Автор: ais_media

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Мемлекет басшысы: Словения – Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды серіктесі әрі екі елдің қарым-қатынасы достық және өзара сыйластық рухында нығайып келеді. Оның айқын дәлелі – былтыр Любляна қаласында Қазақстан Елшілігінің ашылуы. Біз бүгін құрметті Президент Пирц-Мусар ханыммен мазмұнды әрі жемісті келіссөз жүргіздік. Қазақ-словен ынтымақтастығының аясын кеңейту жолын талқыладық. Нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Сондай-ақ бүгін бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық келісім жасалды. Соның ішінде денсаулық сақтау, туризм, білім беру салаларына қатысты маңызды құжаттар бар. Бұл келісімдерді тиімді іске асыру арқылы екі елдің ынтымақтастығын жандандыра түсеміз деп сенемін. Қазір біз фармацевтика,…

Read More

Биыл Түркістан облысында 896 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 мың гектарға артық. Аталған алқаптарды ағын сумен қамту мәселесі облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға осы саладағы жұмысты жандандырып, диқандарға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берді. – Облысымыз үшін ауыл шаруашылығының маңызы өте жоғары. Ағын су беру маусымында судың жоспарланған лимитінің толық әрі мерзімінде берілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Облыс аумағындағы ағын су нысандарының қазіргі жағдайына тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіңіздер. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында су үнемдеу технологияларын енгізген жөн. Ағын судан тапшылық болмауы үшін міндеттеріңізді сапалы атқарыңыздар, – деді…

Read More

Рухани шаһарда орналасқан «Теннис орталығында» үлкен теннистен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында «ATF 14&Under Turkestan G2» халықаралық турнирінің жалауы көтерілді. Түркістан қаласында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан теннистен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы «ATF 14&Under Turkestan» халықаралық турниріне Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан құрамаларымен қатар еліміздің барлық аймақтарынан іріктелген 64 спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтауда. Нақтырақ айтсақ 32 ұл мен 32 қыз жарыс жолына шығып, өз бақтарын сынап көреді. Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсіміне облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова, «Конгресс-холл» көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан, «Түркістан теннис клубының» басшысы Алмас Таушаев қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Айта…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, оның сапары Қазақстан-Словения серіктестігін тереңдетуге септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты. – Словениямен тығыз ынтымақтастық құруға ниеттіміз. Бұл – анық. Президент ретінде өзара мүддемізге сай келетін барлық саладағы байланысты нығайтуға күш-жігерімді саламын. Біз Словенияны Қазақстанның Балқан түбегіндегі негізгі және өте маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Сіздің елдің бизнес өкілдеріне және үкіметіңізге бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз, – деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, Словенияның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициясының көлемі 200 миллион долларға жуықтады. Еліміздегі фармацевтика, машина жасау, телекоммуникация және жаңартылатын энергия көздері салаларында Словения…

Read More

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жас өнертапқыштар робототехника саласындағы ең ірі жарыстардың бірінде бас қосты. Robopark ЛИГА X додасына Актөбе, Алматы, Сарыағаш, Кентау, Тараз, Астана, Қызылорда, Өскемен қалаларынан келген 110 команда қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Жарыс үш категория бойынша өтті. Robo Kids (6-10 жас) санатында 30 команда алғашқы роботтарын құрастырып, техникалық білімдерін көрсетсе, Robo Junior (10-16 жас) санатындағы 20 команда шығармашылық ойлау мен инженерлік шеберлікті ұштастырып, өз жобаларын таныстырды. Ал Биатлон (10-16 жас) санатындағы 10 команда спорттық жылдамдық пен логикалық ойлауды қажет ететін ерекше сайыста бақ сынады. Байқаудың әділ әрі жоғары деңгейде өтуін халықаралық сарапшылар мен тәжірибелі төрешілер қадағалайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың…

