Автор: ais_media

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен алдағы оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен бөлу бойынша мәжіліс өтті. Сонымен бірге «Жұмысшы мамандықтар жылын» мазмұнды әрі жастарға пайдалы іс-шаралармен қамту мәселесі де талқыланды. Оған жауапты басқарма өкілдері мен мекеме басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру саласын трансформациялау қажет екенін айтты. Осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек. Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының қолдауымен білім саласын дамыту жұмыстары жандануда. Мемлекет…

Read More

Түркістан облысында кәсіпорындар саны артып келеді. Өндірісті индустрияландыруда кәсіпорындарға жартылай және толық автоматтандырылған робототехникалар ендірілуде. Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округінде толық автоматтандырылған қыш зауытының құрылысы жүргізілуде. Жобаны«КАРЬЕР ТАБЫС» ЖШС іске асыруда. Жалпы құны 3,3 млрд. теңгені құрайтын жоба іске қосылғанда, 60 жұмыс орнын ашылмақ. Кәсіпорынға жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу жоспарлануда. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 85 000 текше метр саз топырақты өңдеп, күйген қыш өндіріуге жетеді. Өнідіріс орнында шетелдік заманауи технологиялар орнатылады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Read More

Алматы қаласы әкімдігінде Ерболат Досаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Арман Рахимов қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша: Техникалық және авторлық қадағалау мердігерлерінің жауапкершілігін күшейту бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсыныс жолданды; Комплаенс-қызметтер үшін маман даярлау бағдарламасын әзірлеу басталды; Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру жұмыстары жалғасады; Мемлекеттік қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту шаралары күшейтіледі. Жиынға қатысушылар алдын алу шараларының маңыздылығын және мемлекеттік қызмет көрсету барысында ашықтықты арттыру қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі қала билігінің басты назарында қала береді.

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен тұрғындарды баспанамен қамту, өңірде тұрғын үйлер салу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімі жауапты басшыларға тұрғын үй құрылысы саласын тиянақты зерделеп, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды. – Құрылыс басқармасында тұрғын үй саясатына қатысты нақты сараптама болуы керек. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сол арқылы жоспар жасалады. Баспанамен қамту – өте өзекті мәселе. Аудан, қала әкімдерінің осы бағыттағы көрсеткіштерін саралап, тиісті ұсыныстар беріңіздер. Үй салатын аймақты инфрақұрылыммен қамту, құрылысты қаржыландыруға қатысты шаралар да зерттеліп, тұрғын үйлердің құрылысы уақтылы әрі сапалы жүргізілуі тиіс, – деді Нұралхан Көшеров. Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұлдың айтуынша, 2018-2024 жылдар аралығында кезекте…

Read More

Түркістан облысындағы 3 кәсіби театрда 2024 жылы 436 спектакль қойылып, 60 мыңнан астам көрермен қойылымдарға куә болған. Сондай-ақ, 18 жаңа шығарма театрсүйер қауым назарына ұсынылған. Өңірде өзіндік өрнегін қалыптастырып үлгерген ұжымдар өткен жылы түрлі жетістіктерге жетіп, бірқатар белестерді бағындырған. Мәселен, Түркістан музыкалық драма театрының «Келіндер көтерілісі» қойылымы «Kazakhstan Ticketon Awards-2024» байқауында «Жылдың ең үздік аймақтық қойылымы» номинациясына ие болды. Ал, Р. Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды драма театры Көкшетау қаласында өткен С.Жүнісовтың 90 жылдық мерейтойы аясында «Сәлем» ІІ Халықаралық комедиялық фестиваліне қатысып, арнайы жүлдемен марапатталды. Сондай-ақ, Түркістан музыкалық драма театрының «ФАРИЗА» қойылымы «ТЕАТР ALL» ІІІ Халықаралық театр фестивалінде үздік атанды.…

