Автор: ais_media

Облыстық «Өнерлі өлке» өнер фестивалі аясында Түлкібас ауданының мәдени күндері өтіп жатыр. Түркістан қаласындағы Этноауылда ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында асық ату, бес асық, гір тасын көтеру, нысана дәлдеу, қазақша күрес, қол күрестен көрермендер мен спорт мектебінің мамандары арасында жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс соңында ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға диплом мен естелік сыйлықтар тарту етілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Read More

Кентау қаласында мемлекеттік қолдаумен қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашқандар қатары жыл сайын көбейіп келеді. Сондай жанның бірі шаһар тұрғыны, көпбалалы әке — Бақыт Ибраев. Ол биыл өзі ұсынған бизнес-жоспарын ойдағыдай қорғап, грант жеңіп алған. Оған ол шұжық дайындайтын қажетті құрылғыларды сатып алған. «Жаңа кәсіпті бастап, бүгінде алға өрлеп келе жатқанына қуанамын. Мемлекет тарапынан қолдау тауып, ісімді дөңгелетуде үлкен септігі тиді. Сұраныс та артып келеді. Болашақта химиялық қоспалары жоқ, нағыз еттен жасалатын шұжықтың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмын» -дейді кәсіпкер. Кәсіпкер күніне 20-30 данаға дейін таза қара малдың етінен шұжық жасап шығаруда. Қазіргі таңда қала және қалаға қарасты ауыл дүкендеріне ұсынады.…

Read More

Кентаулық көпбалалы ана Дияра Рүстемова «Детокс бар ашу» жобасын жүзеге асырған. Ол мемлекеттен берілген грантқа қажетті құрылғыларын сатып алып, айына табиғи таза шырынның 4000-ға жуық данасын дайындайды. Бүгінде кәсіпкер шырындарын кептірілген өрік, алма, каркаде, лимон және жалбыздан қайнатады. Өнімдерін қала дүкендері мен тапсырыс берушілерге жеткізіп отыр. Кәсіпкер бүгінде сусын ыдыстарын Қытайдан алдыртады. Ал, жеміс-жидектердің басым бөлігі өз ауласындағы бақшадан алынады. Ол алдағы уақытта кәсібін ұлғайтып, үлкен цех салуды көздеп отыр. Одан бөлек, қосымша құрылғылар мен сусын ыдысын дайындап шығаратын аппаратты сатып алу жоспарында бар.

Read More

Түркістан облысында мақта сапасын арттыру мақсатында биыл жаңа тәсілмен 2,5 мың гектар алқапқа мақта егілді. Шетелдік тәжірибе негізінде қолға алынған жаңа су үнемдеу технологиясы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Шаруалардың айтуынша, алғашқы нәтижесі таңқаларлық жетістік беріп отыр. Жаңа су үнемдеу технологиялары суды, электр қуатын, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарынан 60-65 центнерден өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары. Қазақстандық мақта талшығы сапасының төмендігінен әлемдік нарықта сұраныс болмауда. Жаңа технологияны ендіру есебінен өнімділікпен қатар, мақта талшығының бәсекелестік әлеуеті ұлғаяды. Жалпы өңірде мақта шаруашылығын дамыту бойынша бірнеше мақта – тоқыма кластері құрылады. Жобаны толық іске асыру…

Read More

Түркістан облысы, Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешені салынып жатыр. Аумағы 500 гектардан асатын кешенде жылына 240 мың тонна көкөніс өсірілмек. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауқымды жобаны жүзеге асырып жатқан жатқан «Эко-культура» холдингінің президенті Александр Рудаков бастаған инвесторлармен агро саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазір Келес ауданында 51 гектар жерде жобаның алғашқы кезеңі жүзеге асып жатыр. Ол келер жылы іске қосылады. 7 мың адам жұмыспен қамтылады. Инвестиция көлемі – 524 млрд. теңге. Келер жылдың басынан бастап жылыжайлар іске қосыла бастайды. Жыл соңында құрылысы толық аяқталып, ауқымды жұмыстар жүзеге асырылады. Кездесуде тараптар бірқатар бірлескен жобалаларды талқылады. Облыс әкімі инвесторларға ауыл…

