Автор: ais_media

Наурызнаманың төртінші күні Түлкібас аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Автормен кітап оқу» іс-шарасы өтті. Кеш қонағы – жергілікті жазушы Шынарбек Үсіпбайұлы оқырмандармен кездесу өткізіп, шығармашылығы жайлы сыр шертті. Жазушы еңбек жолы мен туындылары туралы, әдебиеттегі шығармашылық жайыі туралы ой бөлісіп «Жазушыға ең бастысы – шабыт пен жүрек тыныштығы. Құдайдан берілген талант шабытпен үйлескенде ғана жақсы шығарма туады» деп атап өтті. Кеш барысында қатысушылар автордың «Жұмбақ із», «Өмір дәмі», «Найзагер», «Дара тұлға» секілді кітаптарындағы кейіпкерлер мен оқиғалардың шынайы өмірден алынған прототиптері жайлы сұрап, пікір алмасты. Сондай-ақ автордың шығармалары мен фотосуреттерінен құралған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңында жазушы мен кітапханашылар музей ішін аралап,…

Read More

Бүгін «Ұлы дала елі» орталығында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай арнайы көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме қазақтың ұлттық киімдерінің алуан түрлілігін, олардың тарихы мен мәдени маңызын насихаттауға бағытталған. Көрмеде қазақтың дәстүрлі киім үлгілері, соның ішінде шапан, сәукеле, кимешек сияқты ұлттық киімдер ұсынылды. Әрбір киімнің өзіндік мәні мен ерекшелігі бар, олардың жасалу әдістері мен қолданылу дәстүрі келушілерге кеңінен таныстырылды. Іс-шара барысында келуішілерге ұлттық киім үлгілерінің аймақтық ерекшеліктері көрсетіліп, олардың әшекейлену ерекшеліктері мен символдық мағынасы туралы ақпарат берілді. Көрме қонақтары қазақтың ұлттық киімдерін киіп, арнайы фотоаймақта суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге ұлттық қолөнер шеберлерінің жұмыстары таныстырылып, олардың жасаған бұйымдары…

Read More

Бүгін Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып бекітілген. Осыған орай, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлттық салт-дәстүрлер насихатталды. Музейдің кіші ғылыми қызметкері №144 орта мектебінің оқушыларына «Көктем шуағы: Наурыздың тарихы мен дәстүрлері» тақырыбында танымдық лекция өткізді. Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы баяндалып, Наурыз мерекесінің тарихи маңызы түсіндірілді. Айта кетейік, онкүндік аясында облыстық музей мен оған қарасты филиалдарда іс-шаралар жоспарланып, күнделікті аталып өтуде. Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды. Облыс әкімі өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын, әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді. – Облысымызда индустриалды аймақтар мен өндірістік парк бар. Жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіледі. Француз кәсіпкерлерін бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз, – деді Нұралхан Көшеров. Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, табиғи ресурстары, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларындағы мүмкіндіктері де сөз болды. Әкім аймақтың агроөнеркәсіп кешені мен өндіріс саласында француз инвесторлары үшін зор мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Франция елшісі жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп,…

Read More

«Наурызнама» онкүндігінің жоспарына сәйкес, «Қайырымдылық күні» игі істер марафоны аясында Шардара ауданындағы аз қамтылған 60 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Шара — ауданның 60 жылдығына орай өңір басшысының бастамасымен ұйымдастырылған. Қайырымдылық шарасына әлеуметтік сала мамандары мен аудандық орталық мешіт өкілдері атсалысқан. Іс-шара көпбалалы отбасыларға ерекше көңіл бөліп, көмек көрсетуге бағытталған. Игі шара аясында көмек көрсетілген отбасылар ризашылықтарын айтып, ізгі ниеттерін білдірді. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Read More

17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Бұл күні халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады. Барлық іс-шалар мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады. Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі — салт-дәстүрі. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрге ерекше қарап, әрбірін керек жерінде орындап, сақтап отырған. Халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, наным-сенімі мен ұлттық ұстанымын насихаттау ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тәрбиенің бастамасына айналды. Сондықтан, ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуға тиіс. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. #nauryznama2025

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады. – Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында. фото: sportnews.kz

Read More

2025 жылдың 13-17 наурызы аралығында Шымкент қаласындағы «Металлург» спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан Жақсығұл мерген атындағы Азия кубогі өтіп жатыр. Жарысты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, «Sadaq Aty» республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы және Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған. Кубокқа Қазақстан ұлттық құрамасы мен еліміздің 20 өңірінен келген спортшылар, сондай-ақ 10 шет мемлекеттен (Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Үндістан, Түрікменстан, Малайзия) 150-ге жуық мерген қатысып жатыр. Жарысқа 18 жастан асқан ерлер мен…

Read More

Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени концерттік бағдарламалар көпшілік назарына ұсынылды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков көпшілікпен бірге мерекелік бағдарламаларды тамашалады. Ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртқан мерекеде қала тұрғындары мен қонақтары салттық дәстүрлер көрінісі, ат әбзелдері мен зергерлер, ұлттық сусындар алаңы, ұлттық киіз үйлер орталығы, түрлі ұлттық ойындар алаңы және тағы басқа іс-шараларға куә болды. Қазақтың дәстүрі мен мәдениетін дәріптейтін «Қошқар ата сейілі» мерекесі қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Read More

Наурыз мейрамы қарсаңында Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз күні елімізде Отбасы күні тойланады. Осы датаға орай Астанада жас жұбайлардың салтанатты неке қию рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Елімізде ұзақ жылдар бірге өмір сүрген ерлі-зайыптыларға ерекше құрмет көрсетіліп келеді: отбасылық өмірдің 50 жылдығы «Алтын шаңырақ», 25 жылдығы «Күміс кереге» деп аталады. «Астана жастары» өз кезегінде елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп, салтанатты шара ұйымдастырып, жас жұбайлар неке қию рәсіміне қатысты. Олардың қатарында екі ай бұрын шаңырақ көтерген Елдар Ерсенұлы мен Альбина Наурызбай да болды. «Мұндай ерекше шақыруға алғаш рет қатысып отырмыз. Ұйымдастырушыларға ұмытылмастай етіп жасағаны үшін алғыс айтқым…

Read More