Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Нәзікжандылар үшін эстрада жұлдыздары танымал әндерін орындады, сол сияқты музыкалық қойылымдар мен ұмытылмас шоулардан тұратын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концертке танымал әншілер – Тамара Асар, Клара Төленбаева, Әлішер Кәрімов, Nazzarbeck, Илхан Ихсан, Құрмаш Махан және т.б. қатысты. «Әлемнің жарығы» шарасына елордалық медицина және әлеуметтік сала қызметкерлері, ұстаздар, еңбек ардагерлері, көпбалалы аналар, әскери қызметкерлер, коммуналдық сала қызметкерлері және т.б. қатысты. «Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын шақ, ал наурыз – жылу мен нұр сыйлайтын көктемнің алғашқы айы.…
Автор: ais_media
Президент салтанатты іс-шараға жиналған барша қауымды көктем мерекесімен шын жүректен құттықтап, әлемге сүйіспеншілікпен қарайтын, жан-жағына жақсылық шарапатын сыйлап жүретін әйелдер қауымына жылы лебізін жеткізді. – «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бекер айтылмаған. Әйел – шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Ана – тіршілік пен берекенің бастауы, адамзат бойындағы бар ізгіліктің қайнар көзі. Ананың аялы алақаны мен шексіз мейірімі әр үйге жылылық береді. Салт-дәстүріміз бен ана тіліміздің бүгінгі күнге жетуі де, ең алдымен, аналардың арқасы. Өмірдің мәні де, тіршіліктің сәні де – сіздер! Сондықтан, бүгінгі мейрамда барша ер-азаматтар өздеріңізге ақ тілегін арнап, ықылас-ілтипатын білдіріп жатыр. Солардың ішінде…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, шаруаларға «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Trade-In» бағдарламасы арқылы жаңа техникаларды тапсырды. Өңір басшысы ауыл шаруашылығы саласының техникалық паркін жаңарту бағытында жұмыс жандана түсетінін жеткізді. – Бүгін сіздермен маңызды әрі қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту міндетін жүктеді. Облыс көлемінде 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы бар. Оның 3 мыңы ескіріп, пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан. Осы мәселені шешу мақсатында алдағы 5 жылда ауыл шаруашылық техникалары паркін 35 пайызға жаңарту жоспарымыз бар. Міне, осы бастама аясында нақты жұмыс басталып кетті. Соның айғағы…
Бүгін Түркістанда 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне арналған «Әлемнің жарығы – ана» атты іс-шара өтті. Салтанатты жиынға облыстың әр қиырынан түрлі салада жетістікке жетіп, еңбегімен дараланған нәзікжандылар, көпбалалы аналар, жұмысшы мамандықтары бойынша еңбек ететін аяулы жандар қатысты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, аяулы аналарды құттықтады. Елдің дамуына үлес қосып жүрген ханымдарға құрмет көрсетті. – Сіздерді көктемнің аяулы мерекесі 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Өмірде ананың мейірімінен асқан мейірім жоқ. «Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады» деген мақал бар. Сіздер – ұрпақ үшін ең ардақты жансыздар. Бүгінгі барлық құрмет те, тілек те сіздерге арналады. Жұмақтың…
Шымкент қаласында жұмыс істеп жүрген жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы үлкен сұранысқа ие. 2019 жылғы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығына сәйкес, бүгінгі таңда жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз 2 949 пәтер берілген. Бағдарлама 2020 жылдан бастап іске қосылып, сол жылы 904 пәтер, 2021 жылы 300 пәтер, 2022 жылы 857 пәтер, 2023 жылы 888 пәтер ұсынылды. Пәтерлер 5 жылға дейін беріледі (2023 жылдан бастап 3 жыл мерзімге). «Бүгінгі таңда 900 пәтерге конкурс өткізіліп, құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы қалада жұмыс істейтін жас мамандарға қолжетімді баспана алу мүмкіндігін береді», — деді Шымкент қаласы Тұрғын…
Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде бүгін қаладағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылуы жөнінде брифинг өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Көпжан Кенжеханұлы Тулебаев, «Отбасы Банк» АҚ Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Еркін Бахытбекұлы Ахыншаев және БАҚ өкілдері қатысты. Брифинг барысында қалада мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары арқылы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижелері мен болашақ жоспарлар баяндалды. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу кезегінде 52 519 азамат тіркелген. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік жағынан осал топтар, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйым қызметкерлері, сондай-ақ апатты жағдайда тұрған тұрғын үйлері…
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы көктемнің шуағымен қатар келген мереке қарсаңында ерекше әдеби кеш ұйымдастырды. «Түнгі кітапхана» жобасы аясында өткен «Сіз күткен көктем…» атты поэзия кеші көктемнің сұлулығын, нәзіктігін және жаңаруын жырлайтын кеш болды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жас ақындар мен өнерсүйер қауым қатысты. Сонымен қатар әдеби кештің негізгі ерекшелігі – өнер көрсеткен қатысушылардың қатарында кітапханашы жастар мен белсенді оқырмандардың болуы. Бұл кеш кітапхана оқырмандары мен шығармашылық жастарға шабыт сыйлап, өз өнерін көрсетуге үлкен мүмкіндік берді. Поэзия кешінің мақсаты – ұлттық әдебиетті дәріптеу, жас қаламгерлерді қолдау және көктемнің көркемдігін өлеңмен өрнектеу. Кеш барысында танымал ақындардың өлеңдері оқылып, жас таланттардың…
Концертке әкім Ерболат Досаев қатысты. Қонақтар қатарында көрнекті әйелдер – көпбалалы аналар, еңбек ардагерлері, ғалымдар, педагогтар, мәдениет, спорт және басқа да салалардың өкілдері болды. Концерт «Дос-Мұқасан» ансамблі мен «ALPHA» тобының жаңаша өңделген «16 қыз» әнін бірлесіп орындауымен ашылды. Жәния Әубәкірова Шопеннің «Вальс №7» шығармасын орындап, Ерлан Көкеевпен дуэт айтты. Dinaya-ның жүрекке жылы тиер «Мама» әні бейнеқұттықтаулармен сүйемелденді. Сондай-ақ, Мақпал Исабекова, Kyle Ruh, JCS тобы, RaiM, Mona Songz, Made in KZ және басқа да көптеген орындаушылар өнер көрсетті. Концерттің соңында аналарға арналған «Ана туралы жыр» әні шырқалды. Бұл кеш әйелдердің қаланың дамуына қосқан үлесіне деген құрметтің белгісіндей болды.
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы атынан қала тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыстады. «Құрмет» орденімен марапатталғандар: Зайда Жайсанова – қазақ мектептерінің дамуына және неміс тілін оқытуға үлес қосқан еңбек ардагері. Татьяна Лесова – спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, жоғары санатты жаттықтырушы, КСРО чемпионы және Олимпиада жүлдегері. Қала кәсіпорындарындағы еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалі: Ольга Дрофа – «Алматыжылукоммунэнерго» кәсіпорнының химиялық су тазарту жөніндегі маманы. Ирина Хасанова – «ALMATY MAI» зауытының цех басшысы. «Шапағат» медалімен 30 жылдан астам уақытын әлеуметтік жұмысқа арнаған, есту қабілеті бұзылған жандарды қолдау қорының жетекшісі Аманбике Ерғалиева марапатталды. Бұл әйелдер…
8 наурыз — тек сұлулықтың ғана емес, әйелдерге деген құрметтің де мерекесі. Осы атаулы күнге орай, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты еліміз бойынша нәзік жандыларды құттықтауда. Жастардың алғашқы нүктесі «Астана-Энергия» ЖЭО-да еңбек ететін әйелдерді құттықтау болды. «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Ақерке Искандерова энергетика саласындағы нәзік жандылардың еңбегі туралы ерекше атап өтіп, партия және Жастар қанаты атынан құттықтады. Іс-шара барысында ЖЭО-та еңбек ететін әйелдерге арнайы сыйлықтар табысталып, олардың жұмыс барысындағы жетістіктері аталып өтті. Өз ісінің майталмандары саналатын нәзік жандылар бұл салада қажырлы еңбек етіп, өздерінің біліктілігі мен кәсібилігін дәлелдеп келеді. «Астана-Энергия» АҚ электр цехының аккумуляторшысы Сәуле Исмағұлова: «Біздің жұмысымыз халыққа…