Наурыз – тек көктемнің, жаңа жылдың бастауы ғана емес, халқымыздың сан ғасырлық мәдениеті мен руханиятын дәріптейтін ұлы мейрам. Бұл күндері тек дастархан жайылып, наурызкөже әзірленіп қана қоймайды, ұлттық құндылықтар жаңғырып, рухани мұралар қайта тіріледі. Биыл Шымкентте Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатымен өтіп жатыр. Астана алаңында ұйымдастырылған кітап жәрмеңкесі мен қаламгерлермен кездесу – соның жарқын бір дәлелі. Шымкент қалалық кітапханалар жергілікті ақын-жазушылармен жүздесулер ұйымдастырып, оқырмандарға сырласуға мүмкіндік беруде. Бұл – рухани байлыққа сусындаған, кітапты жанына серік еткен жандар үшін үлкен мереке. Қаламгерлермен бетпе-бет кездесіп, олардың шығармашылық жолы, шабыттың қайнары жайлы тыңдау – оқырман үшін керемет сәт. Ал кітап жәрмеңкесі – нағыз әдебиет…
Автор: ais_media
Күндіз басталған Шымкент қаласындағы Наурыз мерекесі отшашумен аяқталды. Домбыраның күмбірлеген үні, жаңа піскен бауырсақтың аңқыған иісі, балалардың шат күлкісі мен мейрамның атмосферасын сезінген жандардың күлімсіреген жүздері қаланы ерекше сезімге бөлегендей болды. Биылғы мерекелік шаралар мегаполистің барлық аудандарын қамтып, көшелерді, саябақтар мен алаңдарды алып фестиваль қалашығына айналдырды десек артық болмас. Шаһардың әрбір бұрышында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Әл-Фараби мен Наурыз алаңдарында, Қажымұқан стадионында және 14 тұрғын алабында кең көлемде аталып өткен іс шара өзіне тән ерекше бояуымен ерекшеленді. Бір жерде театрландырылған қойылымдар көрсетілсе, екінші жерде ұлттық ойындар мен сайыстар ұйымдастырылған. Алтыбақан тепкен бойжеткен мен бозбаланың күлкісі, балалардың қуанышы, ақ жаулықты әжелер мен…
Наурыз мейрамына орай Түркістан төрінде «Ән мен әнші» концерті өтті. Киелі шаһардың ерекше мәртебе алу құрметіне арналған мерекелік думанды Түркістан қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Күндіз Наурыз мерекесіне арналған ауқымды іс-шараны тамашалаған түркістандықтар мен қонақтар кешке мағыналы концертте бас қосты. Бұл кеште қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісова бастаған әншілер өнер көрсетті. Есті әндер жүректерді жылулық пен әсерлі әуенге толтырып, әдемі көңіл-күй сыйлады. Концертте шырқалған әндер мен ерекше атмосфера көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Керуен сарай» кешеніне келген адам қарасы көп болды. Қала тұрғындары мен қонақтары керемет бағдарлама мен эмоцияға толы сәттерге риза болып тарқасты. Айта кетейік, Түркістандағы Наурыз тойы…
Бүгін Шымкентте Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлау «Астана» алаңында басталды. Алаңда орналасқан сахнада 500 адамның қатысуымен Наурыз мейрамына арналған «Наурызнама» музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетілді. Сонымен қатар, алаңға жиналған көпшілік ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер шеберлерінің көрмелерін тамашалады. Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар да тартысты өтіп, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл күнді қала тұрғындары мен қонақтары бір-біріне жылы тілектерін айтып, ұлттық дәстүрлер мен жоралғыларды тамашалап, Наурыздың мейрамының мәнін терең сезінді. Айта кету керек, 19.00-де отандық және әлемдік танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Астана» алаңында мерекелік гала-концерт жалғасатын болады. Наурыз мерекесі баршаға құтты болсын!
