Автор: ais_media

Қазақстанда Орталық Азия жеміс-жидек дақылдарының бірыңғай нарығын құру көзделуде. Қырғызстан Республикасының «Жидек өсірушілер қауымдастығы» ҚБ төрағасы, ауыл шаруашылығының экс-министрі Тілек Тоқтоғазиев Түркістанға іссапармен келді. Қазақстан Республикасында жеміс-жидек шаруашылығын дамыту бойынша қауымдастық өкілі мен Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Негізгі мақсат — Орталық Азияда жеміс-жидек дақылдарының бірыңғай нарығын құру, жидек өсірушілердің өнімдерін сатуға жәрдемдесу, тұқым шаруашылығын дамыту және жаңа технологияларды енгізу. Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев бауырлас елдің шаруаларымен ынтымақтастық шеңберінде бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендігін жеткізді. Қырғызстандық кәсіпкерлер Сарыағаш ауданындағы шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Аширафи Шимбергенов заманауи үлгіде жылу жүйесін қажет етпейтін…

Read More

Түркістан облысының аудан, қалалары Түркістанға қарап бой түзейтінін ескерсек, мұндағы жұмыс сапалы әрі мазмұнды болуы керек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдерінің даму тұжырымдамаларын тыңдауда. 2025-2030 жылдарға арналған «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша» стратегиялық бастамаларды жүзеге асыратын жол картасының негізгі бағыттары мен көрсеткіштері және резервтер, қаланың әлеуметтік экономикалық дамуы туралы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков есеп берді. Түркістанның даму барысы талқыланған мәжілісте Дархан Сатыбалды қала әкіміне инвестиция тарту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктер туралы ақпарат беру, инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыс атқаруды тапсырды. Мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,…

Read More

Әлемнің сүйікті алкогольсіз сусыны Түркістан облысында да шығарылады. Түлкібас ауданындағы RC Сola атауымен алуан түрлі ауыз су және хош иісі бар сусындар шығаратын «Beibarys Bottlers» ЖШС-і биыл іске қосылады деп жоспарлануда. Жаңа зауыт заманауи өндірісте қолданылатын көп сатылы су тазарту жүйесі судың мінсіз сапасына кепілдік береді. Су зауыт аумағында орналасқан тереңдігі 170 метр ұңғымалардан алынады. Итальяндық технологиямен тазартылады. Су сапасына АҚШ және Италияның атақты зертханаларының сапа қорытындысы берілген. Жаңа жобаның жалпы құны – 7 млрд 600 млн теңге. Зауыт соңғы үлгідегі неміс технологиясымен жабдықталуда. ЖШС-інде 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ауданға іссапармен барған Түркістан облысының әкімі Дархан…

Read More

Венгриялық «UBM GROUP» компаниясы Түркістан облысында құрама жем зауытын салу бойынша өткен айда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, арнайы келіссөз жүргізген еді. Нәтижесінде Мажарстанның Алматы қаласындағы Бас консулдығы коммерциялық атташе Ковач Иштван Тибор және «UBM GROUP» компаниясының бас директорының кеңесшісі Доктор Золтан Питер Винм аудандарды аралап, зауыт салуға қолайлы өңірлерді қарастырды. Түркістан облысы аумағында қуаттылығы жылына 100 мың тоннаға жуық, құны 10 млн. еуро болатын заманауи үлгідегі құрама жем зауытын салу жоспарлануда. Бұл – ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Инвесторларға «Turkistan Invest» ЖШС басқарма басшысының орынбасары Руслан Лесбеков Қазығұрт және Ордабасы аудандарындағы индустриалды…

Read More

«Turan» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Қазіргі таңда өрт сөндіру депосы, газ жүйелері, интернет желісінің жұмыстары толығымен аяқталған. Сонымен қатар, 1,3 шақырым жолға асфальт жабындысы төселінді. Жол құрылысы биыл қазан айында пайдалануға беру жоспарланған. Темір жол құрылыс жұмыстары да жүргізіліп, 2,1 шақырымға релістер орнатылды. Су құбырының 8,5 шақырымы тартылып, кәріз жүйесінің 3 шақырымына құбыр тартылды. Аталған нысандардың құрылыс жұмыстары желтоқсан айында толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі. «Turan» арнайы экономикалық аймақтағы инженерлік инфрақұрылымдардың құрылыс жұмыстарын сапалы орындалуы, облыстық құрылыс басқармасының мамандары тарапынан қатаң бақылауға алынған. Құрылысқа жауапты мердігер компаниялар – «СТ Сервис» ЖШС, «Баянды Құрылыс»…

