Автор: ais_media

Әлем мұсылмандары үшін қасиетті «Рамазан» айының кіріп келуімен, ауыз бекітіліп, ораза ұсталынуда. Бұл өз кезегінде мұсылман қауымының басы қосылып күнделікті үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында ауызашардың ұйымдастырылатын кезеңі. Осыған орай, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықтың салауаттылығын, отбасыларыңыздың, жақын адамдарыңыздың денсаулығын ойлап, тағамнан уланудың алдын алу бағытында төмендегі қысқаша сақталынуға қажетті талаптарды ұсынады: Үй жағдайында: -қонақтардың қол жууына жағдайдың болуын; -тамақтану бөлмелерінің ауасын жиі алмастыруын; -шикізат пен тамақ өнімдерін қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алынуын; -үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізуін; -ет,…

Read More

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қолға алынған «30 қайырымды іс» акциясы аясында Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығының белсенділері 50-ге жуық әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыға азық-түлік себетін таратты. Игі шара барысында көпбалалы және материалдық көмекке мұқтаж отбасыларға күнделікті қажетті азық-түлік өнімдері таратылды. Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 қайырымды іс» акциясы Шымкенттік этномәдени бірлестіктердің бастамасымекн іске асуда. Акция аясында түрлі бағытты қамтыған игі істерді атқару көзделіп отыр. Бастамашы топ белсенділерінің айтуынша, аталған бастама елдің ішкі ынтымағын жарастырып, қасиетті айда өзара бауырмалдығын бекемдейді. Өз кезегінде азық-түлік себетін алған азаматтар қайырлы іске астсалысқан азаматтарға ақеділ алғысын айтып, ризашылықтарын…

Read More

Әз Наурыз қарсаңында Түркістан музыкалық драма театры жанынан құрылған «Түркістан» ансамблі алғашқы концертін паш етпек. Бүгін осы жөнінде баспасөз жиыны өтіп, жаңадан құрылған өнер ұжымының жұмыстары таныстырылды. Ұлттық өнеріміздің өркендеуіне айрықша үлес қосатын ансамбль Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ардақ Балажанованың жетекшілігімен ашылып отыр. Алдымен сөз алған ол қазақтың бай музыкалық мұрасын жаңғырту мақсатында жұмыс істейтінін атап өтті. Баспасөз жиынында театрдың көркемдік жетекшісі Мадина Мұратпекова, бас хормейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ардақ Балажанова, ҚР Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, маэстро Марат Нукеев, ансамбльдің музыкалық жетекшісі Айқын Сетеков, ансамбльдің мүшесі, домбырашы Ерасыл Қауымбаев спикер болды. БАҚ өкілдері…

Read More

Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Музарт» тобының әншісі, өңірдің тумасы Сәкен Майғазиевтің ән кеші өтті. Кеш иесінің 50 жас мерейтойына арналған шығармашылық концертке келушілер қосыла ән шырқап, мерейін асырды. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, мерейтой иесіне облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің арнайы құттықтау хатын табыстады. Сонымен қатар қазақ өнеріндегі алар орнын айрықша атап өтіп, ізгі лебізін білдірді. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков те кеш иесін құттықтап, ауданның дамуына қосқан үлесі үшін «Құрметті азамат» атағын табыстады. Елеулі еңбегін тілге тиек етіп, елдің сәлемін жеткізді. Шығармашылық табыс тіледі. Әнші биыл 50 жылдық мерейтойын сүйікті тыңдарманымен…

Read More

Зияткерлік меншік құқығын қорғау мақсатында аумақтық әділет органдары өткен жылдың қорытындысы бойынша 338 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 297 құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 158-бабы бойынша (Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану) 283 іс қозғалды, 267 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 22 138 422 теңгені құрады. «2024 жылы заңсыз айналымнан жалпы сомасы 150 млн теңгеге 400 мыңға жуық контрафактілік өнім алынды. Ағымдағы жылы бұл жұмыс жалғастырылатын болады. Шымкент пен Алматыда «Nestle» тауар белгісіне құқықты бұзатын контрафактілік өнімнің ірі партиясы тәркіленді. 2025 жылғы…