Read More

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде еліміздің грек-рим күресінің балуандары 1 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама сапында жерлесіміз Әлімхан Сыздықов аса ауыр салмақта күміс жүлдегер атанды. Ә.Сыздықов Ирак, Өзбекстан балуандарын жеңіп, финалға шыққан еді. Шешуші сәтте Иран елінің өкіліне ұпай санымен есе жіберді. Осылайша шымкенттік балуан Азия чемпионатында кезекті рет күміс жүлдені еншіледі. Бұған дейін грек-рим күресінің балуаны алтын, күміс жүлделерді ел қоржынына салған еді. Сондай-ақ, бүгін жарыстың екінші күнінде Шымкент қаласының спортшылары – Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі), Омар Сатоев (82 келі) және Ильяс Гучигов (97 келі) бозкілемге…

Read More

Биыл Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін еліміз 10 күн бойына тойлағаны белгілі. Наурызнаманың қорытынды күні, яғни, 23 наурыз — Тазару күні деп жарияланды. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтіп жатыр. Тазару күніне орай өткен жалпыұлттық экологиялық акциядан Шымкент қаласы да тыс қалған жоқ. Жаңадан бой көтеріп келе жатқан Шымкент-Сити шағынауданында «Бір тал кессең, он тал ек» деген акция ұйымдастырылып, аудан тұрғындары 2600-ден астам түп шынар ағаш көшеттерін отырғызды. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген қағиданы басшылыққа алған топтың қатарында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, еңбек ардагерлері, еріктілер мен белсенді жастар, барлығы 200-ден астам адам бар. —Халқымыз ежелден…

Read More

В этом году Наурыз — великий всенародный праздник — отмечался в стране в течение 10 дней. Заключительный день Наурызнама — 23 марта, был объявлен Днём очищения (Тазару күні). В этот день во всех регионах Казахстана проходит общенациональная экологическая акция. Город Шымкент тоже не остался в стороне от масштабной экологической акции, приуроченной к Дню очищения. В новом развивающемся районе Шымкент-Сити была организована акция «Срубишь одно дерево — посади десять», в ходе которой жители высадили более 2600 саженцев деревьев чинар. Поддержав принцип «Пусть лучше от предков останется дерево, чем скот», в мероприятии приняли участие более 200 человек: горожане, общественные деятели, ветераны труда,…

Read More

Түркістан қаласында «Конгресс холл» кешенінде «Alqonyr» фольклорлық ансамблінің Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз сазы» атты алғашқы концерті өтті. Концертте ұлттық музыкамыздың жауһары саналатын шығармалар, халық әндері орындалды. Ансамбльге «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Еркін Нұрымбетов дирижерлік етті. Сонымен қатар Қырғызстанның «Акак» комузшылар ансамблінің солисі Курманбек Жалил уулы ансамбльмен бірге өнер көрсетті. Бұл кеште кешеннің «Jana lep» шығармашылық ұжымы мен «Samgau» би ансамбліде өнер көрсетіп, жеке ән орындауда Айдос Иманжаппаров, Мейірімхан Назархан, Асыл Жомарт пен Жанәділ Ақерке елдің зор ықыласына бөленді. Кештің көркемдік жетекшісі Мерей Маханов болса, музыкалық жетекші Венера Жұбайқызы. Ал топ меңгерушісі Кенжебек Пірмахан.…

Read More

Түркістан қаласында Қытайдың «Хубэй» халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығының (Hubei International Enterprise Cooperation Association) өңірлік өкілдігі ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, қауымдастық басшылығынан Хуан Лися және бірқатар бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Бұл жоба аймақтар арасындағы байланысты нығайтып, экономиканы дамытуға, сонымен қоса, тәжірибе алмасу арқылы бірлескен маңызды жобаларды жүзеге асыруға көмектесетін мүмкіндіктер алаңы болары сөзсіз. Аталған өкілдіктің негізгі мақсаты – Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті дамыту. Сондай-ақ кәсіпкерлерге екі өңір нарығына шығуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және өндірістік кооперацияны кеңейтуге мүмкіндік береді. Өңірлік өкілдіктің негізі бағыттарына инвестиция тарту, сауда байланыстарын дамыту, өнеркәсіп саласы, ауыл шаруашылығы, логистика,…

Read More