Автор: ais_media

«Kеруен сарай» кешенінде «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбымен өңірдің туристік маусымы ашылды. Облыстың туристік әлеуетін, инфрақұрылымын жақсарту және қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс тұрғындары мен саяхатшылар қатысты. Туристік маусымның ашылуында көрермендерге ерекше шоулар ұсынылып, ұмытылмас әсер сыйлады. «Jana lep» шығармашылық ұжымы қазақтың ұлттық әндерін орындап, көпшілікті сүйсіндірді. Сондай-ақ заманауи әуендер шырқалды. Туристер мен түркістандықтарды таңғалдырған мерекеде тарихи тұлғалар мен кейіпкерлер енгізілген керуен жүріп өтіп, балалар ұлттық ойындарды ойнады. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Абай Құнанбайұлы сынды ойшылдар жұртшылықпен қауышты. Туристік мерекеде 2,5 тонна наурыз көже пісіріліп, жүртшылыққа ұсынылды. Көже…

Read More

Биыл Алматы тұрғындары мен қонақтары Наурыз мейрамын кең көлемде тойлайды, қаладаы іс-шараларда дәстүр мен жаңашылдық үйлесім табады. Ашық аспан астындағы ауқымды концерттер, спорттық жарыстар, жәрмеңкелер мен түрлі іс-шаралар «Көктөбе» саябағында, Абай алаңында, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Арбатта және Астана алаңында өтеді. Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар шаһардың барлық ауданында ұйымдастырылады. Қала театрлары мен цирк қайырымдылық қойылым ұсынса, ірі концерт залдарында қазақстандық және шетелдік жұлдыздар өнер көрсетеді. Жалпы, Алматыда Наурызнама аясында 100-ден астам іс-шара өтеді. Астана алаңы 21 наурыз күні сағат 11:00-де Астана алаңында «Алматы – Наурыз құшағында» атты негізгі салтанатты концерт өтеді. Сахнада әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблі, Майра Мұхамедқызы, Жанар Айжанова, Өмірқұл…

Read More

Түркістан облысында алдағы жылдары 7 ірі жоба іске асырылмақ. Олардың қатарында облыс орталығында салынып жатқан 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы да бар. Нысан биыл жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Сарыағаш қаласында 300 орындық перинаталдық орталығы бар көпбейінді аурухана, Ордабасы ауданында 200 төсек орындық заманауи медициналық орталық, Түркістан қаласында 200 орындық облыстық балалар ауруханасы салынбақ. Бұл жайында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшының орынбасары Бауыржан Сатыбалды брифингте мәлімдеді. «2021 жылы Түркістан қаласында Мұхаммед Бен Заид Аль Нахаян атындағы 80 орындық перзентхана құрылысы үшін Түркістан облысының әкімдігі 3,3 гектар жер телімін бөлген болатын. БАӘ, Абу-Даби қоры демеушілікті мойнына алса, конкурс…

Read More

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Президентке елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа өркендеу бағыттары және экономикалық реформаларды жүзеге асыру жұмыстары туралы баяндалды. Биылғы қаңтар-ақпан айларында экономиканың өсімі 5,4% болды. Премьер-министр Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы жүктеген инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды іске асыру, цифрландыру мен адами капиталды дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы жетекшілік ететін Республикалық штабтың су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі есебін тыңдады. Жағдай тәулік бойы бақылауда. Қазір 37 мыңнан астам қызметкер мен 13 мың техника дайындықта тұр. Президент экономиканың нақты секторын қолдау, инвестиция тарту және әлеуметтік саясатты жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. akorda.kz

Read More

Бүгін Түркістан қаласында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне арналан «Түркістан жауһарлары» ұлттық киім көрмесі және «Яссы» халықтық этнофольклорлық ансамблінің концерті өтті. «Наурызнама» онкүндігі аясында, Түркістан қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен, Этноауыл кешенінде өткен шара еліміздің ұлттық мәдениеті мен дәстүрін дәріптеуге бағытталды. Жалпы іс-шараға 500-ден астам адам қатысты. Мерекеде «Тұсаукесер», «Қазан шегелу» және өзге де салт-дәстүрлерінен көрініс қойылды. Сонымен қатар келіндердің және тігіншілердің қыз жасауын дайындау барысы көрсетілді. Мерекені бастап кеткен қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, әртүрлі өнер фестивальдері мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстарға қатысты. Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Read More