Read More

Түркістан облысында елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында 75 000 дана маусымдық гүл мен 6000 дана көп жылдық раушан гүлі отырғызылды. Гүл отырғызу жұмыстары ауданның негізгі көшелері мен демалыс орындарында жүргізілді. Түрлі түсті гүлдер көшелерге ерекше сән беріп, аудан халқына көтеріңкі көңіл күй сыйлауда. Маусымдық гүлдер қатарында шафран, катарантус, бегония сынды әсем өсімдіктер бар. Олар қаланың эстетикалық көрінісін жақсартып қана қоймай, экологиялық ахуалға да оң әсерін тигізеді. Жауапты мекеме қызметкерлері егілген гүлдердің ұзақ уақыт бойы жайқалып тұруы үшін күтіп-баптау, суару жұмыстарын тұрақты түрде жүргізетін болады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Read More

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты Бадам-1, Бадам-2 тұрғын алаптарының халқы Наурыз мерекесін қасиетті Ораза айтпен бірге атап өтті. Көктем мен жаңару мейрамы ауыл сыртында, қазақы дәстүрге сай ұйымдастырылып, ұлттық рухқа толы ерекше шара болды. Мерекеге 6 мыңнан астам адам жиналып, 30-ға жуық киіз үй тігілді. Тұрғындар ғана емес, қала қонақтары, ауылдың үлкендері мен аудан билігі де осы думанды тойға ортақтасып, салтанатты жиынға куә болды. Шараны ұйымдастырған – ауылдың 1991-1992 жылы туған жастары. Бұл бастама ауылдастардың ынтымағы мен ауызбіршілігін айшықтап, қазақы дәстүрдің жаңғыруына үлес қосты. Мерекелік шарада Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол сөз сөйлеп, Наурыз – тек табиғаттың ғана…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейіне барды. Мәртебелі меймандарға Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Музей коллекциясында суретшінің шеберлігі шыңдалған негізгі кезеңдерді айшықтайтын 450-ге жуық туындысы мен графикалық кескіндемесі сақтаулы тұр. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары өзбек бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, ұлты қазақ суретшісі Орал Таңсықбаевтың шығармашылығына арналған ретроспективалық көрмені аралап көрді. Көрмеге И.В. Савицкий атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік өнер музейінен, Орал Таңсықбаевтың музей-үйінен, Өзбекстан мемлекеттік өнер музейінен және Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінен 76 жұмыс қойылған. Президенттер қылқалам шеберінің ерекше қолтаңбасы мен ұлттық бейнелеу өнеріне үлес қосқан шығармашылық мұрасымен танысты.…

Read More

Жасанды интеллектінің дамуына арналған көрмеде мемлекеттер басшылары GovTech, Fintech, BigTech, Smart City бағыттарындағы озық шешімдермен танысты. Сонымен қатар IT-компаниялардың жетістіктері, инновациялық және білім беру жобалары қойылған арнаулы аймақты аралап көрді. Өзбекстан Президентіне Аlemai халықаралық жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл орталық мыңдаған маманның жасанды интеллект саласы бойынша білім алуына және стартаптарды іске қосуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевке Ұлттық жасанды интеллект платформасы таныстырылды. Оның көмегімен мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыруға болады. Сонымен қатар президенттерге ұлттық экономикадағы ЖИ әлеуетін арттыруды және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауды көздейтін AI-Sana білім беру бағдарламасы…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманның Алматыға сапармен келгеніне ризашылық білдіріп, мұндай бейресми кездесулер жақсы дәстүрге айналғанын айтты. – Бұл – бауырлас, достас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмысты іскерлік сипатта тағы бір талқылауға орайлы сәт. Біз – одақтас елдерміз. Екі ел арасындағы ықпалдастық тұтас Орталық Азия өңіріндегі жағдайға тікелей әсер етеді, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы бауырлас халықтарды жақындастыруға, аймақтың орнықты және қауіпсіз дамуындағы ортақ мақсаттарды ілгерілетуге Шавкат Мирзиёевтің зор үлес қосқанын атап өтті. Өзбекстан Президенті екіжақты байланыстарды нығайтуды көздейтін бүгінгі кездесудің маңызына тоқталды – Мені өзіңіздің туған жеріңіз, атап айтқанда, Алматы қаласында достық пейілмен, екі халықтың дәстүріне…

Read More