Арыс қаласында тұқымы сирек қошқарлардың облыстық көрме сайысы өтті. Қалалық Орталық Стадионда өткен шараға қой бағып, қошқар баптаған облыс көлемінен үміткерлер 200-ден аса қошқар әкеліп, өзара бақ сынасты. Көрмені арыстық кәсіпкер, Алмаз Шүкірбеков пен қаланың белсенді шаруа қожалықтары ұйымдастырды. Шараның ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қатысып, көрменің маңыздылығына тоқталды. Игі істі ұйымдастырушылар мен мал басын асылдандыру бағытында еңбек етіп жатқан шаруаларға сәттілік тілеп, шын ризашылығын білдірді. «Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мен мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыруда дәстүрлі сала – қой шаруашылығын өркендетудің маңызы ерекше. Ендеше, шаруаларымыздың ісі берекелі болсын», — деді шаһар басшысы.…
Автор: ais_media
Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні атап өтіледі. Бұл күнде сала қызметкерлері марапатталып, жанкүйерлер ерекше ықыласпен тойлайды. Үшінші мегаполистегі спорт тек қаламыздың ғана емес, еліміздің де абыройын әлемдік деңгейді арттыруда. Осы ретте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлының қатысуымен спорт күніне орай өңірдегі спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан сала қызметкерлері мен ардагерлер марапатталды. Сонымен қатар, салтанатты іс-шарада Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Нарымбетов Баһадүр Мәдәліұлы мен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков қатысты. Сәрсен Абайұлы, Шымкент спортының дамуына үлес қосып келе жатқан спортшыларға ризашылығын білдіріп, тілегін арнады. — Сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет…
Шымкент қаласында «Shymkent Hub» өңірлік технопаркінің ашылу салтанаты өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қатысты. Жаңа орталықтың басты мақсаты — технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, стартап-мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ IT-саласын және цифрлық білім беруді қолдау. Ашылу барысында IT-стартаптар, IT-компаниялар, робототехника мектептері және Tech Orda бағдарламасына қатысатын жеке IT-мектептер, сондай-ақ Шымкент қаласының инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. «Shymkent Hub» өз кезегінде «Astana Hub» білім беру және инкубациялық бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған платформа ретінде қызмет атқарады. Бұл орталықта белсенді IT-қоғамдастықтың дамуына ықпал ететін түрлі іс-шаралар өткізіледі. Стартап-жобаларды әзірлеу кезінде қатысушылар кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп,…
Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Келес ауданының мәдени күндері басталды. Екі күнге жоспарланған бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы. Мерекелік шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қоғам қайраткері Әлихан Байменов, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Нұрлан Қоянбаев бастаған өнер адамдары қатысып, тамашалады. Іс-шара Этноауыл кешенінен бастау алды. Алдымен мұнда келушілерге ұлттық сусындар ұсынылды. Қонақтар Келес ауданының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, ұлттық салт-дәстүрлер көрінісін саханалады. Қылқалам шеберлері мен кітап көрмесі жасақталды. Ауданда өндірілетін тауарлар көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар Келес ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы сахналанды.…
Түркістан өңірінде тұрғындар тарапынан түскен өтініштер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініш-тірліктерін тыңдады. Өңір басшысы халықтың өтініштерін мұқият тыңдап, барлық мәселе тек заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті. Тұрғындар талабына қатысты жан-жақты жұмыс жүргізілетінін жеткізді. Қабылдауға келген азаматтардың бәріне заңды-құқықтық тұрғыдан, мәселелерінің шешілуіне бағыт-бағдар берілді. Олардың кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауап алып, көтерген мәселелердің шешу жолдарын білді. Еркін форматта өткен қабылдауда азаматтардың барлығы бұл жолы жеке мәселелерін көтерді. Баспана мәселесін көтеріп келгендер болды. Әлеуметтік көмек сұрағандар бар. Кәсіп ашуға қолдау сұрады. Енді бірі жұмысқа орналастыру жайлы айтып келді. Баспанасының…
Созақ ауданының орталығы Шолаққорғанда 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы ретте аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков нысанның құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігер мекемеге кешенді уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Бүгінде спорт кешенінің шатырына металл құрылымын орнатумен қатар, сылау жұмыстары атқарылуда. Кешеннің оқу-жаттығу базасы барлық талаптарға сай жабдықталатын болады. Сондай-ақ, жаңа нысан түрлі облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қолайлы болмақ. Екі қабаттан тұратын ғимаратта волейбол, баскетбол алаңдарымен қатар, күрес, боксқа арналған зал бар. Одан бөлек, бассейн және футболмен айналысу үшін ашық спорт алаңы болады. Кешен құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Жетісай ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-100 «Мырзакент-Жетісай» автомобиль жолынының 36-69,3 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары Жетісай қаласы, Жылысу, Талапты, Атамекен, Мақташы, Теміржол, Мақталы елді мекендері аралығын қамтиды. Қазіргі таңда мердігер мекеме «APK Stroy Group» ЖШС тарапынан жолдың ескірген асфальт жабынын алу жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжаттамаға сәйкес, тазаланған жол бөлігіне 2 қабат асфальтобетон жабынын салу және ескірген су өткізгіш құбырларды ауыстыру, таңбалау және аяқжол салу жұмыстары қаралған. Нысан 2025 жылға өтпелі.
Түлкібас ауданында Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында көп жылдан бері аймақта өзекті болып келген медицина саласындағы түйіткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Мәселен, соңғы жылдары аудан орталығынан шалғай жатқан Келтемешат, Рысқұл, Ақбиік және Шұқырбұлақ елді мекендерінде заманауи жаңа медициналық емханалар құрылып ел игілігіне берілді. Онда жалпы дәрежелі дәрігер, фельдшер және медбике сынды мамандар халыққа қызмет көрсетіп келеді. Бұдан бөлек обиыл өңірдегі Абайыл, Тастыбұлақ, Мақталы және Шақпақ-баба елді мекендерінде заманауи медициналық нысандардың құрылысы басталған. Соның бірі Абайыл елді мекеніндегі медициналық мекеменің құрылыс алаңына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Мердігер мекемеге нысанды сапалы әрі уақытылы аяқтау тапсырылды.…
Бүгін «Tulip Hall» мәдени орталығында «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбында педагогтердің қалалық дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Білім күні қарсаңындағы маңызды жиынға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков баршаны алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, саланың үздіктерін марапаттады. “Бүгінде цифрлық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану – негізгі талаптардың бірі. Бұл әрбір білім алушының, педагогтың және білім беру ұйымының оқу процесін жетілдіру үшін сөзсіз қажет. Бүгінгі таңда елімізде цифрландыру жүйесі қарқынды дамып келеді. Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, яғни, балабақшаға кезекке қою, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау, педагогтардың аттестациясы, сонымен қатар, цифрлық білім беру платформалары, ақпараттық электрондық журнал және «Қауіпсіз мектеп» автоматтандырылған жүйесі…
Түркістан облысында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік және 6 медициналық пункт қамтылған. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жоба аясында басталған денсаулық нысандарының бүгінгі жай-күні талқыланды. Өңір басшысы жауаптыларға құрылыс барысын қатаң қадағалауды тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеді. – Денсаулық нысандарында жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарын аралап көруді тапсырамын. Туындаған мәселелерді дер кезінде шешіп, құжат жағын ертерек аяқтаңыздар. Өздеріңіз білесіздер, облысымыз тұрғын саны көп өңірлер қатарында. Сондықтан халықтың денсаулығын жақсарту барысында оларға сапалы медициналық қызметтер көрсететін заманауи денсаулық мекемелері аса қажет, – деді облыс…