Автор: ais_media

Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков алты жайлы мектептің ашылуына қатысты. Білім ғимараттары мегаполистің бес ауданында орналасқан. Айта кетейік, 1200 орындық мектептер Тұран-2, Жаңа Тұрлан, Ұлағат шағын аудандарында және 276-орамда іске қосылды. Бозарық шағын ауданындағы мектеп 2000 орынға, ал Ақжар шағын ауданындағы білім нысаны 600 орынға лайықталған. Ғимараттарда ерекше қажеттіліктері бар балаларға барлық жағдай жасалған. Пандустар, жеделсатылар және арнайы алаңдар, балалардың шығармашылық тұрғыдан дамуы және демалу үшін коворкинг аймақтары қарастырылған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары, турникеттер орнатылды. Ғимараттарды аралап көрген қала әкімі жаңа мектептердің ашылуы орын тапшылығын шешіп қана қоймай, шәкірттердің сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына…

Read More

Накануне Нового года аким Шымкента Габит Сыздыкбеков принял участие в открытии шести комфортных школ, расположенных в пяти районах мегаполиса. В микрорайонах Туран-2, Жаңа Турлан, Ұлағат и 276-й квартал начали работу школы вместимостью по 1200 мест. В микрорайоне Бозарық открылась школа на 2000 мест, а в Акжаре — на 600 мест. Новые учебные заведения полностью адаптированы для детей с особыми потребностями: в зданиях предусмотрены пандусы, лифты и специальные зоны. Также обустроены коворкинг-пространства для творческого развития и отдыха. Для обеспечения безопасности учащихся установлены камеры видеонаблюдения и турникеты. Осмотрев новые здания, аким города отметил, что открытие школ не только решает проблему дефицита учебных…

Read More

Шымкент қаласында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында 183 отбасыға арендалық пәтерлердің кілті табысталып, қоныс тойы тойланды. Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Жаңа баспанаға қол жеткізген отбасылар шашу шашып, тұрғын үйдің лентасын қиды. Айтулы мереке қарсаңында пайдалануға берілген баспаналар Асар-2 және Тұран шағын ауданында орналасқан. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын «Integra Construction KZ» ЖШС және «Алтын Констракшн» ЖШС мердігер мекемелері жүргізген. Жаңа қоныстанушылар арасында көпбалалы отбасылар және халықтың әлеуметтік жағынан осал тобындағы азаматтар бар. Елімізде құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар қазақстандықтардың жайлы…

Read More

В Шымкенте накануне Нового года 183 семьи получили ключи от арендного жилья, предоставленного в рамках государственной программы. Торжественное мероприятие прошло с участием акима города Габита Сыздыкбекова, который поздравил новосёлов с этим важным событием. Жильё, построенное в микрорайонах Асар-2 и Туран, стало новым домом для многодетных семей и представителей социально уязвимых слоёв населения. На церемонии вручения ключей гости символично разрезали ленту и бросили традиционный шашу, ознаменовав начало новой жизни для новосёлов. Решение жилищных вопросов – приоритет государственной политики В последние годы в Казахстане наблюдается динамичное развитие жилищного строительства. Государственные программы, реализуемые по поручению Президента, направлены на улучшение качества жизни граждан. В…

Read More

Шымкент қаласында 2024 жылы мүгедектігі бар азаматтарға қолдау шараларын көрсету үшін бюджеттен – 12,3 млрд.теңге (2023ж.- 8,2млрд. теңге) қарастырылып, ағымдағы жылдың 1 желтоқсан жағдайымен 10,7 млрд. теңге төленуде. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізді. Мүгедектігі бар азаматтарға оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 49 205 өтінім келіп түсіп, 40 275 (81,9%) қамтамасыз етілді. Атап айтқанда: — протездік-ортопедиялық көмек құралдарына мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 9 067 өтініш қабылданып, 6 840 құралмен қамтылды (75%), (2023 жылы –…

