Автор: ais_media

Астанадағы Достық үйінде «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік ісшара өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Оған дипломатиялық өкілдіктердің елшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, елордалық ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. «Құрметті, халайық. Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Өздеріңіз білетіндей, қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Қазіргі уақытта дәстүрге сай өздеріңізбен Достық үйінде бас қосуымыз жалғасуда. Бұл Наурыз мерекесі сонау тарихы терең ата-бабамыздан келе жатқан, бүгінде ұлт пен ұлыстың басын қосып, еліміздің мызғымас бірлігінің айқыны. Бүгінде бейбітшілік пен келісімнің нағыз көрсеткіші деп айтуға болады. Барлықтарыңызға дендеріңізге…

Read More

Бүгін Алматы нағыз көктем мерекесінің орталығына айналды – қала Наурыз мейрамын ерекше сән-салтанатпен тойлауда. Мерекелік алаңдар мегаполистің түкпір-түкпірінде пайда болды, дәстүр бойынша басты концерт Астана алаңында өтуде. Таң сәріден бері мұнда шаттыққа толы атмосфера, ұлттық рух пен бірліктің айқын көрінісі сезіледі. Алматы әкімі Ерболат Досаев салтанатты шараға қатысып, жаңару, татулық пен береке символы – Наурыздың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, мерекеге Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі Асанәлі Әшімов, Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және көптеген зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Көрермендерге «Алматы – Наурыз құшағында» атты ауқымды концерт…

Read More

Алматы әкімі Ерболат Досаев сарапшылармен, Алматы қаласы мәслихатының депутаттарымен, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық кеңес пен Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесу өткізді. Басқосуда 2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы жариялаған негізгі бастамаларды тиімді жүзеге асыру мәселелері қаралды. Ерболат Досаевтың айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы баяндамасы жан-жақты, ол экономика мен әлеуметтік саясатты, сондай-ақ қазақстандық қоғамның рухани дамуын қамтитын маңызды салаларды қозғайды. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 40 жылдығына орай ел дамуының төрт стратегиялық бағытын айқындады. Олар: цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту, энергетика, агроөнеркәсіптік секторды қолдау және адами капиталдың сапасын арттыру. Жиынға қатысушылар бұл басымдықтардың Алматыда қалай жүзеге асатынын талқылады. Ерболат Досаев…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев этноауылдағы қолөнер жәрмеңкесін аралап көрді. Биыл көрмеге отандық қолөнершілермен қатар Қытай, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Иран, Тәжікстан елдерінен шеберлер шақырылған. Президентке ұлттық ойындар, қазақстандық дизайнерлер мен танымал брендтердің ұлттық киім үлгілері таныстырылды.

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды. Президент мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мемлекет басшысы бұл мейрамның былтырдан бастап жаңа тұжырымдамаға сәйкес он күн бойы аталып өтетініне назар аударып, Наурызнаманың әр күні тағылымға толы екенін айтты. Сонымен қатар мерекенің тазалық, еңбекқорлық құндылықтарын дәріптейтін тәрбиелік мәніне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл әлемнің алмағайып жағдайда өмір сүріп жатқан шағында қоғамның тұрақтылығын нығайту саясатымыздың басты бағыты болып қала беретінін жеткізді. «Биыл Конституциямызға және Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толады. Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Көп ұзамай қастерлі Тәуелсіздігіміздің 40 жылдық мерейлі белесіне…

Read More

Елордада 21-22 наурыз күндері қаланың алты ауданындағы барлық ашық алаңда, оның ішінде елді мекендерде Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Қалалық алаңда (елорда әкімдігі ғимаратының алдында), «Қазақ елі» және «Бәйтерек» монументтері алаңдарында, «Астана Арена» стадионы мен ЭКСПО алаңының аумағында таңертеңнен бастап мерекелік әндер ойналып, қолөнер жәрмеңкелері ашылып, дәстүрлі тағамдар дайындалуда, сол сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталып жатыр. Қатысушылар гір көтеру, қол күресі, арқан тарту, асық ату, қазақша күрес, қой көтеру, т.б. сынға түсіп жатыр. Алты ауданда да киіз үйлер тігіліп, мерекелік жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Өтетін орындарда қазақстандық эстрада жұлдыздары…

Read More

«Ұлы дала елі» орталығында ұлттық ойындар дәріптелді. Қазақ халқының ұлттық ойындары – ата-бабаларымыздан қалған асыл мұра. Олар тек ойын-сауық құралы ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік мәні зор дәстүрдің бірі. Орталық қызметкерлері арасында арқан тартыс, тоғызқұмалақ және асық ату ойындары ойнатылып, қатысушылар ұлттық мұраның ерекшеліктерімен жақынырақ танысты. Бұл ойындар командалық рухты нығайтып, қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты дамытты. Осындай іс-шаралардың басты мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау, ұлттық ойындарды дәріптеу және болашақ ұрпаққа жеткізу. Қызметкерлер үлкен қызығушылық танытып, ұлттық ойындардың маңыздылығын наихаттады. Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Read More

Түркістан қаласында Облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Түркістан қаласы әкімдігінің қолдаулары және «Түркістан облысының ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанның алтын арқауы – ақсақалдар өнегесі» атты рухани-мәдени жиыны өтті. «Жаңа Қазақстанның алтын арқауы – ақсақалдар өнегесі» атты іс-шарасының мақсаты – ұлттың рухани құндылықтарын дәріптеу, жастарға тағылымды тәрбие беру және ел бірлігін нығайтуда аға буынның рөлін насихаттау. Аталған жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, облыс әкімінің орынбасары, басқарма басшылары және Түркістан қаласының тұрғындары қатысты. Жиынды ашқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев 2025 жылғы 3 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын жеткізді. Сонымен…

Read More

«22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні» мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық спорт түрлерінен (асық ату, тоғызқұмалақ, гір көтеру, арқан тарту және қазақ күресінен) облыстық спартакиада өтті. Бұл сайысқа аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардан 18 команда, 400-ге жуық мемлекеттік қызметшілер қатысты. Тартысты өткен жарыста командалық есепте 3-орынды Бәйдібек ауданы, 2-орынды Отырар ауданы, ал 1-орынды Түлкібас ауданы еншіледі. Жарыс соңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Дархан Суртеков, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевтар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы тағайындалған кубок, медаль…

Read More

Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мейрамы қарсаңында түркістандықтар қуанышқа кенелді. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 348 отбасына «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінен пәтер кілттерін табыстап, тұрғындардың қуанышын бөлісті. Баспана иелеріне ізгі тілегін жеткізіп, халықты тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасатынын айтты. – Алдымен баршаңызды келе жатқан Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Бүгін біз ерекше қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Өзіміздің бауырларымыз, тұрғындарымыз қоныс тойын тойлайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғындарды баспанамен қамту жұмысын күшейтуді тапсырды. Өңірде осы бағытта ауқымды жұмыс жүруде. 2024 жылы шаһарда 961 отбасы баспаналы болды. 2018-2024 жылдар аралығында кезекте тұрған 3519…

Read More