Read More

Келес ауданындағы Ғ.Мұратбаев ауылында көкпардан жастар арасында облыстық чемпионат басталды. Дүбірлі додаға аудан-қалаларынан 13 команда қатысып, өзара бақ сынасуда. Жарыста облыстық көкпар федерациясының президенті Ғани Ахметбаев, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, ардагер шабандоз Жасұзақ Сыдықов құттықтау сөз сөйлеп, шабандоздарға сәттілік тіледі. Аламан бәйге — облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық ұлттық спорт түрлері мектебі мен Келес аудандық ұлттық спорт клубының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Доданың алғашқы күнінде Келес, Жетісай, Сайрам, Шардара аудандарынан келген құрамалар басым түсіп жатыр. Облыстық чемпионатта үздік деп танылған шабандоздар мен сәйгүліктер облыс құрамасына алынып, мамыр айында Алматы облысында өтетін ел чемпионатында өңір намысын қорғайды. Түркістан өңірлік…

Read More

Елордада JOLTAP жобасы аясында онлайн сауда жасау негіздері бойынша жаңа тегін курсы басталады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Курс оқытушысы Әлия Ергешпаеваның сөзінше, елордалықтар бұл мамандық түрін төрт күнде меңгере алады. «Бүгінде онлайн сауда жақсы дамып келеді. Адамдар азық-түліктен бастап киім-кешекке дейін тапсырыс беріп, сатып алып жатыр. Мен өзім бұл салаға келмей тұрып, көп жерде жұмыс істеп көрдім. Ал онлайн маркетплейстер туралы осыдан 3 жыл бұрын естідім. Осылайша арнайы оқудан өтіп, кәсіп бастап кеттім. Әрине, бастапқыда кәсібім алға жүріп кеткен жоқ. Ол кезде онлайн сауданың қыр-сырын білетін адамдар аз болды»,- дейді ол. Онлайн сауда негіздеріне үйрететін курста практикалық жұмыстарға…

Read More

Жылы жүздесу мен бірліктің мерекесі ретінде 14 наурыз – Көрісу күніне орай, Almaty Tourism Bureau, ҚР ҰҚК Шекара қызметі және Алматы халықаралық әуежайы шетелдік қонақтарға арналған арнайы акция ұйымдастырады. 50-ден астам халықаралық рейс жолаушылары (5000-нан астам адам) Алматының басты көрікті жерлері, мәдени нысандары, көлік бағыттары мен пайдалы ақпараттары көрсетілген жолсілтемені сыйлық ретінде алады. Бұл естелік кәдесый ғана емес, бұл Алматыны аралауға арналған дайын маршрут. Акция мерекелік көңіл-күй сыйлап, қонақжайлылықты – қазақ мәдениетінің маңызды қыры ретінде көрсетуге бағытталған. Бастама туристік қызмет сапасын арттыруға бағытталған Best City Experience бағдарламасы аясында өтеді. фото: ulysmedia.kz

Read More

Алматыда «Алтын жас» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бұл жоба аясында 2025 жылы зейнеткерлер үшін 1000 жұмыс орнын субсидиялау жоспарланған. 2024 жылы бағдарлама 700-ден астам адамды қамтыды. Сондай-ақ, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2025 жылдан бастап «Jobcoach» жобасы іске қосылады. Ол ерекше қажеттілігі бар адамдарды толық бейімделгенге дейін үш жыл бойы жұмыс орнында қолдауды қарастырады. Жоба аясында 300 адам жұмысқа орналастырылады, ал тәлімгерлер оларға жұмыс орындарын табуға және бейімделуге көмектеседі. Алматы – Қазақстандағы инклюзивті орта қалыптастырудың көшбасшысы. «Инклюзивті Алматы» бағдарламасы 15 саладағы 90 жобаны қамтиды, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спортта тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Read More

Шымкент қаласының аумағында көктемгі егіс науқаны ау райының қолайлы болуына байланысты ақпан-наурыз айларында басталады. Осыған орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысының орынбасары Тоғай Жәнібектің қатысуымен брифинг өтті. Басқарма өкілінің мәлімдеуінше 2025 жылы қаламызда 23,0 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілуде. Оның ішінде: — дәнді дақылдар – 7,0 мың га (бидай – 5,8, арпа – 1,2); — майлы дақылдар – 3,3 мың га; — мал азықтық дақылдар – 10,9 мың га; — көкөніс пен бақша дақылдары – 1,7 мың га; — картоп – 0,1 мың га. Аталған егіс көлемінен 81,0 мың тонна…

Read More