыр. Сондықтан елдеріміздің арасында берік ынтымақтастық қалыптасқан деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Серджо Маттарелла екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайын жоғары бағалап, өзара стратегиялық серіктестікті кеңейтуге мол мүмкіндік бар екенін атап өтті. – Біз шын мәнінде барлық бағытта, соның ішінде саяси, экономикалық, сауда және мәдени салаларда тамаша байланыс орнаттық,…