Әлемнің Олимпиадалық астанасы – Лозанна қаласында (Швейцария) 13-16 наурыз аралығында Халықаралық ескек есу федерациясының (FISA) Дүниежүзілік конгресі өтті. Съезд жұмысына FISA федерациясының президенті Жан-Кристоф Ролланның шақыруымен Түркістан облысы және Шымкент қаласы ескек есу және желкен спорты қауымдастығының төрағасы, Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиадалық спорт мектебінің директоры Денис Жәрменов қатысты. Д.Жәрменов 62 елдің халықаралық федерация басшыларына Түркістан қаласында олимпиадалық стандарттағы жаңа ескек есу арнасын таныстырды. Халықаралық федерация президенті Жан-Кристоф Ролланмен, сондай-ақ Азия федерациясының президенті Чен Чанчинмен келіссөздер нәтижесінде 2026 жылы Түркістан қаласында ескек есуден Азия чемпионатын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Қазақстанда ескек есу спортының даму тарихында алғаш рет осындай…
Автор: ais_media
Шымкент қалалық өзбек драма театрында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара еліміздегі этносаралық бірлікті нығайтуға және мәдени көптүрлілікті насихаттауға бағытталған. Концерт барысында түрлі этномәдени бірлестіктердің өнерпаздары өз өнерін ортаға салып, ұлттық би мен әсем әндерді орындады. Қатысушылар қазақ, өзбек, татар, орыс, кәріс және басқа да ұлттардың мәдени мұрасын таныстырып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, концерттің негізгі мақсаты – этносаралық достық пен келісімді нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттау. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі этностардың татулығы мен өзара түсіністігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Осындай…
Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапарында бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңында болып, жұмыс сапасын қадағалады. Алдымен, аймақ басшысы Шолаққорған ауылында «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтеріп жатқан 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс аймағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, асфальт жабындысы төселген. Инженерлік инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталған. Білім ұясы жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталады. Оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай жасалып, түрлі үйірмелер ашылады. Одан бөлек, педагогтардың біліктілігін арттыруға барлық мүмкіндіктер қарастырылады. Ғимараттың ішін аралап шыққан Нұралхан Көшеров мердігерлерге құрылыс сапасы қатаң бақылауда тұрғанын ескертіп, бірқатар міндет жүктеді. Мерзімінен кешікпеуді талап етіп, мектепті жабдықтауда отандық өнімдерді қолдану…
Түркістан облысында «Саутс-ойл» компаниясының «Созақ фосфат» инвестициялық жобасы аясында фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауытының құрылысы басталды. Созақ ауданында жүзеге асатын жобаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қолдау білдіріп, зауыттың капсуласын салу рәсіміне қатысты. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту міндетін жүктеді. Облыста осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгін Түркістан облысына және Созақ ауданы үшін маңызды инвестициялық жобаның құрылысын бастағалы тұрмыз. Бұл зауытта фосфор қалдығын өңдеу арқылы ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыштар өндіріледі. Зауыттың іске қосылуы құрамында фосфоры бар тыңайтқыштың импортына тәуелділікті азайтады. Осында өндірілген тыңайтқыштар мен препараттар елімізде азық-түлік бағасының тұрақты болуына оң әсерін береді. Жобаны жүзеге асыруға жұмсалған…
