Автор: ais_media

Бүгін үш жүздің басын қосқан киелі Ордабасы ауданында 14 наурыз – Амал мерекесіне орай зиялы қауым өкілдері, ел ағалары мен ардақты аналары бас қосып, дәстүрлі мерекені ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Темірландағы «Шәмші» аллеясында өткен шараға қос өңірдің ардагерлері мен батагөй ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері мен өнерпаздары қатысты. Көрісу рәсімімен басталған жиын ақындардың арнау жырларына жалғасты. Түркістан облысынан Аян Ниязбек пен Шымкент қаласынан Мейіржан Жақып Наурыз мейрамының мән-маңызын, екі аймақтың тарихы мен бүгінгі жетістіктерін жырға қосты. Екі өңірдің Ардагерлер кеңесінің төрағалары Жеңісбек Мәуленқұлов пен Кенжехан Төлебаев мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Наурыздың 10 күн бойы игі істермен өрнектеліп жатқанын айтып, «Ұлыс…

Read More

Облыстық «Фараб» кітапханасында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен ІІІ республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Байқауға 14 ауданнан жас таланттар қатысып, ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу және жатқа айту бойынша бақ сынады. Әділ қазылар алқасы қатысушылардың көркем оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, сахна мәдениетіне ерекше көңіл бөлді. Бұл байқау – Шәкәрім мұрасын дәріптеу, жас буын арасында қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту мақсатында ұйымдастырылған маңызды мәдени шара. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері анықталды. ІІІ орын Түркістан қаласынан қатысқан Қалыбек Айзереге, ІІ орын Төлеби ауданының намысын қорғаған Үшкемпір Аяулымға, І орын жетісайлық…

Read More

«Жергілікті билік түбегейлі жаңғыртылды. Үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарды. Оның үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар. Бір сөзбен айтсақ, аймақтардағы атқарушы билікке жаңа адамдар келіп жатыр. Пилоттық жоба ретінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімі сайланды. Биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтын болады. Түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауы өкілді билік органдарының жұмысына тың серпін берді. Облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының 90 пайызы бір мандатты округтен, яғни тікелей дауыс беру арқылы сайланды. Билік жүйесінде мұндай ауқымды өзгеріс бұрын-соңды болмады» «Ел ішіндегі өзгерістерге Ұлттық құрылтай мүшелері де орасан зор үлес қосты. Жұртымызды…

Read More

Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласвның сазды-драма театрында «Арба» монодрамасының тұсауы кесілді. Премьераға зиялы қауым өкілдері мен театр сүйер көрермен қатысты. Кейіпкердің жалғыздықпен күресу жолынан басталған қойылым одан әрі күрделі эмоциялық және психикалық көріністері арқылы өрбиді. Темірланның өмірдегі әр қадамы арқылы өскенін, қалай ер жеткенін көрсетеді. Әкесінің естеліктерімен тіршілігін жалғастыра жүріп, сынақтарға төтеп береді. «Арба» монодраманың басты рөлінде ойнаған театр актері – Аяз Ильясов. Қойылым авторы – Бақыт Жалиева, қоюшы режиссері – Асхат Қалыбеков. Айта кетейік, қойылым өмір арбасының жетегіне жегіліп кетпей, қанша құласаң да, аяққа тік тұрып, жарыққа ұмтылуға шақырады. Көзіне жас алған көрермен қауым қойылым соңында театр әртістеріне…

Read More

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесті. Көшпелі кездесу барысында Бадам-2, Жұлдыз, Жалын, Қарабастау-Жаңақұрылыс, Бадам және Қарабастау тұрғын алаптарының халқымен бірге өзекті мәселелер талқыланды. Азаматтар қоғамдық көлік бағытын реттеу, жаңа мектеп пен спорт нысандарын салу, орталық кәріз жүйесін жүргізу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Қала әкімі экологияға қатысты мәселелер алдағы уақытта тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен өтетін арнайы жиында қаралатынын айтты. Онда кәсіпорындардың жұмысы мен экологиялық жағдайды жақсарту шаралары талқыланбақ. Сонымен қатар тұрғындар балалар алаңын және мәдениет үйін салу, ирригация жүйесін жаңарту, көшелерді жарықтандыру, жолдарды кеңейту, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар мен өткелдер салу қажеттігін жеткізді. Кездесу барысында…