Бүгін, 18 наурызда QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде астаналық 3 мыңнан астам оқушы қыз бір мезетте «Қамажай» халық биін билеп, жаппай орындау бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Флешмоб «Науразнама» онкүндігі аясында өтіп, Ұлттық киім күніне орайластырылды. Ұйымдастырушылар – елордалық Білім басқармасы мен Техникалық және көркем шығармашылық орталығы. «Қамажай» – қазақтың ұлттық билерінің бірі. Ол нәзіктікті, әдемілікті бейнелейді. Ал мұндай ауқымда өнер көрсету ерекше әсер қалдырумен қатар, мәдениетімізді кеңінен насихаттау үшін де маңызды. Қыздар дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетті, біз олардың өнерін мақтан тұтамыз», — дейді «ШАШУ» фольклорлық ансамблінің шығармашылық жетекшісі Рахат Тәуіржан. Флешмоб ерекше сәтпен аяқталды: көрермендер…

Read More

Оңтүстік өңірі қашан да өнер мен мәдениеттің тал бесігі саналған. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында қала әкімдігінің қолдауымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Күміс қалам» республикалық байқауы осы сөзімізге дәлел. Поэзия әлеміне қадам басқан жас таланттарды қолдау, олардың шығармашылығына қанат бітіру мақсатында өткізіліп отырған байқау талай жастың белін буып, қанатын қақтырды. Биылғы «Күміс қалам» байқауы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Өтебай Тұрманжанұлының 120 жылдығына арналды. «Нан қоқымын шашпаңдар, жерде жатса баспаңдар» деген нақыл сөзі жадымызда қалған Өтебай ақынның шығармашылығы – бала жүрегіне ізгілік дәнін сеуіп, ұлттық құндылықтарды бойға сіңіруге бағытталған асыл қазына. Сондықтан жас ақындардың осы байқау аясында…

Read More

Шымкентте Қайырымдылық күніне орай жүрек жылуын сыйлаған ерекше шара өтті. «Janin.kz» қайырымдылық қоры мен Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Жақсылық жаршысы» іс-шарасы ерекше балаларға қуаныш сыйлап, олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал етті. Бұл күні 70-ке жуық бала үшін мәдени және рухани бағдарлама ұсынылды. Балалар көпшіліктің қызығушылығын тудырған «Молда» фильмінің көрсетілімі барды. Тәрбиелік мәні терең бұл көркем туынды балалардың ерекше қызығушылығын оятып, үлкен әсерге бөленді. Кино көрсетілімінен кейін, балаларға арнап жайылған ақ дастарханнан дәм татты. Балалар мен олардың ата-аналары арнайы жайылған дастархан басында бас қосты. Жылы сөздер, шынайы күлкі мен ақжарма тілектер бұл кештің ерекше атмосферасын айқындай түсті. Ұйымдастырушылардың…

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Агромашхолдинг» АҚ-ның президенті Динара Шүкіжанованы қабылдады. Кездесуде қос тарап Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады. Нақтырақ айтсақ, Түркістанда ауыл шаурашылығы техникасын шығаратын зауыт ашу жөнінде келіссөз жүргізді. Өңір басшысы аймақта өндірісті дамытуға, жаңа жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді. – Түркістан облысы – аграрлы аймақ. Ауыл шаруашылығы техникаларына сұраныс өте жоғары. Сондықтан арнайы зауыт пен сервистік орталықты өңірімізден ашу тиімді болады. Арнайы ғимарат, жер және инфрақұрылым бойынша толық қолдау көрсетіледі. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров. «Агромашхолдинг» АҚ-ның президенті Динара Шүкіжанова әріптестік орнатуға қолайлы жағдай ұсынған облыс басшылығына алғысын айтты.…

Read More

Астана қаласында 10-14 наурыз күндері таеквондодан (WT) кадеттер арасында Қазақстан Республикасының біріншілігі өтті. Тартысқа толы өткен елішілік додада Түркістан облысының спортшылары табысты өнер көрсетіп, 4 медальді қоржынға салы. Атап айтар болсақ, +59 келіде Жібек Ерғазы барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, алтын медальді мойнында жарқыратса, 55 келідегі Жаншуақ Нәлібай күміс медаль еншіледі. Ал 33 келідегі сынға түскен Шадияр Рузматов пен 59 келідегі Хадиша Исламбек қола жүлдегерлер қатарынан көрінді. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Read More