Read More

Сайрам ауданында мал шаруашылығын дамыту бойынша ауқымды шаралар жүзеге аспақ. Ірі мал бордақылау алаңдарын ашу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мақсат – жұмыс орындарын ашу, өндіріс көлемін арттыру. Сондай-ақ заңсыз берілген жерлерге қатысты да нақты шешім шығарылып, ретке келтіріледі. Ветеринария саласындағы жұмыстарды ретке келтіру бойынша бірқатар ұсыныстар қаралуда. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау үшін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды барлық жауапты сала басшыларымен кездесіп, мәселені жан- жақты талқылады. Қазіргі атқарылып жатқан жұмыстардың барысын Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов баяндады. Сайрам ауданы — Түркістан облысындағы ірі аудандардың бірі, халқының тығыздығы жағынан өте үлкен, әрі даму әлеуеті аса жоғары, көпұлтты аймақ. Аудан халқының…

Read More

Отырарлық кәсіпкер Наятулла Бөрібаев қарқынды бау шаруашылығын қолға алған. «Отырар-Құрал» ЖШС жобаға 150 млн. теңге инвестиция құйған. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы шаруаның кәсібімен танысып, салаға арналған мемлекеттік қолдаулармен таныстырды. Бүгінде шаруашылықтың меншігінде 50 гектар жер болса, оның 25 гектарына Түркия елінен әкелінген алма, өрік ағаштарының көшеттері отырғызылған. Қазіргі таңда бауда алманың ред, голден, гала және гренни смит сорттары бар. Сондай-ақ, кәсіпкер шабдалы, қара өрік және өрік көшеттерінен өнім алып жатыр. Алдағы уақытта кәсіпкер өнімдерін шет елдерге де экспорттауды жоспарлап отыр.

Read More

Түркістан өңірінде соңғы бір айдың ішінде Қазығұрт, Сауран, Сарыағаш және Келес ауданында 570 гектарға қосымша 4 индустриалды аймақ құрылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиын барысында индустриалды аймақтарды жобалармен толықтыру жайы талқыланды. Өңір басшысы жауаптыларға бұл бағыттағы күшейтуді тапсырды. – Кәсіпкерлік жағынан және су мәселесі бойынша ауда, қала әкімдері де есебін дайындасын. Өз аумақтарыңыздағы индустриалды аймақтың инфрақұрылым мәселесін де бірлесе отырып, оңтайлы шешу қажет. Жан-жақты ізденіп, өңірдің дамуы үшін ерекше жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырыңыздар, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов жиын барысында баяндама жасап,…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Сарыағаш-Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы темір жол құрылысын жүргізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларының қатысуымен мәжіліс өткізді. Жергілікті әкімдік тарапынан теміржолдың жүретін жері белгіленіп, жерді рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған сәйкес тиісті аудан әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Жұмыстарды ширату бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Түркістан облысында ұзындығы 152 шақырым болатын Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы былтыр қарашада басталды. Оның аясында қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы жаңа өткізу пункті ашылады. Бұл теміржол торабы бойынша жүк ағынын болашақта 20-25 млн тоннаға дейін артуы мүмкін. Маңызды жоба Түркістан облысын республиканың магистральдық теміржол желісіне қосу арқылы…

Read More

Шымкент қаласмында жекеменшік балабақшалар саны күн санап артуда. Өткен жылы қалада 30 балабақша ашылса, биыл тағы 32 балабақша іске қосылатын болады. Бұл жөнінде Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева қаланың жаңа оқу жылына дайындығы жөніндегі брифингте мәлімдеді. Қазірдің өзінде жеке меншік балабақшалар мектепке дейінгі ұйымдардың 88,3 пайызын құрап отыр, яғни, 611 балабақшаның 71-і мемлекеттік, 540-ы жекеменшік. Бұл саладағы жемқорлықты жойып, кезек мәселесін шешу үшін биыл Шымкент қаласы ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобаға қатысатын болады. Сондай-ақ, Нұргүл Ақылбекқызының айтуынша осы жылдан бастап сабақтастықты қаматамасыз ету үшін балабақша жұмысын мектеппен синхрондау күшейтілетін көрінеді. – Әр баланың білім беру траекториясын ойдағыдай дамыту…

Read More