Read More

Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде «Махаббат сыры» атты кезекті музыкалық-поэтикалық кеш өтті. Құрылғанына көп болмаған «Jana Lep» өнер ұжымының қойылымы жылы қабылданып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Іс-шараны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бастаған зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. Сезімге толы кеш барысында авторлық монологтар оқылды. Әрбір өнерпаздың басынан кешкен махаббат оқиғаларын, сол сәттегі сезімдерін, адалдық пен сенім тақырыптары арқау етілді. Сонымен қатар, монологтарға сәйкес елдің жүрегінен орын алған әсерлі әндер орындалды. Көркемдік безендірілуі мен музыкалық сүйемелдеуі де кеш көркін аша түсті. Қойылым режиссері Әбдіқадыр Сайлаубек, ал өнер ұжымының көркемдік жетекшісі Мерей Маханов. Махаббаттың сан қырын…

Read More

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің облыс тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдаулары басталды. Өңір басшысы алғашқы кездесуін Түркістан қаласында өткізіп, аймақты дамыту барысы туралы баяндады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың «Мәдениет орталығы» ғимаратында өткен жүздесуде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың өтініштері мен ұсыныстарын тұрақты түрде тыңдауды тапсырды. Сондықтан өзім қызметке тағайындалғаннан бергі халықпен алғашқы кездесуімді киелі Түркістан қаласынан бастауды жөн көрдім. Тек қазақ халқының емес, түркі әлемінің астанасы болған Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуы біз үшін өте маңызды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі…

Read More

Шымкент қаласы соңғы жылдары елдегі қарқынды дамып келе жатқан құрылыс алаңдарының біріне айналды. Бұл – экономиканың өсуіне, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға үлкен мүмкіндік береді. Осыған орай бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өткізді. Брифинг барысында Сәрсен Абайұлы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен Құрылыс басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстар мен негізгі көрсеткіштер жайлы баяндады. Атап айтсақ: Шымкентте 2024 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 14%-ға артқан, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 26%-ға ұлғайса, қала экономикасына тартылған инвестицияның 12%-ын құрылыс саласы құрап отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында биыл 97 нысанның құрылысы…

Read More

Шымкент қаласының аумағында көктемгі егіс науқаны басталды. Биыл 23 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары: дәнді дақылдар – 7,0 мың га (бидай – 5,8, арпа – 1,2), майлы дақылдар – 3,3 мың га, мал азықтық дақылдар – 10,9 мың га, көкөніс пен бақша дақылдары – 1,7 мың га, картоп – 0,1 мың га егіледі. Егіс көлемінен 81,0 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Сонымен қатар, 2025 жылға шаруашылықтардан жалпы 919 тонна дизель отынына өтінім қабылданған. Көктемгі егін егу жұмыстарына – 616 тонна, күзгі егін жинау жұмыстарына – 303 тонна жанар жағар май бөлінеді.

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл – ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін кәсіби мамандарға көрсетілген ерекше құрмет. Жұмысшы мамандықтары – өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы маңызды буын. Жұмысшы мамандықтарының бірі — тігінші мамандығы сұранысқа ие әрі маңызды кәсіптердің бірі. Қазіргі таңда тігін өндірісі тек дәстүрлі қолөнер ғана емес, сонымен қатар заманауи технологиялармен ұштасқан инновациялық салаға айналып отыр. Өткен жылы шаһарда Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан 670 тұрғын 43 мамандық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Қысқа мерзімді кәсіптік білім арқылы тігінші мамандығын үйреніп, бүгінде жұмыспен қамтылып отырған қала тұрғыны Мавжуда…

Read More