Наурыз мерекесі – қазақ руханияты мен дәстүрінің алтын арқауы. Бұл күн – тек көктемнің ғана емес, ұлттық өнердің де жаңғыратын шағы. Осындай ерекше мереке қарсаңында Шымкент қаласында қазақтың қасиетті сөз өнерін дәріптеген дәстүрлі «Күміс домбыра» республикалық жас ақындар айтысы өтті. Қаламызда бесінші мәрте өтіп жатқан шара ұлт руханиятының жанашыры, түркітанушы ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың 120 жылдығына арналды. Бұл дода – жас ақындарға үлкен мүмкіндіктер алаңы болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 16 жас айтыскер ақын сахнада суырып салмалық пен тапқырлықтың тамаша үлгісін көрсетті. Айтыстың әділдігін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев, айтыстың арыстаны атанған Бекарыс Шойбеков бастаған қазылар алқасы қадағаласа,…
20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Шымкенттегі атшабарда ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар өз шеберліктерін түрлі сындарда көрсетті. Алдымен үміткерлер атпен кедергілерден секіріп өтіп, шеберліктерін сынады. Бұдан кейін шабандоздардың ептілігі сынға түсті. Олар қысқа уақыт ішінде атпен шауып келіп, жерде жатқан теңгелерді іліп алып, қазақ халқының ат үстіндегі өнерін паш етті. Күш-қуаты мол, батыл шабандоздар аударыспақта белдесіп, ат үстіндегі шеберліктерін тағы бір дәлелдеді. Бұл додада қатысушылардың шапшаңдығы мен айла-тәсілі маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, ұлттық спорттың ажырамас бөлігі саналатын көкпар, қыз қуу секілді сайыстарды да қызыға тамашалаушылар көп болды. Бұл жарыстар көрермендердің делебесін қоздырып, нағыз…
Бүгін Шымкент қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтіп жатыр. Мерекелік шаралар таңертеңнен басталып қала тұрғындары мен қонақтары Наурыз мейрамына арналған 450 адамның қатысуымен өткен «Наурызнама» музыкалық-театрландырылған қойылым куәсі болды. Сахнадағы мың бұрала билеген бишілер мен көмейінен бал тамған әншілердің өнерін тамашалаған жұрттың көңіл күйі ерекше көтеріңкі. Гала-концертте қазақ эстрадасының белгілі өкілдері мен Шымкент қаласының өнерпаздары өнер көрсетті. Бұдан бөлек «Астана» алаңының әр бұрышында ересектер мен балаларға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылған. Мәселен бір бұрышта балалар сайқымазақтардың өнерін тамашаласа, енді бірінде жауырыны жер иіскемес палуандар белдесіп жатты. Алтыбақан тепкендер де әсем ән мен тәтті күйдің ырғағына…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдерімен кездесті. Басқосуда руханият саласындағы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар шаһарда ҚМДБ имамдарының білімін жетілдіретін Ислам институтын ашу, институттың жұмысын жүйелендіру бойынша Жол картасын әзірлеу, штаттық құрылымын жасақтау және бекіту, облыс көлеміндегі мешіт қызметкерлерінің біліктілігіне мониторинг жүргізу, қажеттілігіне қарай біліктілігін арттыру курстарын оқыту жолдары сараланды. Облыс әкімінің орынбасары аталған орталықты ғылыми-зерттеу институты ретінде тіркеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. – Қазіргі таңда дін саласындағы қызметкерлердің білімі мен біліктілігін көтерудің маңызы артқан. Сондықтан біліктілікті арттыру курстарына республикаға танымал, дін, тарих, мәдениет, философия және тағы басқа ғылымдар бойынша сарапшылар мен спикерлерді жұмылдыруды қолға алсаңыздар. Алдағы…
Сарыағаш ауданына қарасты Қызылжар атшабарында ұлттық спортты ұлықтау мақсатында 2001 жылғы ауыл жастарының демеушілігімен ат спортының жаппай көкпар түрінен жастар арасында ұлттық ойын болып өтті. Көкпарға 150-ге жуық шабандоз қатысып,шеберліктерін көрсетті. Ұлттық ойынды ұйымдастырудағы басты мақсат – бағзы заманнан бері бабамыздан баламызға мирас болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды жастар арасында кеңінен насихаттау, салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын дәріптеу, туған елге, жерге, өз Отанына деген жастардың сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып жатыр. «Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлауда Бүгін облыс орталығында «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шара өтті. Салтанаттты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын құттықтады. – Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Наурыз – молшылық пен жаңарудың мейрамы! Бабаларымыз 5 мың жылдан бері Наурызды жыл басы ретінде атап келеді. Наурыз Оңтүстіктен басталады. Бұл күні халқымыз мол дастарқан басында ақ тілектерін айтады. Наурызда ел аймақты тазалап, бұлақ көзін ашып, ағаш…