Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында 101 жастағы майдангер отставкадағы полковник Қамбар Сәрсеновтің шаңырағына барып, ардагерді мерейлі мерекесімен құттықтады. Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің командирі полковник Мақсат Баймағұлов бастаған ұландықтар және Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы майор Берік Алмағамбетов Қамбар Сәрсеновтің шаңырағына арнайы барып, еселі еңбегі мен ғибратты ғұмырын айрықша атап, ардагерді биыл аталып өтетін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Кездесу барысында соғыс ардагері Қамбар Әмірұлына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының және Ардагерлер кеңесінің атынан Алғыс хат пен сый-сияпат табыстады. — Бүгін біз Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсенов…
Автор: ais_media
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілген болатын. Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ, оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған. Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері – оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету, кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру, оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру. Шымкент қаласында қазіргі уақытта 300 педагог-кәсіптік бағдар беруші 7-сыныптан бастап оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға көмектесуде. Сонымен қатар, 40 (мемлекеттік — 12, жекеменшік-28) колледжде кәсіби бағдар берумен арнайы…
Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабында орналасқан Наурыз саябағында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «30 қайырымды іс» акциясы аясында ауқымды қайырымдылық іс-шарасы өтті. Іс-шараны Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ мен қалалық өзбек этномәдени бірлестігі бірлесе ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – инклюзивті балаларға, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Осыған орай дастархан жайылып, балалар үшін қызықты ойындар ұйымдастырылып, әрі сыйлықтар табысталды. Іс-шараға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы, қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева, Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов, «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Кеңесұлы, филиалдың атқарушы…
Түлкібас ауданынан қаламы қарымды көптеген ақын-жазушы түлеп ұшқан. Солардың ішінде шоқтығы биік, өзіндік ізі бар ақындардың бірі – Алпыспай Боранбайұлы биыл 75 жас мерейтойын тойлап отыр. Осы орайда, бүгін қазақ сатирасының сарбазы, ауданның құрметті азаматы Алпыспай Боранбайұлының мерейтойына орай аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен «Алпыспабайдың алпыс әзілі» атты облыстық әзілкештер байқауы өтті. Ісшараға аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев, зиялы қауым өкілдері, аудан қонақтары мен тұрғындары қатысты. Құттықтау сөзбен байқаудың шымылдығын ашқан аудан Түлкібастың киелі топырағында туып, ауылдан алыстамай-ақ, қаламын серік етіп, ауданның атын күллі Алаш жұртшылығына таныта білген жерлес ақынды мерейтойымен құттықтап, дәстүрге сай шапан жауып, қошемет…
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты. Қазақстан Президенті өзара құрметке негізделген берік саяси-дипломатиялық байланыс орнағанын және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Қазақстан – аймақтағы экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан ірі елдердің санатында: 2024 жылы экономикалық өсім 4,8 пайыз деңгейінде болды. ІЖӨ 288 млрд долларға жетті. Еліміз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыра отырып, осы даму көрсеткішін сақтауға ниетті. Қазақстан Еуразиядағы жетекші сауда әрі логистика хабына айналуға ұмтылады: Еліміздің аумағы арқылы өтетін жүк тасымалының көлемі 514 млрд тонна-шақырымға жетті. Еуропа мен Қытай арасындағы құрлықтық алыс-берістің 90 пайызын қамтамасыз етуде. Ақтау және Құрық порттары арқылы жөнелтілетін жүк көлемі…
Бүгін Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан Политехникалық колледжінде «Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ мен Қазақстан Халқы Ассамблеясы «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырған бұл шараның басты мақсаты – этносаралық келісімді нығайту, бірлік пен ынтымақты дәріптеу, сондай-ақ жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру. Жиынға бірлестік мүшелері, қоғам белсенділері, жас көшбасшылар, және колледж студенттері мен ұстаздары қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторлығын Шымкент қаласы Политехникалық колледжі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Жангул Садыкова мен «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гауһар Төлепова атқарды. Жиында Ж.А.…
Бүгін Шымкент қаласында белгілі сатирик, халықтың сүйікті қаламгері Көпен Әмірбектің туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Шымкент думан” республикалық әзіл-сықақ фестивалі өз шымылдығын түрді. Бұл фестиваль – күлкі мен сатираны ұштастырып, сатира өнерін жаңа деңгейге көтеруде. Олай дейтініміз, әзіл – қоғамның айнасы, ол арқылы елдің көңіл-күйі, қоғамдағы өзекті мәселелер мен шындықтың боямасыз көрінісі бейнеленіп жатады. Осы орайда, Көпен Әмірбек сатира жанрында өз қолтаңбасын қалдырған дара тұлға. Оның шығармалары халықтың санасына ой салып, өткір тілімен елді күлдіре отырып, ойландыратын терең мағыналы дүниелерден тұрды. Халық арасындағы өзекті мәселелер де Көпен шығармасынан тыс қалмаған. Бүгінгі фестиваль де дәл осы сатира мен юмордың рөлін…
Шымкент – қонақжайлығымен, дәмі тіл үйірер тағамдарымен келген жанды баурап алады. Мұндағы асхананың саналуандығы – ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің, түрлі мәдениеттердің тоғысуының айқын көрінісі. Қазақтың дархан көңілі мен астың берекесі ұштасқан бұл қалада әр тағамның өзіндік тарихы, әр дәмнің өзіндік сыры бар. Бүгін әл-Фараби алаңында өткен мерекелік шарада осы бір бай мұра тағы бір мәрте айшықталды. Бармағынан бал тамған аспаздар өз өнерлерін ортаға салып, дәмді асты көпшілікке ұсынды. Бұл іс шара көпшіліктің көңілінен шыққан асыға күтетін, нағыз той-думан. 2022 және 2023 жылдары үлкен табысқа жеткен «ДәмДәсTour» фестивалі биыл да өз жалғасын тауып, қалада гастрономиялық мереке ретінде өтті. Бүгін фестивальға 50-ден…
Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жаңа туристік нысан – «Қолөнершілер қалашығы» бой көтеруде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшылары мен қолөнер саласының өкілдерімен кездесіп, аталған орталықты дамыту, жұмысын үйлестіру бойынша кеңес өткізді. Өңір басшысы «Қолөнершілер қалашығы» заман талабына сай болып, мәдениетті, қолөнерді және туризмді дамытуға серпін беруі тиіс екенін жеткізді. – Биыл жаңа заң қабылданып, Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Ол заңда қолөнер саласын дамыту міндеті де жүктелген. Бұл ретте тарихи шаһардың әлеуеті жоғары екенін білеміз. «Қолөнершілер қалашығын» дамытып, жұмысын жүйелі түрде үйлестіру керек. Бұл жоба туризмді, қолөнерді дамытып қана қоймай, өзін-өзі қамтитын, кірісті ұлғайтатын деңгейге көтерілуі қажет. Жан-жақты ойластырып, жұмысты…
Түркістан облысында туризм саласын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған іс-шара жоспары әзірленді. Аталған бағыттағы жұмыстар мен жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде арнайы қаралды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аймақтың туристік мүмкіндігі толық қолданылмай тұрғанын айтып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді. – Туризм саласы бойынша бекітілген идикаторлар орындалуы тиіс. Жұмысты ширатыңыздар. Облыстағы туристік нысандарды ретке келтіруді, туризм саласын дамыту мақсатында нақты қадамдық іс-шаралар жоспарын тез арада бекітуді тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров. Облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуовтің айтуынша, 2029 жылға дейін аймақтағы туристер санын 1 млн. адамға жеткізу межеленген. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында облысқа келуші туристердің әртүрлі категориялары бойынша нақты…