Облыс орталығында Түркістан музыкалық драма театры жанынан құрылған «Түркістан» ансамблінің тұсаукесер концерті өтті. Өнерсүйер қауымның зор ықыласына бөленген гала-концертке Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, шығармашылық ұжымға сәттілік тіледі. Концерт барысында I Халықаралық аспаптық музыкалық шығармалар байқауының жеңімпазы Санджай Альмишевтің «Жерұйық» композициясы орындалды. Сондай-ақ Темірлан Шөкеновтің «Ғасырлар әуені», Медет Есбергеновтің «Елім-ай», Шолпан Қорғанбектің «Керуен базары» және басқа да туындылар ұсынылды. Кеш барысында театр репертуарындағы қойылымдардың әуендері орындалды. Оңайгүл Тұржанның «Қаламқас» пластикалық драмасынан, Дулат Исабековтің «Бөрте» тарихи драмасынан, Айдарбек Байділданың «Шәмші. Вальс королі» шығармасынан үзінді көрсетілді. Ел мақтанышы Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева, өнер жұлдыздары Клара Төленбаева, Еркебұлан Дайыров және…
Наурыз – халқымыздың ең маңызды, ең шынайы мерекелерінің бірі. Бұл тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, адамның да рухани тазаруы, өткенге көз жүгіртіп, жаңа жылға үмітпен қадам басу кезеңі. Наурыздың бастамасы ретінде тойланатын 14 наурыз – «Көрісу күні» немесе Амал мерекесі де ұлттық дәстүріміздің жарқын көрінісі. Таң атысымен қала көшелерінде мерекелік көңіл-күй орнады. Қоғамдық көліктерде ұлттық әндер шырқалып, жолаушыларға дәстүрлі музыка мен халық әндері ұсынылса, қаланың қапасы саналатын әуежай мен темір жол воқзалы маңы да ән-жырға бөленді. Көрісу жоралғысы – Астана алаңында да өтті. Мұнда мәдениет және өнер өкілдері арнайы қойылымдар ұйымдастырып, қала тұрғындарына ізгі тілектерін арнады. Ж.Шанин атындағы қазақ драма…
Биыл 29 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы «Шымкент – Сеул» бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Билеттер сатылуда. Рейстер аптасына екі рет – Шымкенттен дүйсенбі және бейсенбі күндері, Сеулден – сейсенбі және жұма күндері орындалады. Жаңа рейс Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ыңғайлы әуе қатынасын қамтамасыз етеді. Билеттерді scat.kz сайтында, SCAT мобильді қосымшасы арқылы немесе қаладағы кез-келген қолжетімді ресурстар мен кассаларда брондауға болады. Онлайн тіркелу ұшудан 24 сағат бұрын қолжетімді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан өңірінде шалғай ауылдарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Заманауи медициналық пункттер ашылып, қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылуда. Бұл бастамалар тұрғындардың дәрігерлік көмекке қолжетімділігін арттырып, денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарын пайдалануға тапсыру бойынша мәжіліс өткізді. Денсаулық сақтау және құрылыс басқармаларының жауапты өкілдері, бас дәрігерлер және мердігерлер қатысқан жиында өзекті мәселелер талқыланды. 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 32 нысан ашылып, бүгінде жергілікті халыққа қызмет көрсетуде. 1 нысан жеке инвестор…
Түркістанда Түркістан облысының полиция департаменті мен облыс прокуратурасының бастамасымен сотты болғандардың қайта қылмысқа баруына тосқауыл қою мақсатында 1000 адамның қатысуымен ауқымды республикалық форум өткізілді. «Болашаққа үміт – жаңа өмір» тақырыбындағы іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмұрзаев, облыстық соттың төрағасы Айдос Сұлтанов, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл, облыстың бас имамы Ержан Төлепов, құқық қорғау органдарының…
Биологиялық әртүрлілікті сақтап қалу жөніндегі конвенция аясында Қазақстан Республикасының міндеттемелерін іске асыру мақсатында «Еліміздің био әртүрлілікті сақтау концепциясын» әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Тұжырымдаманың жобасы елдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алаңын 12,5%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде бұл көрсеткіш 11,3%-ды құрайды. 6 ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру жоспарланып отыр. Атап айтқанда Арал, Жайық орманы, Ертіс жайылмасы табиғи резерваттары, Түкті ұлттық паркі, Мерке өңірлік паркі және Қызылқұм қорығы. Сонымен қатар Үстірт, Қаратау қорықтарының, Ақжайық және Иле Балхаш резерват аумақтарын кеңейту көзделген. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында мәлімдеді.…