Read More

Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабында орналасқан Бадам өзені үстінен өтетін көпірдің құрылысы 1974 жылы салынып, пайдалануға берілген болатын. Алайда осы уақытқа дейін көпірдің құрылымдық бөліктерінде ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Көпір жобасы 18 метрлік балкалар арқылы салынған және 5 тіректен тұрады. Бұл көпір Жаңаталап тұрғын алабын қаланың орталығымен байланыстыратын негізгі жолдың бойында орналасқан. Соңғы жылдары Бадам өзеніндегі су деңгейінің 2-3 метрге төмендеуі салдарынан көпірдің 2-тірегінің түбі шайылып, оның іргетасының жер деңгейінен төмен бөлігі (свая) ашылып қалған. Бұл жағдай көпірдің пайдалану мүмкіндігін толығымен шектеп, оны апатты деп тануға негіз болды. Осыған байланысты көпірде шұғыл түрде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу…

Read More

Балалар теміржолының орнына заманауи веложол мен аяқжол салу жұмыстары жүргізіліп, қараусыз қалған аумақ жаңа серуен аймағы ретінде пайдалануға берілді. Бұл аймақ Қажымұқан атындағы стадионнан бастап, Дендросаябақтағы бұрынғы теміржол станциясына дейінгі аумақты қамтиды. Жалпы ұзындығы – 5,5 шақырым, орташа ені – 5 метр. Көлік өтетін жолдарда жаяу жүргіншілер үшін арнайы жол таңбалары сызылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жобаның аясында веложол, жүгіру жолдары және бірнеше воркаут алаңдары салынды. Сондай-ақ, аумақ толық көгалдандырылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды. Айта кетейік, Дендросаябақ пен Қажымұқан стансасы аралығындағы 8 шақырымды қамтитын балалар теміржолы 1979 жылы сол кездегі облыс басшысы Асанбай Асқаровтың басқаруымен салынған болатын. Бұған дейін теміржол қайта…

Read More

ЖОО-дары 245-ке жуық бірлескен білім беру және қос дипломдық бағдарламаларды іске асыруда. Times Higher Education рейтингіне қазақстандық 29 жоғары оқу орны қатысты, оның ішінде 4 жоғары оқу орны тізімнен орын алды. Жыл сайын дәріс оқытуға 200 шетелдік ғалымды шақыруға қаражат бөлінеді. Тізілімге 8 мыңнан астам білім беру бағдарламасы енгізілді, оның 57%-ы жаңартылды. Цифрлық университеттердің моделі жасалды. 2023 жылдан бастап бұл модель 2 ЖОО: Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында пилоттық режимде іске қосылды. Ынтымақтастықты дамыту және оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мақсатында Coursera, Huawei Technologies Kazakhstan, Binance Kazakhstan сияқты ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, меморандумдарға қол қойылды. Huawei…

Read More

Қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2024-2026 жылдарға 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды (оның ішінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру – 211 млрд теңге, гранттық қаржыландыру – 198 млрд теңге, коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру – 67,9 млрд теңге). Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті (өткен жылға қарағанда +13%). Жастарды ғылымға тарту мақсатында ҒЖБМ мен «Отбасы банкі» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Отбасы банкі» АҚ келісім шеңберінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда жас ғалымдарға арналған ипотекалық несие беру бағдарламасын іске қосты. Несиенің ең көп сомасы 20 млн теңгені, қарыз мерзімі – 19 жылды құрайды. 2024…

Read More

Бүгін еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті. Жергілікті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер дайындаған ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдардың көрмесі мен этно стильдік және заманауи сәндік киім үлгілерінің көрсетілімі жиналған жұртшылықтың көңілінен шықты. Қалалық ассамблея алаңында ұлттық мәдениетті дәріптеуді көздеген іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова ұлт мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген қолөнер шеберлеріне алғыс айтты. – Біздің мақсат – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шымкенттік шеберлердің, суретші-дизайнерлердің туындыларын дәртіптеу арқылы жалпыұлттық бірлік пен татулық құндылықтарын насихаттау, –…

Read More