Шымкентте триатлоннан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Бұл жарыста ELITE, U23, U19, U17 санаттары бойынша спринт, ал U15 және U13 санаттары бойынша супер-спринт қашықтықтарында спортшылар бақ сынайтын болады. Ашылу салтанатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов жарыстың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде триатлонның спортшыларға төзімділік пен жылдам шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті. — Бұл чемпионат – еліміздің ең мықты спортшыларын анықтап қана қоймай, олардың халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындығын пысықтайтын үлкен мүмкіндік. Әрбір қатысушы өз өңірінің намысын қорғап, бар күшін салатынына сенімдімін. Баршаңызға сәттілік!, – деді ол. Жарыстың бас төрешісі Юрий Гренев…
Автор: ais_media
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев «Медеу» мұз айдынын аралап көріп, тау шатқалында орналасқан бірегей нысанның тарихынан сыр шертетін фотокөрмемен танысты. Мұз айдынының әлемдік спорт тарихындағы орны ерекше. Президенттерге 1972-1991 жылдары мұнда әйелдер мен ерлер арасында өткен жарыстарда барлық қашықтық бойынша 247 рет рекорд орнатылғаны жөнінде айтылды. «Медеу» әлі күнге Қазақстанның ең танымал туристік нысандарының санатына кіреді. 2024-2025 жылғы маусымда мұз айдынына 460 мың адам келген. Мемлекеттер басшыларына «Медеуді» орнықты туризм моделі бар әлемдік деңгейдегі орталыққа айналдыруды көздейтін жаңа даму жобасы таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев алматылық спортшы Евгений Кошкинмен әңгімелесті. Ол биыл Әлем кубогінің соңғы екі кезеңінде жеңімпаз атанып,…
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезекті сессиясында мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланды. Қаржыны салаларға бағыттау барысында өзекті мәселелерді шешуге және маңызды жобаларға басымдық берілді. Жалпы нақтылау нәтижесінде, қала бюджетінің көлемі 806 млрд теңгеден 850 млрд. теңгеге дейін артты. Сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есеп тыңдалып, инфрақұрылымды дамытудың кешенді шаралары мен денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар талқыланды. Сессияда «Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімге өзгерістер енгізу мәселесі…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысына аумақтық құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары мен аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде білім беру саласындағы процестерді цифрландыру мәселесі және жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жүргізілген мониторинг нәтижелері талқыланды. Қала әкімі жауаптыларға білім беру саласындағы процестерді цифрландыру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ жер қатынастарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша бірнеше ұсыныстар талқыланып, маңызды шешімдер пысықталды. Қала басшысы профилактикалық шараларды күшейтіп, ұдайы тәжірибе алмасу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түбегейлі жоюда нақты тапсырмалар берді.
№1 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері бір аптада екі бүйрек алмастыру отасын жасады. Кезекті операцияда 1976 жылы туылған әпкесінің бір бүйрегі сіңлісіне салынды. Рецепиент 2 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Сондай-ақ аурухана дәрігерлері 1987 жылы туылған науқасқа қарындасының бүйрегін хирургиялық жолмен салып берді. Туыстық трансплантациялар сәтті өтті. Донорлар мен рецепиенттер палатаға ауыстырылды, жағдайлары жақсы. Оталарды аурухана дәрігерлері — Т.Садыков, Байтеміров, Р. Үмбетжанов, Б. Бауыржан, Д. Қабылов, У. Мұқанова, К Айтуов, Б. Керімкулов жасап шықты. Айта кетейік, бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 233 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықты баспанамен қамту бағытында Түркістан облысында жүйелі шаралар қабылдануда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауымен өңірде мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгін Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде жаңадан бой көтерген Самал мөлтекауданынан 3 қабатты тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылды. Кезекте тұрған 84 отбасына пәтер кілттері табысталып, қоныстойы тойланды. Іс-шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарға жылы лебізін жеткізіп, пәтер кілттерін табыс етті. – Қасиетті Рамазан айында игілікті жаңалықтар болып жатыр. Мемлекет басшысы тапсырмасымен, облыс басшылығының қолдауымен бүгін өздеріңізге баспана беріп, қуаныш сыйлаудың сәті түсіп отыр. Қоныс құтты болсын! – деді аудан әкімі.…
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, еңбек ұжымдарының өкілдері, табиғат жанашылары, коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты. Вице-министр тұрғындар алдында республикада және өңір бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған жоспарлармен бөлісті. Оның айтуынша, жалпы басқа өңірлермен салыстырғанда Түркістан облысындағы экологиялық жағдай салыстырмалы түрде қолайлы. Түркістан облысы бойынша экопроблемаларды шешу межеленген Жол картасында 27 іс-шара көзделген. Оның ішінде 7-еуі орындалған. Ал қалған тармақтар орындалуда. Түркістан қаласындағы үш автоматты станцияда ауа мониторингі жүргізілуде. Облыстағы барлық 128 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны экологиялық талаптарға сәйкес келеді.…
Қазығұрт ауданында кәсіпкерлік саласын дамытуға күш салынуда. Өңірде жаңа кәсіптің көзін тауып, өндірісті кеңейтуге назар аударылып жүр. Жергілікті кәсіпкерлер кеңсеге арналған ақ қағаз шығару ісін бастаған. Бүгін ауданға жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты. Жобаның қуаттылығы — тәулігіне 1000 дана. Өңір басшысы кәсіпорын жұмысын оң бағалап, кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аудару керек екенін айтты. Осы бағыттағы жұмыстарға күш салуды тапсырды. Қазығұрт ауданында «Aqua the best» сауда белгісімен ауыз су өндіретін цех өндірісін кеңейтті. Сағатына 6000 литр өнім беруге қауқарлы мекемеде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда «Қазығұрт» индустриалды аймағында жалпы құны 18,9 млрд…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Облысты, ауданды дамыту жолдарын саралап, халықпен еркін пікір алмасты. Өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту басым бағытқа ие екенін жеткізді. – Тарихы терең, табиғаты тамаша Қазығұрт ауданының халқы әрқашан еңбекқорлығымен танылып келген. Бүгін өзекті мәселелерді талқылау үшін арнайы келіп тұрмын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жергілікті әкімдіктерге ел экономикасының әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы міндеттерді орындау бағытында Қазығұрт ауданында былтыр «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша 9 елді мекенде құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылды. Нәтижесінде Қызылдихан, Тұрбат, Үшбұлақ және Көкібел елді мекендеріндегі 24 көшеге орташа…
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов ЮНЕСКО-ның тарихи-мәдени мұраны қорғау бойынша халықаралық сарапшылар тобының өкілдерімен кездесті. Белгілі археолог Дмитрий Воякин бастаған сарапшылармен маңызды мәселелерді талқылады. Кездесу барысында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі аумағын абаттандыру және археологиялық саябақ жобасының ЮНЕСКО-ның қорғауындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне әсерін бағалау жобасын жүзеге асыру жолдары қаралды. Сонымен қатар жоспарланған жұмыстарды ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетімен келісу қажеттілігі айтылды. Сарапшылар қазіргі таңда осы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Зұлпыхар Сансызбайұлы халықаралық сарапшыларға атқарған жұмыстары мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін қатаң сақтайтынын және осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізетінін жеткізді. Айта кетейік, Қожа Ахмет…