Read More

Облыс әкімінің қолдауымен инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Түркістан облысының Сауран ауданында «Өндірістік парк» құрылысы жүргізілуде. Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және жалпы көлемі 66 мың мың ш.м. құрайтын парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған. Жалпы Өндірістік парктің құны 13 млрд. теңгені құрайды және оның құрылысы аяқталғанда 1 теңге бюджеттік қаржыға шамамен 7,5 теңге жеке инвестиция тартылуы күтілуде. Қосымша 70 га жер телімі анықталып, ұлғайту жоспарлануда. Маңызды жоба Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауымен жүзеге асуда. Өңір басшысы құрылыс барысын бақылап, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Өндірістік парктер аумағында әкімшілік ғимаратын салу да жоспарда бар. Ғимаратта парк қатысушылары өндірген өнімдерінің…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Түркістанда салынып жатқан «Достық үйі» ғимараты ашылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшыларды құрылыс алаңына жинап, бірқатар тапсырмалар берді. Нысанның құрылысы аяқталып келеді. Облыс әкімі нысанның сапасы мен сәні үйлесім тауып, уақтылы берілуі керек екенін ескертті. Мердігерге нақты тапсырмалар берді. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа үлгідегі «Достық үйі» ғимаратының жалпы алаңы – 3912,29 шаршы метр. Этносаралық татулықтың ұйытқысына айналатын жаңа ғимараттың құрылысы биыл күзде толық аяқталады деп жоспарланған. Жоба бойынша 150 орындық ғимарат төрт қабаттан тұрады және құрамында мәжіліс залы, этнос өкілдерінің орталықтары орналасады. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне байланысты тақырыптық ішкі әрлеу…

Read More

Түркістан облысында ауыл шаруашылық өнеркәсіп салаларын несиелендіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы өнеркәсіптік парк аймағын аралап қайтты. Ол «БНК Агро» сүт-тауарлы фермасының құрылыс барысымен танысты. Түркістан облысында құрылысы жүріп жатқан бұл ферма күніне 10 тонна сүт өткізуді жоспарлап отыр. Бұл тек биылғы меже. Ал келер жылдан бастап бұл көрсеткіш күніне 20 тоннаға жетпек. «БНК Агро» сүт-тауарлы фермасының жалпы қуаттылығы 1200 бас. Қазіргі таңда мұнда 400-ден астам бас ірі қара Дания елінен әкелінген. Жалпы құрылысқа 3,3 млрд. теңге жұмсалмақ. Оның ішінде 1,5 млрд. теңге СПК тарапынан қаржыландырып жатса, 1,8 млрд. теңге жеке инвестор қаражаты. Түркістан облысында…

Read More

Шардара ауданы, Жаушықұм ауылында орналасқан «ИІРЖАРАГРО»ЖШС шаруақожалығы тамшылатып суғару әдісімен 370 гектар жерге күнбағыс өнімін егіп, бүгінде жиын-терімді бастаған. Бүгінде «ИІРЖАРАГРО» ЖШС шаруақожалығы Түркиялық инвесторлармен бірге 500 гектар егістік алқабын игеріп отыр. Биыл 370 гектарына күнбағыс егіп, оны тамшылатып суғару әдісімен өсірген. Бұдан бөлек шаруақожалық басшылығы 100 гектардан астам аумаққа картоп егуді жоспарлап отыр. Онда 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, жұмыс ауқымына байланысты 20-30 адамға қосымша жұмыс беріп отыр. Сондай-ақ 23 ауылшаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Диқандар күнбағыс өнімін іші экспорт нарығынан бастап, ҚХР, Түркия, Әзірбайжан шет мемлекерге де экспорттауды жоспарлайды. «Алдағы уақытта мемлекет қолдауымен шаруақожалықты дамытып, зауыт ашуға да ниеттіміз. Бұл…

Read More

Түркістан облысында гектарлап алма бақ егіп, жеміс-жидек бағытына бетбұрыс жасағандар көбейiп келеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыс бойынша жеміс-жидек ағаштары 17,9 мың гектарға, оның ішінде 5,4 мың гектар қарқынды алма бауы орналастырылған. Өңірде алма, алмұрт, өрік, шие, шабдалы, қара өрік өсіріледі. Бұл елдегі жеміс-жидек ағаштарының 43% құрайды. Дәстүрлі баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынса, қарқынды баулардан 300-350 центнерден өнім жиналды. Қарқынды баулардың негізгі бөлігі Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Сайрам аудандарында орналасқан. Өткен жылы жеміс салу жасындағы жеміс-жидек ағаштарынан 116,9 мың тн (95,8 мың тн алма, 3,6 мың тн алмұрт, 7,4 мың тн сары өрік, 4,2 мың тн шие, 2,4 мың…

Read More